Қазақ Әдебиетінің алтын ғасыры. Зерттеу. Астана,



бет37/37
Дата23.10.2016
өлшемі10,52 Mb.
#55
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
ТҮСІНІКТЕР
«Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры» кітабына (үшінші том) кіріп отырған «Алаш ұранды әдебиет» монографиялық этюдінің жеке тараулары алғаш мерзімді баспасөзде, жинақтарда, оқулықтарда, кітаптарда жарияланып, тұтас қалпында бірнеше қайтара басылған.

Ахмет Байтұрсыновқа арналған материалдар «Алып бәйтерек» («Қазақ әдебиеті», 1989, 21 сәуір), «Ахмет Байтұрсынов сабақтары» («Пионер», 1989, № 5, 12-15 б.; «Пионер», 1989, № 6, 14-17 б.), «Ұлттық мәдениетіміздің мақтанышы» («Қазақстан коммунисі», 1989, № 4, 84-95 б.), «Ахмет Байтурсунов» («Перестройка и художественная культура», Алматы, 1990, 3-21 стр.) деген аттармен жарияланған. «Ахмет Байтұрсынов» кітапшасы «Рауан» баспасынан 1991 жылы шықты.

Мағжан Жұмабаевқа арналған «Мөлдір сезім, биік парасат» мақаласы «Қазақстан коммунисі» журналында (1989, № 5, 83-91 б.), Жүсіпбек Аймауытовқа арналған «Сегіз қырлы, бір сырлы дарын» мақаласы «Қазақстан коммунисі» журналында (1989, № 6, 83-93 б.) басылды.

Бұл үш еңбек Р.Нұрғалидың екі томдық шығармалар жинағына енді (Арқау. Екі томдық шығармалар. ІІ том, 1991).

Міржақып Дулатовқа арналған «Алаш деп ұран салған» («Жалын», 1994, № 3, 255-284 б.), «Әлихан Бөкейхановтың шығармашылық мұрасы» («Ақиқат», 1994, № 11, 64-78 б.) материалдары басылды.

1994 жылы шыққан 11 сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығына алғаш рет Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов тарауларын Р.Нұрғали жазды.

«Алаш ұранды әдебиет» монографиялық этюді тұтас күйінде «Әуезов және Алаш» (1997), «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры» (2003) кітаптарында толығымен басылды. Орыс тілінде жеке тараулары жарияланып («Ахмет Байтурсунов» - «Перестройка», «Художественная культура», Алматы, 1990, 3-21 стр.; «Наследия Алихана Букейхана». –«Простор», 1995, № 4-5, 129-135 стр.), екі рет жеке кітап болып шықты «Вершины возвращенной казахской литературы» (Алматы, «Қазақ университеті» баспасы, 1998, 307 стр.), «Алашордынцы» (Алматы, «Алаш» баспасы, 2005).

«Теңдік ұранды әдебиет» монографиялық этюдінің Сәкен Сейфуллинге арналған бөлімі алғаш «Дауылпаз жыр» деген атпен «Білім және еңбек» журналында жарияланды (1986, № 4, 26-30 б., № 5, 36-39 б.).

Ілияс Жансүгіровке арналған бөлімдері «Соғайын сөзімнен бір сұлу сарай» («Сөзстан», Алматы, 1987, 100-118 б.), «Тартысқа толы триптих» («Қазақ әдебиеті», 1987, 16 қазан) деген аттармен жарық көрген.

Бұл еңбектер толық күйінде «Қазақ революциялық поэзиясы» монографиясында жарияланды (Алматы, «Мектеп» баспасы, 1987, 208 б.).

Осы материалдар негізінде 1989 жылдан бері үзбей басылып келе жатқан 11 сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығының жеке тараулары жазылған.

Мұхтар Әуезовке арналған «Ей, халайық, барың ем сен» материалы бұрын жариялаған кітаптар мәтіндерінен ықшамдап алынған («Трагедия табиғаты», «Арқау», «Әуезов және Алаш», «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры» т.б.).

«Үш бағана» мақаласының материалдары «Қазақ революциялық поэзиясы», «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры» кітаптарында жарияланған.

«Мың сан әуез жамырап» аталған бөлімдегі еңбектер алғаш мерзімді баспасөзде жарық көрген:

«Мәңгі махаббат ескерткіші» - «Лениншіл жас», 1963, 26 қазан;

«Ажал құрсауында» - «Семей правдасы», 1961, 21 мамыр;

«Бір сүйініш, бір реніш» - «Қазақ әдебиеті», 1962, 31 тамыз;

«Очерк өрісі кең» - «Советтік Қарағанды», 1962, 21 наурыз;

«Ақын прозасы» - «Жұлдыз», 1964, № 2, 152-155 б.;

«Роман жүгі» - «Қазақ әдебиеті», 1966, 25 наурыз;

«Көкқауырсын» - «Жұлдыз», 1964, № 6, 149-153 б.;

«Бүгінгі лирика туралы» - «Қазақ әдебиеті», 1969, 7 қараша.

Бұл еңбектер «Сырлы сөз» (2000) кітабында басылған.

«Мұхтар Әуезов профессор болған кафедра» - «Қазақ әдебиеті», 1984, 25 мамыр;

«Мың сан әуез жамырап» - «Қазақ әдебиеті», 1989, 6 қаңтар;

«Абыройың артсын, Абыралы!» - «Егемен Қазақстан», 1991, 4 қаңтар;

«Абыралы: тарихы мен трагедиясы» - «Егемен Қазақстан», 2003, 22 наурыз.

«Тіл» - «Егемен Қазақстан», 2001, 12 мамыр.

«Той» - «Егемен Қазақстан», 2002, 29 желтоқсан.

«Айтыс: өнер ме, ойын ба?» - «Егемен Қазақстан», 2004, 16 қаңтар.

«Сахнадағы драма» желісінің бірінші тармағында Р.Нұрғалидың М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театры спектакльдері туралы мақалалары берілген. Олар:

«Сана сатылары» - «Лениншіл жас», 1965, 28 қараша;

«Махаббат дастаны» - «Советтік Қарағанды», 1962, 3 маусым;

«Тағдыр туралы толғау» - «Лениншіл жас», 1966, 28 сәуір;

«Қаһармандық жыры» - «Лениншіл жас», 1965, 16 мамыр;

«Еңлік-Кебектің» жаңа ойыншылары» - «Қазақ әдебиеті», 1967, 13 қаңтар;

«Қара Қыпшақ Қобыланды» - «Қазақ әдебиеті», 1967, 5 мамыр;

«Спектакль жауапкершілігі» - «Қазақ әдебиеті», 1969, 29 наурыз;

«М.Әуезовтің фантастикалық пьесасы» - «Лениншіл жас», 1965, 15 қазан.

Мәскеу академиялық көркем театрының Алматыда 1965 жылы жазда Алматыда қойған спектакльдеріне Р.Нұрғали театр рецензияларының тұтас циклын жазған.

Олар:

«Кремль куранттары» - «Жетісу», 1965, 7 тамыз;



«Бернард Шоумен дидарласқанда» - «Лениншіл жас», 1965, 15 тамыз;

«Ащы күлкі уыты» - «Социалистік Қазақстан», 1965, 16 тамыз;

«Булычев трагедиясы» - «Қазақстан пионері», 1965, 21 тамыз.

«Сахнадағы драма» желісіндегі мақалалар автордың «Талант тағдыры» (1969), «Арқау» (1 том, 1991), «Сырлы сөз» (2000) кітаптарында басылған.

«Бесінші желі. Диалог» бөлімі Р.Нұрғалидың әр жылдардағы интервью, сұхбаттарынан тұрады. Олар:

«Батыр да, ақын да - халықтан» - «Өркен», 1989, 3 маусым;

«Сыншы сыры» - «Алматы ақшамы», 1990, 31 мамыр;

«Қазақ энциклопедиясы: жемісті 25 жыл» - «Егемен Қазақстан», 1993, 4 мамыр;

«Қазаққа энциклопедия керек пе?» - «Парасат», 1993, № 2;

«Кітаптардың кітабы» - «Жас Алаш», 1993, 21 желтоқсан;

«Ғылым отауы» - «Халық кеңесі», 1993, 23 желтоқсан;

«Халық қолындағы қазына» - «Қазақ әдебиеті», 1993, 24 желтоқсан;

«Журналист деген халық бар» - «Өркен», 1993, 8 мамыр;

«Ескі де жаңа Үнді елі» - «Қазақ әдебиеті», 1996, 4 қаңтар;

«Ұстазға қойылған 12 сұрақ» - «Өркен», 1998, 4 сәуір;

«Бір үзік сыр» - «Парасат», 2000, № 7.

Бұл материалдар автордың «Сырлы сөз» (2000) кітабында басылған.

«Сөз билейді халықты» - «Қазақ әдебиеті», 2004, 26 наурыз;

«Айтып келген ажалдан аяулы ұстазым арашалап қалған» - «Айқын», 2004, 28 мамыр;

«Ұстаздық жол – абыройлы жол» - «Қазақстан әйелдері», 2004, № 10;

«Зиялылардың заманға өкпелейтін жөні жоқ» - «Нұр-Астана», 2004, 23 қыркүйек.

«Алтыншы желі. Шартарап» бөліміне енген «Мажарстандағы Әуезов күндері» мақаласы алғаш рет «Егемен Қазақстан» (1997, 9 сәуір) газетінде, ал Америкада талқыланған Азия әдебиеттерінің тағдыры» мақаласы «Қазақ әдебиеті» (1997, 3 маусым) газетінде басылған. «Сырлы сөз» кітабында (2000) жарияланған.

«Жетінші желі. Кеңдік пен тереңдік» тарауында әр жылдары жазылған портреттік эсселер берілген. Олар:

«Талант қырлары» (Т.Нұртазин туралы) – «Қазақ әдебиеті», 1987, 25 желтоқсан;

«Дегелеңге біткен шынар» (С.Бегалин туралы) – «Қазақ әдебиеті», 1995, 10 қазан;

«Кең тынысты ақын» (Ш.Әбенов туралы) - «Қазақ әдебиеті», 1980, 4 маусым;

«Өлең жолы кесілмейді» (Е.Ысмайылов туралы) - «Қазақ әдебиеті», 1992, 22 мамыр;

«Тазалық» (Б.Бодаубаев туралы) - «Қазақ әдебиеті», 1990, 16 наурыз;

«Кемел кезең» (Қ.Жұмаділов туралы) – «Егемен Қазақстан», 1996, 26 сәуір;

«Бала Бедеш, азамат Беделбай» (Б.Көшербаев туралы) – «Алматы ақшамы», 1999, 3 қараша;

«Жігер» (Ә.Ыдырысов туралы) – 2000 жылы «Алматы ақшамы» газетінде басылған.

Бұл дүниелер «Сырлы сөз» кітабында жарияланған.

«Қос қасиет» (С.Оразалинов туралы) – «Егемен Қазақстан», 2001, 28 сәуір.

«Қазақ театрының нар қобызы» (Қ.Қуаншыбаев туралы) – «Егемен Қазақстан», 2004, 30 қаңтар;

«Кеңдік пен тереңдік» (Ә.Марғұлан туралы) – «Егемен Қазақстан», 2004, 7 шілде;

«Мектебі бар ғалым» (М.Серғалиев туралы) – «Ғалым ізімен» жинағында басылды, 2003;

«Үш тоғыс» (А.Еспенбетов туралы) – «Егемен Қазақстан», 2005, 6 ақпан.

Жүз әңгімеден тұратын «Енші» деген атпен жоспарланған автордың жаңа кітабының үзінділері «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды. Олар:

«Күтпеген әрекет» (М.Базарбаев туралы) – «Егемен Қазақстан», 2005, 18 мамыр;

«Менің профессорым» (Х.Тілемісов туралы) – «Егемен Қазақстан», 2005, 19 мамыр;

«Министрдің шешімі» (Т.Қатаев туралы) – «Егемен Қазақстан», 2005, 20 мамыр;

«Түнгі қонақтар» (Ш.Хұсайынов пен Б.Римова туралы) – «Егемен Қазақстан», 2005, 21 мамыр;

«Сапардағы он мың шақырым». Жазушы Қ.Толыбаев туралы естелік кітабында басылған (2005).

«Сегізінші желі. Энциклопедияға жазылған мақалалар» бөлімінде жарияланған еңбектердің алғашқы басылуы:

«Америка театры» - Қазақ энциклопедиясы, 1972, т.1. 344-345 б.;

«Ахмет Яссауи» - ҚСӘ, 1972, т.1. 613 б.;

«Әдебиеттегі характер», ҚСӘ, 1973, т.2. 19 б.;

«Башқұрт әдебиеті», ҚСӘ, 1973, т.2. 217 б.;

«Болгар әдебиеті», ҚСӘ, 1973, т.2. 389 б.;

«Балет» - ҚСӘ, 1973, т.2. 129-130 б.;

«Ғамзатов Расул» - ҚСӘ, 1973, т.3. 447 б.;

«Диалог» - ҚСӘ, 1973, т.3. 566 б.;

«Дидактикалық әдебиет» - ҚСӘ, 1973, т.3. 571 б.;

«Еңлік-Кебек» аңызы - ҚСӘ, 1974, т.4. 153 б.;

«Жанр» - ҚСӘ, 1974, т.4. 268 б.;

«Компаративизм» - ҚСӘ, 1974, т.5. 544 б.;

«Корей әдебиеті» - ҚСӘ, 1974, т.5. 603 б.;

«Кешоков Әлім» - ҚСӘ, 1974, т.5. 409 б.;

«Лейтмотив» - ҚСӘ, 1975, т.7. 215 б.;

«Либретто» - ҚСӘ, 1975, т.7. 267 б.;

«Моравио Альберто» - ҚСӘ, 1975, т.8. 141 б.;

«Мориак Франц» - ҚСӘ, 1975, т.8. 148 б.;

«Драма» - Қазақ ССР. Қысқаша энциклопедия. 1989, т.4. 219 б.;

«Драматургия» - ҚҚЭ, 1989, т.4. 219-221 б.;

«Комедия» - ҚҚЭ, 1989, т.4. 298 б.

Академик Р.Нұрғалидың ұсынысымен жоспарланып, оның бас редакторлығымен жарыққа шыққан «Абай» энциклопедиясында автордың өз мақалалары және энциклопедияшы Т.Рсаевпен бірлесіп дайындаған екі сөздігі басылған. Бұл материалдар «Сырлы сөз» (2000) бір томдығында да жарияланды.




Түсініктерді дайындаған

филология ғылымдарының докторы,

профессор Қ.Алпысбаев

МАЗМҰНЫ

Автордан.

Бірінші желі. Алаш ұранды әдебиет. Этюд.

Екінші желі. Теңдік ұранды әдебиет. Этюд.

Үшінші желі. Мың сан әуез жамырап. Минатюралар.

Төртінші желі. Сахнадағы драма.

Бесінші желі. Диалог.

Алтыншы желі. Шартарап.

Жетінші желі. Кеңдік пен тереңдік. Эсселер.

Сегізінші желі. Энциклопедияға жазылған мақалалар.

Тоғызыншы желі. Екі сөздік.





11 “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы 1995 жылы шығарған 1 томдық таңдамалы жинақта берілген зерттеулердің негізінде ұлы қайраткердің аты-жөнін “Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан” деп алғаныды дұрыс көрдік.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет