Қазақ әдебиетінің


Алтын Орда Атақты араб филологы Әмин әл-Холи дәуірінің



бет16/20
Дата25.01.2017
өлшемі3,63 Mb.
#7708
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Алтын Орда Атақты араб филологы Әмин әл-Холи

дәуірінің Алтын Орда мемлекетінің астанасы Сарай

мәдениеті қаласы XIII—XIV ғасырларда ғылым мен

мен әдебиеті. мәдениеттің аса ірі орталығы болғанын хабарлайды. Ол Алтын Орданы билеуші әміршілер ішінен, әсіресе, Берке, Өзбек, Жәнібек хандарды аса білімді, түркі халықтарының тарихы мен әдебиетін көп оқыған, сөзге шешен, өнер мен өлеңге құштар адамдар деп көрсетеді. Бұлардың тұсында Египет пен Хорезмнің ең дарынды ғалымдары, ақындары, әншілері, күйшілері, т. б. Сарай қаласында тұрды. Осы кезде Алтын Орданың астанасына есімі әлемге мәшһур Қүтүб ад-Дин ар-Рази, Садад-Дин ат-Тафтазани, Жәлел ад-Дин, Хафиз ад-Дин ал-Баззави, Ахмад ал-Хаджандари сияқты әдебиетші, тілші, тарихшы. философ ғалымдар келген болатын.

Сол дәуірдегі арабтың атақты ғалымы С. Тафтазани өзінің шешендік өнерінің табиғаты туралы жазған “Китаб әл-Хитта әл-Марсума” деген еңбегіне түркілердің шешендігін жоғары бағалай келіп, “Менің риторика саласындағы ұстазым Жәнібек хан” деп көрсетеді. Сарай қаласының кезінде мәдениет пен ғылымның ірі орталығы болғанын дәлелдейтін тарихи деректер көп'.



1 Амин ал-Холи. Связи между Нилом и Волгой в XIII—XIV вв. М., 1962.

196


Алтын Орда мемлекетінің халқы өзінің этникалық құрамы жағынан біркелкі емес еді. Егіншілікпен айналысатын аймақтарды негізінен Еділ булғарлары, орыстар, армяндар, гректер, хазарлар, қала қыпшактары мекен етті. Ал мал шаруашылығымен айналысатын дала өңірінде түркі тектес тайпалар басым еді.

Бұл мемлекет халқының басым көпшілігі түркі текті ру-тайпалар, әсіресе, қыпшақтар мен оғыздар көп болды. Сол себепті Алтын Орданың әдеби тілі — қыпшақ-оғыз диалектісіндегі орта ғасырлық түркі әдеби жазба тілі еді. Бұл тіл түркі тайпалары мен халықтары-ның бәріне бірдей түсінікті болды.

Алтын Орда дәуірінің мұралары онша көп сақталмаған. Бұл кездегі әдебиет өкілдерінен біз Сайф Сараи, Хорезми, Құтб, Дүрбек, Лутфий, Сайдахмад, Әли Атаи, Рабғузи, т. б. шығармаларын білеміз. Кейбір ақын-жазушылардың лақап есімдері ғана мәлім.

Бұл кезде өмірге келген көркем туындылардан ақын Хорезмидің “Мухаббат-наме” поэмасы, Сайф Сараидің “Гүлстан” (Яки “Гүлстан бит-түрк” деп те аталады) дастаны, Кұтбтың “Хүсрау уа Шырыны” мен Дүрбектің “Жүсіп-Зылиқа” дастандары Рабғузидің “Қисса-сұл әнбиясы” ерекше мәшһур болды.

Дүрбек діни аңыздар сюжетіне құрылған “Жүсіп-Зылиқа” қиссасын өз бетінше қайта өңдеп, оны осы реалдық өмірдің қызығы мен қиындығын шыншылдықпен жырлаған дастан етіп жаңадан жазып шықты.

Сондай-ақ діни-мистикалық бағыттағы әдеби шығармалар да аз емес еді. Олар ислам дінінің қағидаларын насихаттап, халық бұқарасының назарын қоғамдық әділетсіздікке қарсы күрестен басқа жаққа бұрып әкетуге әрекет жасады. Мұндай ақын-жазушылар қанаушы таптың мүддесін көздеп, еңбекшіл халықты мәңгілік кұлдықта қалдыруға ұмтылды.

Міне, сондай діни-мистикалық шығармалардың бірі Насыраддин Рабғузидің прозалық туындысы —“Қисса-сул әнбия” немесе “Қисса-и Рабғузи” деп аталады.

“Қисса-сул әнбия”—сюжеттік жағынан алып қарағанда негізінен әулие-әмбиялар, өздерін құдайдың жер-дегі өкілдері санайтын пайғамбарлар жайында қисса-хикаялар, аңыз-ертегілер жинағы болып келеді.

“Қисса-сул әнбия” 1914 жылы Қазан, ал одан кейінірек Ташкент қалаларында бірнеше рет жеке кітап болып басылып шықты.

197


Ел арасында бұл кітаптың қолдан көшірілген нұсқалары кезінде кең тараған.

Әйтсе де “Рабғузи қиссасы” түгелдей бастан-аяқ діни уағыз емес. Мұнда ежелгі дәуірдегі түркі тектес ру-тайпалар арасында көп тараған қиял-ғажайып ертегілер, аңыздар, қиссалар, өлең-жырлар, мақал-мәтелдер берілген. Мәселеи, осы кітаптын, Қазан қаласынан шыққан басылымында 79 ертегі-аңыз, қисса-хикаят, т б. бар.

Ерте дәуір әдебиетін ұзақ жыладар бойы зерттеген ғалым Б.Қенжебаев солардық бәрін тақырып-мазмүны-на, идея-мәніне қарай мынадай үш топқа жіктейді:

1. Жер, көк, адамзат, хайуанат, жын-шайтан, періште, адам ата, от, топырақ жайлы түсінік, мақала, әңгіме.

2. Әулие-әмбиялар, пайғамбарлар, солардың өмірбаяндары, іс-әрекеттері туралы қиссалар, ертектер, аңыздар.

3. Шежіре — мұсылман жыл есебінің, хижраның алғашқы он жыл ішінде болған тарихи оқиғалар, календарь — жыл, ай, күн аттары, назым өлеңдер.

Бұл шығармада Сүлеймен, Дәуіт, Мұса, тағы басқалар оқырманға тек әулие-пайғамбар ретінде ғана емес, ел билеген әділ патша болып та көрінеді. Мәселен, Дәуіт патша күндіз мемлекет басқару істерімен айналысып, ал түнде дәруіш киімін киіп алып ел аралайды екен. Ол халықтан патшаларың әділ ме, ел билеген әкімдер зорлық-зомбылық көрсеткен жоқ па деп сұрайды екен. Ел-жұртқа тізесін батырған әкімдерді ұдайы жазалап отырады екен дейді. Бір күні Дәуіт өзі туралы: патшаларың қалай?—деп сұрапты. Сонда бір кісі:—Патшамыз Дәуіт жақсы, бірақ жұрттың ақысын жейді—деп жауап береді. Сол күннен бастап Дәуіт патшалықты тастап, темір соғушы ұста болып кетіпті.

Дәуіт патша туралы тағы бір мынадай хикая бар. Дәуіт өз еліндегі бір кісінің әйеліне ғашық болып қалыпты. Сол әйелге үйлену үшін дереу күйеуін соғысқа жібереді. Сол күні патшаға арыз айтып, ағалы-інілі екі адам келеді. Інісі айтады: ағамның тоқсан тоғыз қойы бар. Сөйте тұрып, ол менің жалғыз қойымды тартып алды,— дейді. Сонда Дәуіт патша қаһарына мініп:— Бұл не деген әділетсіздік!— деп айғай салады. Бұған әлгі адамның ағасы аспай-саспай жауап береді:— Несі бар, әміршім, сіздің тоқсан тоғыз әйеліңіз бар екенін бүкіл ел біледі. Сөйте тұрып, біреудің жалғыз қатынын тартып алдыңыз. Мұныңызды қалай түсінуге болады?,— деп жауап беріпті.

198

“Қисса-сул әнбияның” кейбір қисса-әңгімелерінде халық ауыз әдебиетінің сарыны, сюжеті, көркемдік тәсілдері басым болып келеді.



Мұса пайғамбар жайындағы қиссалар қазақтың қиял-ғажайып ертегі-аңыздарын еске салады. Мұсаның “киелі” асатаяғы бар екен. Оны жерге шаншып қалса, ғайыптан жайқалған бау-бақша пайда болады немесе әскер өте алмай тұрған асау дарияға өзінен-өзі көпір салынып қалады яки қуып келе жатқан жауға қарсы тұратын аждаһар жылан шыға келеді.

“Қисса-сул әнбияда” Ануқ деген алып адамның бейнесін былайша суреттеп көрсетеді: Ануқтың екі аяғының арасы бір күншілік жол екен. Дариялардан таудай балықтарды қолымен ұстап алып, аспанға созып жіберіп, олгі балықты күнге күйдіріп жеп отырады-мыс. Әлемді топан суы басқанда су оның тізесіне де жетпепті. Өзенге су ішуге барғанда бір аяғы арғы жағалауда, бір аяғы бергі жағалауда тұрады екен. Ануқ өзен үстінде осылайша тұрып өліпті. Сосын оның бір жілігі сол өзен үстінде көпір болып қалған екен.

Байғыз құс туралы мынадай әңгіме бар. Біреу байғыз құстан сұрапты:

— Неге сен ұдайы адамы жоқ ескі жұртты, қираған қорғандарды мекен етесің?,— депті.

Сонда байғыз кұс:

— Мен адамдардың зұлымдығынан қорқамын. Бір кезде гүл жайнаған шаһарларды күл-талқан етіп, осындай күйге түсірген адамдар ғой. Солардың зұлымдығын естен шығармау үшін ескі жұртты мекен етем,— деп жауап беріпті.

Сөйтіп, “Қисса-сул әнбия” бір жағынан діни аныз-әңгімелерге, екінші жағынан, халық ауыз әдебиетінің дәстүрлеріне негізделіп жазылған прозалық көркем туынды болып табылады.

Кодекс Бүкіл қыпшақ даласын, Орта Азия мен Шығыс куманикус”. Европа жерлерінің көбін жаулап алу негізінде құрылған Алтын Орда. мемлекеті нығайып тұрған кезде қыпшақ тілі үстем тілге айналды.

Алтын Орда дәуірінде (XIII—XV ғасырлар) Жоңғар қақпасынан бастап, Дунай өзеніне дейінгі аралықтағы ұлан-ғайыр өлкені мекен еткен елдің бәрі де қыпшақ тілін білетін, түсінетін болған. Бұл кезде Европа елдерінен қыпшақ даласына келетін, Дешті қыпшақ арқылы

199


жүріп Азия елдерінен өтетін саяхатшылар, елшілер, әскери адамдар, тағы басқалар қыпшақ тілін білуге мәжбүр болған.

Орыс елі көршілес отырған қыпшақтарды — половец тер, ал кейде печенгелер деп атаған. Ал, Батыс Европа жұртшылығы қыпшақтарды — кумандар деп атап кеткен еді. Ол кезде Европа елдерінде латын тілі, ал ислам діні тараған Азия мемлекеттерінде парсы тілі ресми, әдеби тіл болған.

“Кодекс куманикус”— латын сөзі. Бұл сөздің мән-мағынасы — кумандардың кітабы, қыпшақ тілінің сездігі яки қыпшақ тілі туралы жинақ. Бұл сөздік екі бөлімнен тұрады. Қітаптың бірінші бөлімінде — үш бағана етіп жазылған латынша — парсыша — куманша сөздік берілген. Сөздікті осылайша, үш бағаналы етіп кұру ете қажет болған. Өйткені мұндай сөздік қыпшақ даласына Батыс Европа елдерінен келгендер, яғни латын тілін білетіндер үшін де, Шығыс жақтан келген адамдар, яғни парсы тілінде сөйлейтіндер үшін де, пайдалануға қолайлы еді.

“Қодекс куманикустың” екінші бөлімін — сан қилы аңыз-әңгімелер, ертегілер жинағы деуге болады. Екінші бөлімнің мақсаты — кумандар арасында христиан дінін уағыздау болса керек. Мұнда христиан дінінің пайдасы жайындағы түрлі уағыз-өсиет сөздер, христостың өмірі хақында, Мария Ананың әулиелігі туралы, киелі апостолдар жөнінде діни хикая-аңыздар бар.

“Қодекс куманикустің” түпнұсқа қолжазбасы қазір Италияның Венеция қаласындағы әулие Марк шіркеуінің кітапханасында сақтаулы тұр. Бұл шығарманың бірінші бөлімін, яғни латынша-парсыша-куманша сөздігін тұңғыш рет француз тіліне аударып, 1828 жылы Париж баспаларының бірінен жеке кітап етіп шығарған Генрих Юлий Клапрот (1783—1835 ж.) болды. Атақты ориенталист Г. Кун 1880 жылы қолжазбаның екі бөлімін де толық латын тіліне тәржіма жасап, Будапешт қаласында бастырып шығарды. Бұл кітап 1884 жылы С-— Петербургте неміс тілінде шықты. Оны неміс тілі-не аударған В. Радлов еді. Дания ғалымы К. Гренбек қолжазбаның түпнұсқасын (факсимң^есін) 1936 жылы жеке кітап етіп бастыртып шығарды.

Бұл кітапты тұңғыш рет қазақ тілі тұрғысынан егжей-тегжейлі зерттеген ғалым Ә. Құрышжанов болды.

200

“Кодекс куманикус” әдебиет тану ғылымы тұрғысынан әлі арнайы зерттелген емес.



Біз әңгіме етіп отырған сөздікте қазіргі қазақ халқының әдеби тілінде жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері кеп ұшырасады. Кітаптьщ алғашқы бетінен, яғни “А” әрпімен басталатын сөздерден бірнеше мысал келтірейік. Мысалы: “ат”, “ата”, “ұлы ата”, “азамат”, “айна”, “ай басы”, “айыл”, “ақ”, “ақ қой”, т. б.

Сөздіктің екінші бөлімінде сан түрлі жұмбақтар, өлең-жырлар, діни кітаптардан шағын үзінділер келтірілген. Солардың ішінде мынадай қазақ жұмбақтары кездеседі:

Ішер, жер, ініне кірер, (шешуі: пышақ)

Буы бар да, ізі жоқ. (шешуі: кеме)

Аузын ашса, өңмені көрінеді. (шешуі: есік ашқанда

көрінетін үй ортасындағы от)

Тап-тап тамызық,

Таматұғын тамызық,

Көлеңкеден кеп

Күйетұғын тамызық (шешуі: көбелек)

Ұзын ағаш басында

Ұлы бітіс бітірдім. (шешуі: кесеу)

Ақ үй, аузы мұрны жоқ үй. (шешуі: жұмыртқа)

Жазда жабулы тоқпақ жатыр. (шешуші: кірпі)

Жазда жаулы қауыс жатыр. (шешуі: жылан)

Ерте тұрдым. Алып ұрдым. (шешуі: есік)

Белдеуде бес ат,

Бесеуі де қасқа ат. (шешуі: бес саусақ)

Сенде, менде жоқ,

Сеңгір тауда жок, Отта, таста жоқ,

Қыпшақта жоқ. (шешуі: құс сүті)

“Кодекс куманикус”— қыпшақ даласында XI—ХШ ғасырларда жазылған, сол кездегі қыпшак, тілі мен әдебиетін зерттеу үшін аса құнды материалдар беретін жазба ескерткіш болып табылады.

Сонымен, қазақ әдебиетінің ежелгі тарихында Алтын Орда дәуірі (XII—XV ғасырлар) деп аталатын үлкен бір тарихи кезең бар деп білеміз. Бұл дәуірде ақын Хорезмидің Сырдария бойында туындаған “Мухаббат-наме” поэмасы, Еділ бойындағы Сарай қаласынан шық-

201


қан белгілі ақын Сайф Сараидің “Гүлстан бит-түрк” дастаны, Мамлюк (Египет) мемлекетінде өмір сүрген қыпшақ ақыны Құтбтың “Хұсрау уа Шырын” поэмасы, Дүрбектің “Жүсіп-Зылиха” дастаны қыпшақ-оғыз тілдерінің негізінде жазылғаны мәлім.

Сондай-ақ осы кезеаде қазақтың тұңғыш тарихшысы Хайдар Дулатидің “Тарихи Рашиди”, Қадырғали Қосынұлы Жалаиридің “Жамиғ-ат-тауарих” (Шежірелер жинағы”), Захириддин Бабырдың “Бабыр-наме” атты шығармалары жазылған еді. Атақты тарихшы Әбілғазы бин Араб Мұхаммедханның “Шежіре-й түрк” (“Түріктер шежіресі”) және “Шежірей терекіме” (“Түрікмен шежіресі”) деп аталатын екі шығармасы да қазіргі түркі тілдес халықтардың әдебиет тарихына қосылған елеулі үлес болды.

ХОРЕЗМИ

Мұхаббат-наме”

Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ең көрнекті үлгісі — “Мұхаббат-наме” дастаны. Оны жазған ақын Хорезми. Хорьзми — ақынның лақап аты. Ақынның шын аты-жөні, өмірі, творчествосы жайлы мәлімет сақталмаған. Ол жайында білетініміз оқша көп емес. Ақын Хорезми — Алтын Орда ханы Жәнібектің тұсында өмір сүрген. Сол Жәнібектің Сыр бойындағы әкімдерінің бірі болған Мұхаммед Қожабектің тапсыруы бойынша 1353 жылы “Мүхаббат-наме” дастанын жазған.

Дастанның Бүгінгі күнге дейін “Мұхаббат-наме” дастанның

қолжазба екі қолжазба нұсқасы мәлім. Дастанның екі

нұсқасы нұсқасы да қазір Лондонның Британия

Зерттелуі. музейінде сақтаулы тұр. ССРО Ғылым академиясының Азия халықтары институты 1952 жылы осы екі қолжазба нұсқасының фото көшірмесін алды. Қолжазбаның бірі 1432 жылы ұйғыр әрпімен көшірілген. Демек, “Мұхаббат-наме” дастаның Хорезми жазғаннан 80 жылдан кейін оны ұйғыр әрпімен қайта көшірген болып шығады. Бұл — дастанның ең көне, алғашқы көшірмелерінін, бірі болса керек.

Ал, енді “Мүхаббат-наменің” араб әрпімен жазылған нұсқасы 1509 жылы кешірілген. Басқаша айтсак, дастан жазылғаннан кейін, араға 166 жыл салып барып араб әрпімен көшірілген екен.

202


Бір қызығы — араб жазуындағы қолжазба ұйғыр жазуындағы нұсқадан 77 жыл кейін көшірілсе де оған қарағанда әлде қайда кең, әрі толық сақталған болып келеді.

“Мұхаббат-намені” тұңғыш зерттеген ғалым А. Н. Самойлович болды.

Бұл әдеби ескерткіштің ұйғыр әрпімен көшірілген нұсқасын белгілі совет ғалымы А. М. Щербак тілдік тұрғыдан зерттеп шықты.

Ал, “Мұхаббат-наменің” екі нұсқасын да өзара салыстыра отырып, зерттеп, араб әрпімен жазылған нұсқасын қазіргі әріптермен транскрипция жасап, оны орыс тіліне аударып, жан-жақты зерттеген ғалым көрнекті совет түркологі Эмир Нәжіп болды.

Ал, соңғы жылдары Хорезмидің “Мұхаббат-наме” дастанын зерттеумен одақтас республикалар ішінде өзбек әдебиеттану ғылымы көбірек айналысып жүргенін айта кеткен жөн. Мәселен, өзбек ғалымдары С. Касимов, В. Валиходжаев, Н. Маллаев, т. б. бұл дастан жөнінде бірқатар зерттеулер жариялады.

Композициялық “Мұхаббат-наме” дастанының араб

құрлысы. әрпімен жазылған нұсқасы 473 бәйіт-



Махаббатты тен тұрады. Дастанда 11 наме (хат)

жырлау. бар. Жігіттің қызға жазған он бір

хаты жырға негіз болған. Солардың ішінде төртінші, сегізінші жә-не он бірінші хаттар парсы тілінде жазылған.

Қалғандары Алтын Орда түріктерінің бәріне бірдей түсінікті шағатай тіліндегі жырлар болып келеді. Сонымен, дәстандағы 317 бәйіт шағатай тілінде, 156 бәйіт парсы-тәжік тілінде жазылған. Әйтсе де “Мүхаббат-наменің” негізгі тілі Алтын Орда қыпшақтарының тілі екенін ұмытуға болмайды. Дастанның әрбір жолы бұған айқын дәлел. Мұнда грамматикалық жағынан да, лексикалық тұрғыдан да қыпшақ тілі элементтері басым екені даусыз.

“Мүхаббат-наме” дастанының кіріспесінде ақын: “Мен де ұлы тәңірге жалбарынып, “Мұхаббат-намені” жаздым” дейді. Автор сол кездегі әдеби дәстүрді сақтап, алдымен әлемді жаратқан тәңірге сыйынады, сосын пайғамбарларға мақтау сөз айтады. Содан кейін ғана дастанның жазылу себептеріне тоқталады.

Ақын “Мүхаббат-намені” Алтын Орда ханы Жәнібектің

203


әкімдерінің бірі Мұхаммед Қожабектің тапсыруы бойынша жазғанын дастанда былай деп жырлайды.

Түн ақшам ким көрунди бәйрәм айы

Мұхаммәд-Хожабек дәвләт хумайы.

Буйурды өрга шадырван урулды,

Кәдәх келтурди лар мәжлис курулды.

Хусәйни пәрдәси узрә түзүб саз

Муғәнни бу ғәзәлни қылды ағаз.

...Тәбәссүм қылды, айды: ей фәлани,

Кетүргил бизга лайық әрмәғаны.

Тилармин ким бизнин. тил бирла пәйда.

Китаби әйласаң бу қыш қатым да.

Кәбул қылдым, йир өптим, айдым: ей шах,

Иши киң топрақы дэвләт ли дәргах1.

Мазмұны:


Мейрам кешінде аспанда ай көрінгенде,

Мұхаммед Қожабек — мемлекет әміршісі:

“Тебеге шатыр тігілсін!” деп әмір етті,

Шарап әкелді, мәжіліс құрылды.

Аспаб пернесін “хұсайын” сазына келтіріп,

Әнші осы ғазалды әуендетіп айтты.

...Ол (Мұхаммед Қожабек) күлімсіреп сөйледі;

Ақыным бізге лайықты тарту жаса — деді.

Тілегім — өз тілімізде жыр жазсаң,

Ол кітабыңды осы қыста қасымда жүріп жазсаң.

Тілегін қабылдадым, жер сүйіп айттым:

Ей, шах, сенің босағаңда болу — мен үшін бақыт.

Бұдан кейін “Мұхаббат-наме” авторы оқырманын Мұхаммед Қожабекпен таныстырып өтеді. Әсіресе, ол жөнінде дастанның кіріспесінде, қорытынды бөлімінде көбірек айтылады. Шығарманың негізгі бөлімінде ол туралы сөз қозғамайды. Себебі ол шығарманың негізгі кейіпкері емес. Автор оған өз дастанын арнағаны үшін мадақтайды.

Ақын өзіне көп қамқорлық көрсеткен Қожабекті батыр, асыл текті, мырза, көреген деп дәріптейді. Сондай-ақ Қожабектің қоңырат руынан екенін, оның Жәнібек ханға жақындығын тілге тиек етеді:



1 Хорезми. Мухаббат-наме (Издание текста, транскрипция, перевод и исследование Э. Н. Наджипа). М., 1961, с. 28—30. Біз Хорезми елеңдерін кітаптың осы басылымынан алып, оны жолма-жол аударма жасап беріп отырмыз.— Н. К.

204


Зехи әрслан йүәек Қоңрат уруғы,

Кичик йашдин улығ ларның улуғы.

Сә'адәт м'дәни иқбал тәнжи,

Мухәммәд-Хожа-бек аләм күвәнжи.

Оза жансыз тәч ерди мулки сенсиз,

Шәхиншәк Жаны-бек хан ға йетан сиз.

Мазмұны:

Коңырат руынан шыққан айбарлы арыстаным,

Сен сәби шағыңнан-ақ ұлылардың ұлысысың.

Куаныш пен ләззаттың қайнар-бұлағы сен,

Мүхаммед Қожабек — әлемнің қуанышысың.

Саған дейін мына ел — жансыз тән ғана еді,

Ал, сен, шахтардың шахы — Жәнібекпен туыссың.

Ақын Хорезми осылайша Қожабекті жер-көкке сыйғызбай мақтап, оны жомарттықта — Хатымтайдан, батырлықта — Рүстемнен, сұлулықта — Шолпан жұлдызынан озасың дейді.

Міне, осындай мадақтау жырлары айтылған соң ғана шығарманың негізгі бөлімі басталады деуге болады:

Мухәммәд Хожабек мәдхин түгәттим.

Мухәббәт-нәмә ни бунйад еттим.

Мазмұны:


Мұхаммед Қожабекті мадақтауды біттім,

“Мүхаббат-намені” айтуды бастадым.

“Мұхаббат-наменің” негізгі бөлімінде жігіттің сүйген Қызына деген мөлдір махаббаты жырланады. Жігіт сүйген қызына әсемдік әлемінен тең таппай, оны Айға да, Күнге де теңеп, жер бетіндегі сұлулық атаулының ғажайып картинасын жасайды.

Махаббат тек адамзатқа ғана тән ғажайып, асыл қасиет екенін ақын зор шеберлікпен суреттейді:

Ики йақту гәвхәр аләм ға бергән.

Мухәббәт гәнжини адәм гә бергән.

Хәва үзрә берур шункарғә куны,

Толун ай дек қылур бир қәтрә суны.

Аның ким ал иңиндә мен, йәратты,

Бойы бирла сачыны тең йәратты.

Мазмүны:

205


Екі жарық ғәуһарды әлемге берген

Махаббат қазынасын адамға берген.

Аспанда берер сұңқарға қуды

Толған айдай етер бір тамшы суды.

Бетіне оның (тәқірім) мен жаратты

Шашы мен бойын тең жаратты.

Діни-мистикалық бағытта жазылған сол кездегі қисса-хикаяттар адамды бұл өмірдің қызығынан безуге шақырып, сүйіспеншіліктің өзін жұмақтың ісі етіп қоятыны мәлім. Мұндай шығармалар “ о дүниенің” ләззаты үшін тіршіліктегі іс-әрекеттен, өмір үшін күрестен бас тартуға шақырады. Жұмақтағы қор қыздарын дә-ріптейді.

Ал, “Мұхаббат-наме” дастанында адамның осы өмірдегі адамға деген сүйіспеншілігі зор шабытпен жырланады, ақын нақты өмірдің қадір-қасиетін жоғары бағалайды, шығарманың бас қаһарманы өз сүйіктісі үшін ешқандаи қауіп-қатерден тайсалмайды.

Жігіт сүйген қызына жазған хатында “Сүйіктім қасымда болсаң, жұмақтың маған керегі жоқ” деп батыл сөйлейді:

Сачың бир тарынэ миң хур йетмас,

Иүзүн, нүң нурынә миң нур йетмас.

Әгәр берсә сйурғаб хәқ тә'ала,

Керәкмас сен сизин Фирдәвси-ә'ла.

Кииш ниң сен сизни не жаны болсун,

Аның тек умурниң на саны болсун.

Мазмұны:


Мың хор қызы — сенің бір тал шашыңа жетпес,

Жүзіңнің жарқ еткен бір нұрына мың нұр жетпес.

Егер тәңір тілегімді қабыл етсе,

Сенсіз маған жұмақтың қажеті жоқ.

Сен жоқ жерде кісінің жаны бола ма?!

Сен жоқ жерде өмірдің сәні бола ма?І

Жігіт сүйген қызына осындай пікір айта келіп, “маған сенсіз жұмақтың керегі жоқ, сен арғы дүниедегі хор қызынан мың есе артықсың, сол періште қыздар келіп, сенің сұлулығыңа табынсын, сен жоқ жерде — жұмақтың өзі маған дозак” дейді.

Сөйтіп, ақын нақты тұрмыс-тіршіліктегі сүйіспеншілік сезімін “о дуниенің” барлық қазынасынан мың есе артық деп бағалайды.

206

Дастанның басты қаһармандары — бір-біріне ғашық болған жігіт пен қыз. Шығарма негізінен жігіттің қызға жазған он бір хатынан тұрады. Дастанда қыздың жігітке жазған жауал хаты берілмейді. Алайда жігіттің хатынан қыздың сүйген жігітке деген сүйіспеншілік сезімін, қуаныш-реніштерін айқын аңғаруға болады.



Жігіттін өзінің ғашығына жазған хатында қызды былайша сипаттайды:

Әйа керк ичрә аләм падишахы,

Жехан тутты сениң хүснүн сипахы.

...Тәбәссүм қылсаңыз шәкәр уйалур,

Тишиң инжүсидин гәвхар уйалур.

Жәмалин. йитти 'аләм ға сипахлар,

Қатыида ийр өпарлар жүмлә шәх-лар.

Фэләк 'ишқын, йолындә бисәр-о пай,

Ысырғаң данәси, Зүхрә, йүзун. — Ай.

Мазмүны:


Сұлулық әлемнің патшасы өзің,

Көркіңмен күллі әлемді жеңіп алдың.

Наз күлкіннен шекер ұялар,

Інжудей тісіңнен гәуһар ұялар.

Сұлулығың күллі әлемге белгілі.

Басқан ізіңе тәуетуге батыр да, патша да ынтызар.

Саған деген махаббаттан аспан әлемі есінен танды,

Ай — жүзің, Шолпан — сенің сырғаңдағы асыл тас қана.

Қыздың сұлулығынан қысылған Күн не істерін білмей абыржып, түні бойы бетіне перде жауып, ұялып жатады екен:

Сондықтан түн ұзаққа Күн ұялып,

Түн пердесін жамылып жатады екен.

Жігіт сүйген қыздың сұлулығы сондай, тіпті оны көргенде отқа табынушылар өз дінінен безіп кетеді деп суреттейді.

Хорезми өзі жырлаған қызды тек теңдесі жоқ сұлу ғана етіп көрсетумен шектеліп қалмайды. Дастанның бас қаһарманы ғашық болған қыз керікті ғана емес, сонымен бірге, ақылына Аплотон таңданатын данышпан әрі сүйгеніне барынша адал, адамгершілігі жоғары, инабатты, ізгі жан. Міне, сол арқылы автор махаббат жайын әлеуметтің мәселе дәрежесіне дейін кетере білген. Ақын адамға тән кейбір жаман қасиеттерді — опасыздықты, зұлымдықты, әдепсіздікті, надандықты өлтіре сынайды

207


Хорезми осындай ой-пікірлері арқылы өзі өмір сүрген ортаның әділетсіздігіне біршама наразылығын білдіргендей болады. Сондықтан дастанда жырлаған махаббат тақырыбына әлеуметтік-қоғамдық тұрғыдан мән беріп қараған жөн деп білеміз.

Дастанда жігіт бар сырын ақтарып, ғашығы үшін ажалдық өзінен де тайсалмайтынын сездірсе де қыз оның ішікі жан дүниесін түсінбей-ақ қояды. Мұның бәрін жігіттің хаттарынан аңғарамыз. Ғашықтық дертінен ем таппаған ер жігіт сүйген қызына былай дейді.

Менің қадір-қасиетімді өлгенімде білерсің,

Мендей азап шексе, Аплотон да жынданар еді.

Ақыры арманына жете алмасына көзі жеткен жігіт қызбен қоштасады:

Мені саған деген махаббат өлтірді,

Енді сенің есігіңнен аулақ кетемін, хош бол.

Соның өзінде жігіт өмірден түңілмейді. Қыздың бақытты болуына тілектестік білдіреді. Дастанда жігіт өз махаббатына барынша берік, қызбен біржола қоштас-са да сүйіктісінен мәңгі-бақи айнымайтынын айтады:

Көңілге өзгенің махаббатын жуытпан,

Жырақта жүрсем де өзіңді ұмытпан.

Жігіт сүйгеніне: өмірде алтын мен мыстың айырмасын білмейтін көңілі соқыр наданның қолына түсіп қалма дегендей алыстан меңзеп ақыл айтады:

Кадіріңді көр надан қайдан білсін,

Гәуһардың қадірін әркім біле бермес.

Рас, кейде дастанның лирик қаһарманы ертегі-аңыздарда айтылатын дәстүрлі кейіпкерлерге ққсап кетеді. Әйтсе де дастанда өмір нақты керіністерімен, шынайы суреттермен бейнеленген. Ал, ондағы кейіпкерлер күнделікті тіршілік тынысын сезінетін нақты жандар. Автор лирик қаһарман арқылы қоғамның кейбір көкей-тесті проблемаларын ауызға алады.

Мысалы:

Қәчан қим шад есаң ғамгинә рәхм ет,



Әгәр султаң есаң, мискинә рәхм ет.

Мазмүны:


208

Егер өзің көңілді болсаң, қайғылы жанға қарайлас,

Егер сен бек-сұлтан болсақ, кедей жанға қарайлас.

Сөйтіп ақын ғашықтардың аузына сөз салу жолымен өзінің нақтылы философиялық-қоғамдық көзқарасын оқырман қауымға жеткізеді.

Хорезми гуманистік ой-пікірлерді кезінде ту етіп көтерген дарынды ақын, өз заманының ойшыл азаматы ретінде танылған. Автор дастанда махаббатты жырлау арқылы өзі өмір сүріп отырған қоғамның кейбір кемшіліктеріне сын көзімен қарайтынын айттық. Алайда ол феодал-клерикал топтың адам бойындағы асыл сезімді аяқасты етіп отырғаны туралы, қыз-келіншектердін, еркімен ешкім санаспайтыны жөнінде, соның салдарынан бірін-бірі ұнатқан жастар қайғылы оқиғаларға душар болып жатқаны хақында дастанда сөз қозғамайды.

Ақын Хорезми творчествосындағы мұндай қайшылықтар сол кездегі тарихи-қоғамдық жағдайға байланысты туған жәйіт еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет