1. Ұйымдастыру кезеңі: Бағалау парағы таратылады.
2. Қызығушылықты ояту: Поэмадан үзінді тыңдатылады (қос аққудың кездескен сәті):
Аққу күйі бір мезгілде
Сыңқылдады алыстан;
Және бірі шыға келді
Жақындағы қамыстан...
Сыңқылдатып, жарып көлді
Жұпар майын жағынып;
Жұбайына аққу келді
Алыс жерден сағынып.
Бөлек екен екі ғашық
Жақынға кеп түйісті;
Сыпайы ойнап, сыңқылдасып,
Тәтті айқасып, сүйісті.
Дөңгеленіп сәнін түзеп,
Айна көлге қаранды;
Екі сұлу әнін түзеп
Жуынды да таранды.
Екі сұлу еркелесті,
Бір-біріне жарасып;
Тағы нәзік «не-не?» десті,
Бір-біріне қарасып.
Бөліп әсем ойындарын,
Екі ғашық сүйісті;
Сүйісіп боп мойындарын
Мұңайысып иісті.
Мұндағы қос ғашық аққудың әрекетінде адам баласының өміріне ұқсас жақтары бар ма? Ендеше аллегория дегенді қалай түсінеміз? деген сұрақтар қоя отырып, сабақтың тақырыбы беріледі.
Операциялық кезең:
1. Айтылым. Тыңдаған үзінді бойынша қос аққудың кездескен сәтін мәтінге сүйене отырып, өз сөздеріңмен баяндаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |