Қазақ Әдебиетінде қабанбай батырдың КӨркемдік бейнесінің сомдалуы



Дата06.03.2020
өлшемі27,72 Kb.
#59684
Байланысты:
кабанбай

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕ ҚАБАНБАЙ БАТЫРДЫҢ КӨРКЕМДІК БЕЙНЕСІНІҢ СОМДАЛУЫ
Ежелден жауынгерлік рухтан қанаттанған халқымызда аты аңызға айналған батыр бабаларымыздың есімдері көптеп саналады. Әсіресе, қаракерей Қабанбай батырдың атынан қаһармандық ерліктің шынай бейнесі көрініс береді. Ұлан-байтақ қазақ жерін басқыншылық пиғылдағы жау қолынан азат етудегі жанқиярлық ерліктері бүгінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткен аңыздармен жалғасып жатыр. Хан Абылайдың дәуіріндегі қанжығалы Бөгенбай, қаракерей Бөгенбай, шапырашты Нарузыбай, Райымбек, Сұраншы, Өтеген батырлардың ерліктері туралы тарих беттерінде сан түрлі әдеби шығармалар таудан аққан бұлақтай санамызға сарқырай құйылуда.

Дегенмен, осы аттары бүгінге жеткен айтулы батырларымыздың ел тағдырындағы тарихи орны, ерлік жорықтарының мән- маңызы өміршең күйде қала берері анық. Әсіресе, Қабанбай Қожағұлұлының батырға сай сом тұлғасын асқақ ұстап өткен жаратылысы талайды таңдай қақтыратынына шүбә жоқ. Оның бір себебі, батыр бейнесінің қазақ әдебиетінде көркем шығармаларға да арқау болып, есімі елге белгілі қаламгерлеріміздің әдеби шығармаларынан көрініс тапқандығында жатыр.

Қабанбай бейнесінің ауыз әдебиеті үлгілерінде сомдалуында эпикалық жырларда қалыптасқан эпикалық бейне жасаудың көркем тәсілдерімен қоса, тарихи жырлардағы нақтылық пен тарихи деректер аясында көркем шындықты келісті түрде бере білу тәсілдері шеберлікпен қолданыс тапқан.

Қабанбай батыр есімі теңдессіз ерліктің символы ретінде Абылай ханның кеңесшісі Бұқар жыраудың толғауына да тиек болғаны тарихтың таспасынан бізге мәлім. Күллі қазақ даласын жайлап, баласының басына қайғы орнатқан «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» кезінде атқан қонған Қабанбай бабаның тұлғасы қандай болғандығы сол кездегі Бұқар жырау былайша суреттеген:

Уа, сен Қанжығалы Бөгенбай,

Тоқымы кеппес ұры едің,

Түн қатып және жүр едің.

Қабанбайдан бұрын найзаңды

Қай жерде жауға тіредің?!-

деп, турасына көшіп, әділ бағасын береді. Осы жолдардан-ақ Қабанбайдың жағалаған жауға жұртан бұрын шүйлігетін қыран текті, жолбарыс жүректі сом тұлғасын ұтымды деталь арқылы бере білген.

Бұл кезде алып Ертісті еркін жайлап, Сарыарқаның бойын құт санап, одан қалса, жері шұрайлы Жетісу мен Таластың бойын, Сыр-Ананың қойнауын паналап отырған қаймана қазақ та қаракерей Қабанбай батырдың атына қанық болып қана қоймай, халық болып үміт-сенімін қатар оятқан шақ еді. Бұқар жыраудың берген бұл бағасы батыр тұлғасын одан да бетер асқақтатып, елдің ертеңіне ерекше серпін бергені сөзсіз.

Қабанбай дастанының бүгінге жеткен үлгісінен алты нұсқасы  бар екені белгілі болып отыр. Мәселен, ел аузынан жеткен суреттеулерге сүйенсек, батырдың аты аңызға айналған Қубас атпен серттесуі бьылайша сипатталады:


Мен келдім жетпіс сегізге,

Сен келдің отыз сегізге.  

Сенен басқа ат мінсем,

Мінгендей болдым өгізге.   

Сені мініп шапқанда,   

Тартынбай түстім теңізге. 

Ей, Қу басым, Қу басым,

Қабанбай өлді, дегізбе!

Төрт арыстың баласын,

Енді ешкімге жегізбе!

Шаба алмасаң саған серт!

Қарсы келген жауыма,

Қара тамақ найзамды,

Қадамасам маған серт!

Бұл үзіндіден Төлеген батырдың адты қазбен қоштасуы, Қабанбай батырдың Тайбұрылмен серттесуі сынды мифтік мотивте Қабанбай бейнесінің намысты да арынды қылып көрсете білген.

Ұрпақтан ұрпаққа жеткенімен, кейінгі жылдар көлемінде ғана баспасөз бетеріне шыға бастаса да мұның құндылық бастауы қазақтың ауыз әдебиетінен бастау алғаны түсінікті. Дастандағы осы үзіктен қазақы қағидаға сай қашаннан да «Ер қанаты ат» деген мәтелдің мәні тереңде жатқандығын түсінгендейміз.  Халықтық нанымға сүйенсек, Қабанбайдың Қубас аты жау келер шақта кісінеп, елеңдеп жаудың келе жатқанын білдіріп отырғаны туралы аңыздар да аз емес. Қазіргі зерттеулердің нəтижесінде «Қабанбай батыр» жырының 17 нұсқасы белгілі екендігі нақтыланып, эпикалық мұраның поэтикалық болмыс-бітімі сараланғаны белгілі болып, әдеби ортада мойындалып отыр. Батырдың ерлік ісін көрсетуге қатысты жырдың көптеген нұсқасының оқиғалары бір арнаға тоғысып, кейбір кісі есімдеріне байланысты айырмашылықтары болмаса, азан шақырған Ерасыл болғанымен, халық атаған Қабанбай батырдың ерлігіне қойылған ескерткіш деуге әбден лайық болары түсінікті.

Əйгілі батыр Қабанбай батыр туралы әйгілі тарих жылнамашысы Құрманғали Халидидан бастап, сандаған ғалымдардывң зертеу-еңбектері көптеп саналады. Осы тұрғыда ой ізденісіне зер салған зерттеушілердің көбінесе басшылыққа алатыны, деректер мен дəйектер іздейтіні Қабанбай туралы ел айтқан аңыз, өлең, жырлар болатын. Батырдың көзін көрген Бұқар жырау, Ақтанберді, Тəттіқара, Үмбетей жыраулар толғауларында да Қабанбай есімі елдің жоқтаушысы, ерліктің ерен тұлғасы ретінде сипатталады.

Ауыз әдебиетіндегі батыр бейнесінің сомдалу сипаты көркем шындық болып өріліп, жазба әдебиетінде де өзінің заңды жалғасын тапқанына шүбә жоқ. Қабанбай батырдың тарихта қалтын бейнесін жасауда қалыптасқан көркемдік дәстүр мен эпикалық жанр үлгісінен, классикалық диапозондағы жазба әдебиетінде батыр бейнесін жаңа қырынан көрсетіп, жаңашыл түр мен көркемдік ізденіс көрінісін тапты.

Көрнекті қаламгер Аманжан Жақыптың «Хан батыр Қабанбай» кітабы, жазушы Қабдеш Жұмаділовтің «Дарабоз» романы және өлке тарихы мен шежіресіне жете қанық ғалым Зейнолла Сәніктің де сүбелі шығармасы осы Қабанбай батырдың дәуір кезеңін сипаттап, оның ерлігін паш етуге арқау болғаны белгілі. Мұндай шығармалдар шындығына келгенде Әуезовтен кейінгі қазақ әдебиетінің тарихи олқылықтың орынын толтырудағы ерен табысы деп айтсақ, қателеспесіміз анық.

Бір сөзбен айтқанда, «Дарабоз» романы - шын мағынасында бүгінгі қазақ әдебиетінің сол кезеңдегі дәір көорінісін дәл беретін кесек туындылық табысы.

Тағы бір ерекшелеп атап көрсетер жайт, қазақ әдебиетіндегі тарихи тақырыптағы кесек шығармаларымен дараланған жазушы Қабдеш Жұмаділовтің «Дарабоз» романы батырдың есімін ұлықтаған ұрпақ үшін теңдессіз дүние болды деуге әбден лайық. Жазушы «Дарабоз» романында Қабанбай батырдың қазақ тарихындағы орнын айқындауды мақсат еткенімен, сол мақсатқа жету жолындағы өз қаһармандарының қайталанбас бейнелерін нанымды жеткізуді мақсат еткені байқалады. Жазушы ХVІІІ - ғасырдағы қазақ халқының жоңғарларға, жалпы құйқалы жеріне көз алартқан жауларына қарсы жүргізген азаттық соғысы екенін және жерінің азаттығы Абылай хан және оның төңірегіне топтасқан батырлар болғандығын шынайы түрде шұрайлы тілмен суреттеп береді. Романда сол дәуірдегі жыраулар мұрасына да кеңінен орывн берілгендігін атап өткен жөн. Ақтамбердінің «Күлдір – күлдір кісінетіп», «Уа, Қарт Бөгенбай» толғауларын, Саршуаш деген жыраудың «Уа, Қабанбай, көзелім» толғауын молынан келтіреді. Кесек шығарма сонысымен мазмұнын тереңдете түседі, батырдың бейнесін оқыған сайын озық үлгіде көрсетеді.

Шығармаға арқау болған тарихи тұлға - Қабанбай образы ерекше, ұлттақ рухты тірілте білетіндігімен құнды. Қабанбай батырдың сом бейнесін арқау еткен қазақ әдебиетінде сүбелі шығармалар жеткілікті екендігін жоғарыда атап өттік. Алайда, оның барлығы дерлік фольклорлық дәстүрде жасалғандықтан, оның романтикалық келбеті басым шығатыны белгілі. Ал, «Дарабоз» дилогиясында Қабанбайдың балалық, жастық шағы көрінбегенімен, оның халыққа танымал батыр болған кезеңі тартымды суреттелген. Дегенмен, автор Қабанбайдың өз аузымен жастық шақтарын, өткен өмірін ойға оралтып, баян еткізеді.

Жазушының Қабанбай батырды бас кейіпкер ретінде таңдауы да бекер болмаған. Қабанбай батыр – қазақ жерін жоңғардан тазартқан ең соңғы аттанысқа дейін түгел қатысқан, шешуші шайқастарда қолбасшылық еткен тұлға. Қазақ тарихындағы теңдессіз тұлға – Тәуке хан қайтыс болып, қазақ арасы дағдарысқа ұшыраған кезді пайдаланған жоңғарлар сұрапыл шабуыл жасап, ес жиғызбай, ішкерілей бергені тарих параөтарынан белгілі. Осы кезде Қабанбай батыр «Қабанбай, Қабанбай» деп ұрандатып, жекпе- жекте айрықша көзге түседі. 1723 жылдың қысында қазақ даласында ақ сүйек жұт болады, халық күйзеліске ұшырайды. Осы кезде өздеріне қолайлы санаған жоңғарлар қазақ жеріне шабуыл жасайды. Сол алмағайып шақта Қабанбай тапқырлығымен көзге түсіп, қалың жауды аз адаммен- ақ талқандап, қиратып жүреді. 1728 жылы Бұланды текетіресі, 1751 – 1754 жылдардағы қазақ жерін азат етудегі жоңғарларға қарсы аттанысы, 1756 жылы шүршіттерге қарсы жорық, 1765 жылы Қырғыз – Қоқан жорықтарында да Қабанбай жүргені бәрімізге мәлім жайт. Осындай ерліктерімен тәнті еткен бабамыз Абылайға тіреу болып, әскеріне қолбасшылық еткен.

Ал, Қабанбай туралы тілге тиек еткенде оның майдан даласындағы айнымас серігі – Қубас атты айналып өте алмасымыз тағы да белгілі. Тұран дала төсінде Қабанбайды көтеріп, жеңіс туының желбіреуіне Қубас аттың да сіңірген еңбегі өлшеусіз. Қубас аттың еліміздің төрт бұрышында тұяғы тимеген жері жоқ. Дарабоз батырға қанат болған даңқты  тұлпар жайлы әңгімелер, дастандар, жырлар жетерлік.

Қазақ әдебиетінде хан батыр Қабанбайдың көркем образын сомдау жазба әдебиетінде жаңа биікке, бұрын-соңды болмаған, белеске көтеріліп, нақтылы мұрағаттық қолжазбалармен дәйектеліп, әлемдік көркем әдебиет тәжірибесіндегі Аивенго, Руставели, Рүстем-Зорап сынды батырлармен иық тіресіп тұрған көркемдік жағынан толысып, тұлғасы асқақтаған батырлық бейне болып саналады.

Тоқетеріне көшсек, ұлттық рухымыздың қайнар көзі, ерлік-қаһармандық намысымыздың бастауындай көз тартатын Қабанбай батыр бабамыздың ерен есімі, дара тұлғасы алдағы дәуірлерге де жете береріне талас жоқ. Тарихи шындықты бүгінгі ұрпақ тәрбиесімен ұштастырып, отаншылдық пен туған жердің азаттығын қорғаудың түп мәні бабалар ерлігімен жалғасқандығына алдағы ұрпақ буыны да куә болуы қажет. Ол үшін әрине, құнарлы тіл мен көркем сөз кестеленген кесек шығармалардың көптеп дүниеге келгені абзал. «Хан батыры Қабанбай», «Дарабоз» сияқты қайталанбас туындылармен айбарланған қазақы табиғи болмыс ұлттық қазынамыздың қазаны ортаймайтындлығына дәлел. Дегенмен, ұдайы ізденуді қажет ететін әдеби үрдіс пен соны зерттеулер алдағы дәуірде де осы бағыттағы тың жаңалықтарымен қуанта берер деген зор сенімдеміз.



Бүгінгі ұрпақтың жүрегіне жол тауып, өткен жылдарымыздың шежіресінде тәуелсіздігіміз бен ұлттық тұтастығымызды сақтаудың тамыршысындай сезілетін танымдық шығармалар батыр бейнесін асқақтата бергей!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет