Дастанның “Мұхаббат-наме”— сюжеті қызықты, тілі көркем,
көркемдік көріктеу құралдары алуан түрлі, өлең
ерекшеліктері құрылысы шебер жасалған дастан. Ақын Хорезми дастанда жыр жолдарына үстеме мағына беріп, оны ажар-ландырып жіберу үшін теңеу әдісін көбірек қолданады. Сөйтіп, ол өзі суреттеп отырған белгілі бір заттың яки құбылыстың ерекше белгілерін айқындай, әрі ажарлай түседі, сол арқылы жырдың эстетикалық әсерін еселеп арттырып жібереді.
Хорезми теңеу сөздерді мейлінше орынды қолданады. Дастанда: “нәркес кез”, “ай жүз”, “қылдай бел”, “шекер сөз”, “лағыл ерін” деген секілді әдемі теңеулер көп.
Ақын қалың қолдың қан майданға кіргенін — аш қасқырдың қойға түскеніне, қыздың бір тал шашын — мың хор қызына теңеуі, т. б. аса ұтымды шыққан.
Дастаннан тағы бір мысал келтірейік:
Әйә хуршид тек алэм чирағы,
Мүнәввар чехрәңиз фирдавс бағы.
Ачылсә лә 'лиқиз шәкәр сачылур.
Көрүб гүл ғұнчәниң ағзы ачылур.
Бойуң тек сәрв йоқ бустан ичинда,
Иүзүн, нуры дин ай нуқсан ичинда.
...Шәкәрдин татлы сөзли дилрубасын,
Дариға ким чечәк тек би вәфасын.
209
Мазмұны:
Күн секілді күллі әлемнің шырағы,
Нұрлы жүзің — жұмақтың бір гүл бағы.
Оймақ аузың ашылса — шекер шашылар.
Соны көріп жайқалып — гүлдер ашылар.
Бойың сенің — бақта жок кипарис қой,
Сен күлсең — ай да сөніп қалады ғой.
Әдемім, шекерден де тәтті сөзің.
Дариға, гүл секілді құбыласың.
Сонымен бірге, ақын дастанда айшықтаудың бір түрі болып табылатын шендестіру немесе антитеза әдісін де кеңінен қолданып отырады. Сол арқылы Хорезми бір-біріне қарама-қарсы ұғымдарды, құбылыстарды, түр-түсі әртүрлі заттарды бетпе-бет қою әдісімен бұлардан мүлдем басқа бір құбылыстың, ұғымның, заттың сыр-сипатын оқырман көзіне елестетеді. Мәселен, ақын бірде: “Қара меңің ақ жүзіңе жарасар” десе екіншісінде — “Сен сұлтансың, ал мен — бақытсыз тұтқынмын” деп антитеза жасайды.
“Мұхаббат-наме” дастанында айтылуы бір болған-мен, мән-мағынасы әртүрлі сөздерді ойнатып, кұбылтып шебер қолдана біледі.
Ашар йилдин сениң йилгандә а т ы ң.
Күйаш йаңлық жеханны тутты а т ы ң
Әгәр десәм сени Рустәм йәрарсың,
Қылычың бирла сәф ларны й ә р а р с ы ң
Мазмұны:
Сенің атың желгенде — желдел озады,
Сенің атың (есімің)—күн секілді әлемге тарады.
Егер сені Рүстем десем — жа р а р с ы ң.
Қылышыңмен жау қатарын — қақ ж а р а р с ы ң.
Хорезми түркі халықтары әдебиетінде “наме” жанрына өзінің “Мұхаббат-наме” дастаны арқылы тұңғыш рет жол ашты. “Наме” сөзінің бірнеше мән-мағынасы бар. Сондай-ақ “наме”—жанрлық форма ретінде де мәлім. “Наме” сөзінің ең жиі ұшырайтын мағынасының бірі — арнау өлең түрінде жазылған дастан, поэма деуге болады.
Хорезмидің “Мұхаббат-намесі” дәл осындай арнау ретінде жазылған дастан. Мұнда екі ғашық жанның ой-сезімдері, айтар сөздері жігіттің жазған арнау хаттары
210
арқылы берілтен. Кезінде мұндай әдіс әдебиет жанрындағы айтарлықтай жаңалық болған. Бертін келе мұндай “намелер” лиро-эпикалық поэмаларға айналып кеткені әдебиет тарихынан мәлім.
“Мұхаббат-наме” дастанында жігіттің кызға жазған әрбір хатынан кейін месневи (аралас ұйқаспен келетін екі жол өлең), кейде ғәзәл түріндегі жыр жолдары беріледі. Бұл ақынның өзіндік поэтикалық тәсілі. Сондай-ақ бұл дастан поэзияның фард (өз алдына ұйқасып, біртұтас түйінделген ойды білдіретін екі жолды өлең) деп аталатын түрлеріне де негізделіп жазылған.
Хорезми өз қаһармандарының бейнесін айқындай түсу үшін өзінен бұрынғы сөз зергерлерінің қолынан шыққан Ләйлі мен Мәжнүн, Хұсрау мен Шырын, Жүсіп пен Зылиха сияқты ғажайып образдарды зор білгірлік-пен, аса шеберлікпен, творчестволықпен пайдаланып отырады. Мұның өзі Хорезми кейіпкерлерінің бейнесін сан қырынан келіп көрсетуге көмектеседі.
“Мұхаббат-наме” дастанының өлең үлгісі негізінен екі тармақты, он бір буынды болып келеді. Дастанның екі, үш, төрт буынды ұйқаспен келетін тұстары да бар.
Бұл дастан ертеректе жазылса да қазақтың лиро-эпикалық жырларымен сарындас, үндес, идеялас, тіпті тұр жағынан да ұқсас болып келеді.
Қорыта айтқанда, Хорезми сәтсіз махабаттың трагедиясын жырлай отырып, өзі емір сүрген дәуірдің қоғамдық-әлеуметтік мәселелерін сөз етеді, сол заманның кейбір теңсіздік мәселелеріне наразылық білдіреді.
Алтын Орда дәуірінің ен, таңдаулы туындыларының бірі саналатын “Мүхаббат-наме” дастанынын, әдеби, тілдік, тарихи тұрғыдан маңызы зор. Хорезмидін. бул ғажайып шығармасын танып-білу арқылы біз бүгінгі қазақ әдебиетіндегі поэма жанрының емірге келу жолдарын, қазіргі қазақ тілінің даму сатыларын, халқымыздың өткендегі әдет-ғұрпын, салт-санасын, т. б. тереңірек ұғынатын боламыз.
ҚҰТБ
Шығыс классикалық әдебиетінің ғажайып үлгілері XIII—XV ғасырларда ұлан-ғайыр қыпшақ даласына кеңінен тараған еді. Фирдауси, Низами, Сағди сияқты есімдері әлемге мәшһур Шығыс ақындарының шығарма-
211
ларын Алтын Орда мен Орта Азия түркілерінің сол кездегі әдеби тіліне көптеп аудара бастады.
Еділ сағасындағы Сарай қаласынан шыққан аса көрнекті ақындардың бірі Құтб еді. Ақын XIV ғасырдың орта кезінде өмір сүрген. Алғашта Құтб Сырдария бойындағы мәдени орталықтардың бірі Сығанақ қаласында тұрады. Ал, Тыныбек Алтын Орда мемлекетінің тағына отырған кезде ол Сарай қаласына қоныс аудар-ды. Кейінірек ол мәмлүктік Египетке барып, сонда тұрып қалған.
Құтб ақынды қыпшақтар арасында “Кұтбы” немесе “Құтып шайыр” деп те атай берген. Ақынның өмірі мен творчествосы жайында мәлімет жоққа тән. Тіпті оның толық аты-жөні де белгісіз. Құтб — ақынның лақап аты болса керек. Құтбтың біздің дәуірімізге дейін сақталып қалған жалғыз шығармасы бар. Ол —“Хұсрау уа Шырын” дастаны1. Бұл шығарма — азербайжан халқының кемеңгер ойшылы, ұлы ақыны Ілияс Жүсіпүлы Низамидің “Хұсрау мен Шырын” атты поэмасының аудармасы. Оны түпнұсқадан, яғни парсы тілінен қыпшақ-оғыз тіліне еркін аударма жасаған ақын Құтб болды.
“ХҰСРАУ-ШЫРЫН ДАСТАНЫ
Дастанның Құтб ақынның бұл дастаны казақ
зерттелуі Тіл оқырманы арасында ерте кезден-ақ
ерекшёліктері. тарағаны жақсы мәлім. Азербайжан
халқының кемеңгер ақыны Низамидің “Хұсрау мен Шырын” поэмасын Құтб ақын қыпшақ- оғыз тіліне 1341 —1342 жылдары аударған болса керек. Бұл — Тыныбектің Алтын Орда тағына отырған кезі. Аудармашы дастанды Тыныбек пен Ханша Малика- Хатунға арнайды.
Құтбтың “Хүсрау-Шырын” дастанының жалпы көлемі —120 парақ, яғни 240 бет. Дастан 4740 бәйіттен тұрады (Низамиде 7000 бәйіт). Соның 4685 бәйіті Құтб ақынның өзі жазған жыр жолдары. Қалғандары шығарманы көшірушілер тарапынан қосылған өлеңдер болып келеді. Құтб дастаны 91 тараудан тұрады.
Бұл дастанның жалғыз дана кешірмесі біздің заманымызға дейін сақталып жеткен. Қолжазба қазір Париж-
1 Бұл шығарма қазақ оқырманы арасында “Хұсрау-Шырын” дастаны деп аталып кеткен.— Н. К.
212
дің ұлттық кітапханасында сақталып келеді. Соның фото көшірмесі негізінде әдеби және тілдік зерттеулер жүргізілді.
“Хұсрау-Шырын” дастанын алғаш зерттеушілердің бірі поляк ғалымы А. Зайончковский болды. Бұл туындыны ол түркі тілінің қыпшақ диалектісінде жазылған аса күнды әдеби мұра деп бағалады. Мұны ол Низами поэмасының тікелей аудармасы емес, қайта өңдеп жазылған туынды шығарма деп таныды. Ал, Е. Э. Бертельс болса, оны Низами поэмасының толық, көркем аудармасы деген болатын.
Көрнекті совет түркологы Ә. Н. Нәжіп парсы тіліндегі “Хұсрау уа Шырын” түпнұсқасы мен қыпшақ-оғыз тіліндегі “Хұсрау уа Шырын” нұсқасының өзек-арқауы бір екенін ерекше атап көрсетеді. Ғалым бұл дастанның Құтб жасаған аударма нұсқасын жартылай төл туынды, дербес роман деп бағалайды.
“Хұсрау-Шырынның” көркемдік және тілдік ерекшеліктеріне кезінде А. Н. Самойлович, А. М. Щербак, Э. Р. Тенишев, Г. Ю. Алиев, т. б. ғалымдар назар аударған болатын.
Құтб аударған “Хұсрау-Шырын” поэмасын қазақ тілі тұрғысынан жан-жақты зерттеп, бұл дастанның ғылыми сөздігін жасап шыққан ғалым А. Ибатов болды1. Бұл сөздікте осы дастандағы 4400-ден астам сөз бен сөз тіркестеріне түсінік беріліп, нақты мысалдармен дәлелденген. Бұл сөздіктен Құтб аударған “Хұсрау-Шырын” дастанының тілі қазіргі қазақ тіліне мейлінше жақын тұрғанын аңғару қиын емес. Мысалы: аваз — әуез, ағач-ағаш, ағыр-ауыр, адаб-әдеп, арслан-арыстан, асман-аспан, бала-бала, балчық-балшық, баш-бас, біліг-білім, ғазаб-азап, дәрт-дерт, даріға-дариға-ай, т. б.
Дастанның Иран елінде бір қарт патша болыпты. Оның
қысқаша Хұсрау деген жалғыз ұлы бар екен. Хұсрау
мазмұны. көп оқып, ер жетіп әдепті жігіт болыпты. Патша ұлының Шапур деген бір суретші досы бар екен. Бір күні ол Хұсрауға әділ патша Мехинбану және оның жиені сұлу Шырын жайында әңгіме айтып береді. Сонда Хұсрау Шырынға ғашық болып қалады. Досын елшілікке жібереді. Шапур алыстағы Армения еліне барып, Шырын
1 А .Ибатов. Құтбтың “Хұсрау уа Шірін” поэмасының сөздігі. Алматы, 1974.
213
серуендейтін бақтағы бір ағашқа Хұсраудың суретін іліп қояды. Жігіттің суретін көрген Шырын оған ғашық болып қалады. Ақыры Шапур бір күні Шырынмен оңаша сырласып, оған Хұсрауды мақтайды. Шырынға жігіттің жіберген жүзігін береді. Ақыры екі ғашық екі елдің шекарасында кездеседі.
Бірақ нақ сол сәтте Хұсраудың әкесі қайтыс болғаны туралы хабар келеді. Хұсрау дереу өз еліне аттанып кетуге мәжбүр болады. Алайда еліне келгенде дұшпандары оған қарсы шығып, әкесінің тағына отырғызбай қояды. Хұсрау амалсыздан тағы да қыздың еліне — Арменияға қайтады. Шырын қыз тойға асықпау керектігін, алдымен Иран тағына иеленіп алу қажеттігін айтып, Хұсрауға кеңес береді. Хұсрау жәрдем алу үшін Румға (Византия) барып, Рум патшасынан әскер алады, әрі оның қызы Мариямға үйленіп қайтады.
Хұсрау әкесінің тағына отырған кезде Мехинбану дүниеден өтіп, патша тағына Шырын отырады. Шырын мемлекетті әділдікпен, білгірлікпен басқарады. Қалалар бұрьшғыдан да гүлдене түседі. Елдің дәулеті артады.
Патша Шырын сол кезде Фархад деген атақты ұста жігітті шақырып, шел-далаларды суландыратын каналдар қаздырады. Сөйтіп жүргенде Фархад Шырынға ғашық болын қалады. Бұған қатты ашуланған Хұсрау қалайда Фархадты құртпақ болады.
Дастанда Хұсрау мен Фархад арасындағы сұрақ-жауап диалогы тартымды етіп берілген. Фархад сұрақ қояды, ал Хұсрау оған жауап беріп отырады. Осы диалогтан бірнеше бәйітті мысалға келтірейік:
Бурун сүрді: не иерліксін сан?
Айттікім: ашықләр шаһаріден мен.
Айтти: анда не санаат қилурләр?
Айтти: жан сатіб, қазғу олурлар.
Айтти: жонни сатмоқлик хато ол,
Айтти: ашық иолында һәм рауа ол,
Айтти: не қадар сеудіцг сан аны?
Айтти: сөзгә сіғмаз хеч байаны.
Айтти: гар иолуқсәңг курса сени?
Айтти: кузга сургум түпракини.
Мазмүны:
Алдымен сұрады: қай жерліксің сен?
Жауап берді: ғашықтар қаласынан мен.
214
Айтты: сенің қандай өнерің бар?
Айтты: жан сатып, жер қазамын.
Айтты: жан сату қателік қой ол,
Айтты: ғашықтық жолында ем ғой ол.
Айтты: Сен оны не үшін сүйесің?
Айтты: Оны айтып жеткізетін сөз жоқ.
Айтты: егер жолықсаң қайтер едід?
Айтты: басқан топырағын көзіме сүртер едім.
Фархад пен Хұсрау арасындағы әңгіме осылайша жалғаса береді.
Хұсрау патша бір күні Фархадқа мынадай шарт қояды.
— Ей, Фархад, сен сонау төбесі көк тіреген Бесотын тауын қақ жарып әскерім өтетін жол сал. Сонда ғана Шырын сұлу сечікі болады,— дейді. Фархад патшаның бұл шартын орындайды. Мұны көрген Хұсрау зәресі қалмай, Фархадқа бір жалмауыз кемпірді жіберіп, Шырын өлді деп хабар айтқызады.
Бұған шыдай алмаған Фархад өзін-өзі өлтіреді. Бұл арада Мариям да қайтыс болады. Ал, сол арада дереу Хұсрау Шекер деген сұлуға үйленіп алады. Бірақ көп ұзамай Шекер де дүниеден етеді. Сол кезде Хұсрау Шырынға барып, кешірім сұранады, әлі де оған бұрынғыдай ғашық екенін айтады. Оған үйленбек ниеті бар екенін білдіреді. Бірақ Шырын асықпайды. Хұсрауға көп ақыл-кеңес айтады. Шырынның кеңесі бойынша, Хұсрау тозып кеткен өз мемлекетін тәртіпке келтіре бастайды. Қалаларды гүлдендіреді, әділетті билік орнатады.
Бірақ ғашықтардың ғұмыры үзақ емес екен. Хұсраудың Мариямнан туылған баласы Шеруя сарай әкімдерімен астыртын сөз байласып, Хұсрауды қапылыста өлтіреді. Әкесін өлтірген соң ол Шырынға үйленбекші болады. Бірақ Шырын өзінің Хұсрауға деген махаббатын аяқ-асты етпейді. Шырын өз қол астындағы құлдардық барлығын азат етіп, мал-мүліктерін кедейлерге үлестіріп береді де, Хұсрау қабіріне келіп өзіне-өзі қанжар салып өледі.
215
Құтб Шығыс поэзиясыныд ең таңдаулы үлгілерін аудармасының көркем аударма жасаудың кеңінен тараған ерекшеліктері. кезінде өзіндік бірнеше түрлі дәстүрі, әдісі болған. Мәселен, назирагөйлік әдісінде өзінен бұрынғы ақын жазған сюжетті, образды, тақырыпты бетке ұстай отырып, аудармашы идеясы мен мазмұны, көркемдігі мен формасы жағынан мүлдем жаңа шығарма жазып шыққан. Ал, көркем аударма әдісі бұдан өзгешелеу болып келеді. Мұндай әдісті қолданғанда аудармашы-ақын өз жанынан азды-көпті өзгерістер, жеке эпизод, ой-пікірлер ен-гізуі мүмкін болған. Дегенмен түпнұсқаның жанры мен негізгі екершеліктері сақталып отырған. Міне, Құтб ақын “Хұсрау-Шырынды” аударғанда дәстүрлі тақырыпқа шығарма жазудың осы әдісін шебер қолданған. Ол түпнұсқадағы идея мен сюжетті, мазмұн мен форманы, дастанның көркемдік ерекшеліктерін сақтай отырып, оған өз дәуірінің, ХІV-ғасырдағы Алтын Орда мемлекетінде орын алған әлеуметтік құбылыстарды табиғи түрде енгізе білген.
Ақын Құтб аудармашы ретінде Низами жасаған жеке көріністерді егжей-тегжейлі қайталап жатпайды. Құтб ақын Низами дәуірі үшін маңызды болған кебір оқиғаларды аудармай тастап кетіп, оның орнына XIV-ғасырдағы қоғамдық-саяси көкейтесті мәселелерді қосып жырлайды.
Соның өзінде Құтб өзінен бұрын Низами көтерген идеялардың ХІV-ғасыр үшін де өз мән-мағынасын жоймағанын жақсы білген. Сондықтан аудармашы түп-нұсқаның идеясы мен сюжетін сақтап қалуға барынша әрекет жасап отырған.
Дегенмен Құтб аудармасының өзіндік ерекшеліктері де аз емес. Низами дастанда қала өмірің патша сарайлары мен бау-бақшаларды көбірек көрсетеді. Ал, Құтб болса, негізінен мал шаруашылығымен, аңшылықпен тіршілік ететін Алтын Орданың дала қыпшақтары мен оғыздарының өмірін суреттейді. Қүтб жырлаған қаһармандар қашанда қылыш пен қалқан асынып, ұдайы атқа мініп жүретін, шетінен аттың бабын білетін шабандоз жандар.
Сондай-ақ Низами суреттейтін той-думанда зәулім сарай ішіндегі кілемдер, қымбат жиһаздар, шарап ішіп, бас шұлғып отырған бекзадалар, қылымсыған қыз-келіншектер өз көріністерін тапқан. Ал, Құтб ақында
216
шарап емес, қымыз ішеді той-жиын сарайда емес, көк” майсалы ен далада болады. Тойға жиналған жұрт қобыз сарынын тыңдап, бас шұлғиды.
Низами ез дастанында Хұсраудың таққа отыру салтанатын оның дүние-жиһазын, ақсүйекті ата-тегін мақтаудан бастайды. Ал, аудармашы Құтб дүни-мүлік, атақ-дәреже емес, Хұсраудың әділетті, оқыған, адамгершілігі мол жан екеніне кебірек көңіл бөлген.
Адам бойындағы ең асыл қасиеттерді — адамдықты, мейірімділікті, бауырмалдылықты, мөлдір махабатты, білімділікті, еңбек сүйгіштікті ту етіп көтерген бұл дастанның зор тәрбиелік, танымдық мәні бар.
Шырын “Хұсрау-Шырын” дастанының басты қаһарманы
образы. Шырын. Дастанда Шырын тек сұлу қыз, адал жар ғана емес, сонымен бірге, ол әділетті патша, халық қамқоршысы. Сондай-ақ ол дастанның екінші бір басты қаһарманы Хұсрауды қайта тәрбиелеген мейірбанды жан.
Шырын өз елінде ғана емес, сүйген жігіті Хұсраудың мемлекетінде де әділдік пен тыныштық, дәулетті тұрмыс-тіршілік орнатуға барынша күш салады. Құтб осы Шырын образы арқылы мемлекетті қашанда әділ, білімді, инабатты, мейірбанды, жандар басқаруы керек деген пікір айтады.
Шырын патша тағына отырған кезде бүкіл мемлекетте әділеттілік орнап, енді залымдар мен сараңдар өзінен-өзі жоғалып кетеді:
Енді қой мен қасқыр қатар тұрып,
Бір бұлақтан су іше бастады.
Бұл арқылы Низами да, Құтб та, егер ел билеген әкімдер әділетті болса, бір-біріне қасқыр мен қойдай болып жүрген бай мен кедейлер өзара келісіп кетер еді деген пікір айтпақ. Бірақ бұл таптық тұрғыдан мүлдем қате пікір. Таптар арасындағы антагонистік қайшылық гек таптық күрес арқылы шешілетіні жақсы мәлім.
Дегенмен зұлымдық пен ислам дінінің қара түнегі қаптаған орта ғасырда әділдік туралы пікір айтып, сөз қозғаудың өзі үлкен прогрессивті құбылыс еді.
Шырын өз махаббатына еле-өлгенше адал жан. Ол Хұсрауды, жан-тәнімен беріліп сүйеді. Сүйіспеншілік жолындағы қиыншылық атаулының бәрін жеңіп шығады. Тіпті Хұсраудың жағымсыз қылықтары мен жеңіл желпі мінездеріне де кешірімділікпен қарайды. Махаббат жолында құрбан болады.
217
Хұсрау Дастандағы ең күрделі образ — Хұсрау бейнесі.
образы. Хұсрау шығармада екі түрлі қырынан көрінеді. Бірі махаббатқа опасыз, ойын-сауыққа құштар, жеңіл мінезді, залым — Хұсрау. Хұсрау — екінші жағынан, елге қайырымды, әділ патша ретінде бейнеленген.
Дастанда осы екі Хұсрау арасында ұзақ уақыт күрес болады. Біресе Хұсраудың жағымды мінез-құлқы жеңіп, ал келесі жолы ұнамсыз жақтары басым түсіп жатады. Ол көңіл көтеру қамын ойлап, ойын-сауыққа берілген кездерінде мемлекетті басқару істерін ұмытып кетеді.
Хұсрау бойындағы сүйіспеншілік сезімі алғашта тұрақсыздау болып келеді. Сол кез де ол Мариямға, кейінірек Шекерге үйленеді. Ол шынайы сезімнің өзін өткінші нәрсе деп біледі. Бірақ Хұсрау бұл күйінде қалмайды. Шырынның ақыл-парасаты арқасында өзгереді. Өз сүйгені жолында ажалдан да тайсалмайтын қаһарманға айналады.
Хұсрау енді патша ретінде де ұнамды істерімен жұрттың алғысына бөлене бастайды. Елді жақсы басқарып көптеген игілікті істер тындырады. Ол басқарғаи мемлекет қайта гүлденеді. Хұсрау халыққа көп қамқорлық көрсетеді. Бүкіл елде әділдік, тыныштық, бақытты өмір орнайды.
Сөйтіп, ақын феодалдық қоғамның азғындык жолына түсіп кеткен зұлым әкімдерін Хұсрау бейнесінен үлгі-өнеге алуға шақырады. Өйткені автор ел билеген әкімдерге ақыл-кеңес айту арқылы феодалдық қоғамның қайшылықтарын жоюға болады деп ойлаған.
Низамидің басты мақсаты — Хұсараудың қайта тәрбиеленіп, жақсы адам, әділ патша болуын сипаттап көрсету еді. Құтб автордың осы түпкі ойын дұрыс түсініп, Хұсраудың психологиялық тұрғыдан қыпшақ даласына лайықты образын сөз зергерлеріне ғана тән ғажайып шеберлікпен жасап шыққан.
Дастандағы Фархат бейнесі ерекше назар аударады. Фархад — еңбекқор адам, ғалым, данышпан. Дастанда Фархад арқылы нағыз ғашық адамның бейнесі жасалған. Оның Шырынға деген шынайы сүйіспеншіліг” жігіттің жігеріне — жігер, күшіне — күш қосып, оны ерлік істерге шабыттандырып жібереді.
218
Фархадтың өлімі оның жеңілгені емес, жеке басынық трагедиясы болып табылады. Ал, Хұсраудың жеңісі — оның дәрменсіздігі мен рухани жеңіліске ұшырағанының белгісі еді.
Патша тағы мен тәжі үшін, мансап пен алтын үшін өз әкесін өлтірген шаһзадалар тарихта көп болған. Мұндай жиіркенішті, қанды оқиғалар Алтын Орданы билеген Жошы хан ұрпақтары арасында да кезінде етек алған еді. Адамдық қасиеттен жұрдай болған осындай жауыздардың типтік бейнесі дастанда Шеруя образы арқылы көрінеді.
Ол әкесін өлтіріп, патша тағына отырады. Бірақ мемлекет істері, халық жағдайы оны қызықтырмайды. Шынайы сүйіспеншілік сезімі де оған жат, түсініксіз нәрсе болып көрінеді. Сөйте тұрып, Шеруя өзінің өгей шешесіне “ғашық” болады. Шеруя бастаған залымдар-дың кесірінен бүкіл ел күйзеліске ұшырайды. Ақырында Шырын да Хұсрау да қайғылы қазаға душар болады.
Сөйтіп, қыпшақ-оғыз тіліне өз дәуірінің белгілі ақыны Құтб аударған “Хұсрау-Шырын” дастаны ұлы Низамидің прогрессивті ой-пікірлерін білдіре отырып, сонымен бірге, XIV ғасырдағы Алтын Орда мемлекетінің ішкі және сыртқы қоғамдық-әлеуметтік мәселелерін де зор шеберлікпен ашып көрсетеді.
Бұл дастанда діни-мистикалық әдеби шығармаларға қарсы бағытталған, осы өмірдің нақты шындығы бейнеленеді. Ақын адамгершілікке, әділдікке, ынсапты болуға, туған жерді туған анаңдай жақсы көруге, қара бастың қамынан гөрі халық мүддесін қашанда жоғары қоя білуге, енер-білімді игеруге, махаббатқа адал болуға үндейді.
“Хүсрау-Шырын” дастаны қазақтың лиро-эпостық жырларымен сарындас, үндес, соларға мейлінше жақын болып келеді. Мұны Құтб дастанының идеясы мен мазмұны, композициялық құрылысы мен баяндау тәсілдері, көріктеу құралдары, т. б. толық дәлелдейді.
САЙФ САРАИ
“Гүлистан бит-турки”
(“Түркі тіліндегі Гулістан”)
Сайф Сараи —Алтын Орда әдебиетінің XIV ғасырдағы аса көрнекті өкілдерінің бірі. Ол лирик және эпик ақын, жазушы және аудармашы ретінде түркі тектес
219
халықтар әдебиеті мен тілінің өзінен кейінгі кезеңдерде дами түсуіне мол үлес қосып, едәуір ықпал еткен қаламгер.
Сайф Сараи творчествосын ұзақ жылдар бойы зерттеген көрнекті совет ғалымы Ә. Н. Нәжіп ақын өз шығармаларының бәрін қыпшақ тілінде жазғанын айта келіп, әрі оның қыпшақтар ішінде кейінірек қазақ халқының негізін құраған ру-тайпалардан шыққанын ерекше атап көрсетеді1.
Ақын өмірі мен творчествосы жайында көп мәлімет сақталмаған. С. Сараидың бізге жеткен жалғыз көлемді еңбегі бар. Ол—“Гүлистан бит-турки” (“Түркі тіліндегі Гүлістан”) деп аталады. Ақын бұл еңбегін Еділ сағасындағы Сарай қаласында бастап, Египеттегі Ніл өзені бойында жазып бітірген екен. Бұл өзі парсы-тәжік әдебиетінің классигі Сағди Ширазидің “Гүлстан” атты шығармасының еркін аудармасы.
Ал, Сайф Сараи осы “Гүлстанды” қашан қыпшақ тіліне аударып біткені жайында өз кітабының соңында мынадай мәлімет береді:
Биз насыхат шартын ош қылдук байан
Ким иетмиш болса биза не зийан.
...Муддати хежрат йеди йуз тоқсан уч
Иыл еди ким азалды қалмади куч
Ол шаввал еди ким, ей азиз
Хатм олди бу “Гулистан” намамиз.
Мазмұны:
Біз баян еттік сіздерге насихат сөзін,
Жетпістің жетегіне ерген кезім.
Хижра бойынша жеті жүз тоқсан үш
Бойдан қуат қашып, азайды күш.
О, қадірлім, тамылжыған тамыз еді,
“Гүлстан” жырын жазып, бітірдік іс,
Бұл мәліметтерге қарағанда Сайф Сараи хижра жыл санауы бойынша, 793 жылдың тамыз (шаввал) айында “Гүлстанды” аударма жасап бітірген. Бұл — жаңаша жыл санау есебі бойынша, 1391 жылдың тамыз айы. Ақын “Гүлстанды” жетпіс жасымда аударып біттім деп отыр. Демек, “Сайф Сараи 1321 жылы туылған екен. Бұл кезде Алтын Орданы Өзбек хан билеп түр еді.
Сонымен, Сайф Сараи Алтын Орда мемлекетінің
1 Э. Н. Наджин. Тюркоязычный памятник XIV в “Гулстан” С. Сараи. Алма-Ата, часть I и II, 1975.
220
күш-қуаты нығайып, ел іші бейбіт, тыныш кезінде Сарай қаласында болады. Ал, кейінірек хан ұрпақтары арасында тақ үшін таластар басталып, Дешті қыпшақта аласапыран заман туған кезде ақын туған жерден алысқа кетуге мәжбүр болады. Ол қалған өмірін Мысыр (Египет) елінде өткізіп, 1396 жылы сонда дүние салады.
“Гұлистан 1915 жылы Анкарада шығатын жур-
бит-турки” қолжаз - налдардың бірінде түркі тіліне аударылған басының табылуы, Сағдидің “Гүлстан” дастаны Голландиядан
зерттелуі, табылғаны туралы шағын ғана хабар
жариялануы. жарияланды. Бірақ оған ешкім назар аудармады. 1950 жылы профессор Феридун Нафиз Узлук Голландияньщ Лейден университеті кітапханасы қорынан “Гүлістанның” фото кешірмесін алып, оған шағын алғы сөз жазды да, 1954 жылы Анкарада жеке кітап етіп басып шығарды.
Алайда қыпшақ тілінде жазылған орта ғасырдың аса құнды әдеби ескерткіші —“Гүлстан бит-түрки” шығармасын егжей-тегжейлі зерттеген совет ғалымы Ә. Н. Нәжіп болды. Ғалым С. Сараи шығармасының қызықты жазылу тарихын, оның әдеби мәнін, тілін, сол дәуірдің әдеби және тілдік ерекшеліктерін кең көлемде зерттеп, “Гүлстан бит-туркті” қазіргі орыс графикасы бойынша транскрипция жасады, әрі орыс тіліне жолма-жол аударма жасап шықты. Сондай-ақ С. Сараи аудармасының өзіндік ерекшеліктерін ашты, шығарманың қыпшақ тілінде жазылғанын толық дәлелдеп берді. Бұл әдеби ескерткіш түркі тілдерінің ішінде қазіргі қазақ тіліне өте-мөте жақын тұрғанын ашьш көрсетті.
“Гүлстан бит-турки” қазіргі өзбек тіліне аударылып, басылып шықты.
Достарыңызбен бөлісу: |