Қазақ елінің әлемдік кеңістікте өз жолын таңдауы — әрбір қазақтың емін-еркін өмір сүруінің кепілі. Ол, сөзсіз, «ұрпақ қамы» деген ұғыммен үндеседі. Ел болу, мемлекет құру — сонау түркі заманынан бермен қарай желісі үзілмей келе жатқан ұлттық арман-тілек. Ел болу —болашаққа ашылған даң-ғыл жол. Сол жолды ұлттық тәрбие арқылы жүруді үйренсек, ешкімнен кем болмайтынымыз анық. Ұлттық тәрбие — ұлттық сана-сезімі жоғары жастар-ды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі.
Қазақ атамыз „Білекті бірді, білімді мыңды жығады“ деген сөз қалдырған. Қазақтың бұл мақаланың өзі бүгінгі күні айрықша мәнге ие болып отыр. Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымда болатын уақытқа келдік. Білімнің қуатына тең келетін басқа идеялық — рухани күш, қуат көзі жоқ екені белгілі. Өйткені, білім — тек ғылымның іргетасы ғана емес, сонымен бірге, тасы өрге домалаған еңсесі биік елдермен терезесі тең мемлекет болудың күре тамыры, ел дамуының алтын қаруы. Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену үрдісі бір сәтке толастамайды.
— Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауында биылғы жылды Жастар жылы деп жариялағанын еліміздің барлық жастары зор шабытпен қабылдағандарына сенімдімін. Бұл бізге деген сенім мен жауапкершіліктің айқын көрінісі. Президент сенімін ақтау үшін біз, жастар, жастар игілігі үшін жаңа, тың бастамаларды қолға аламыз. Барлық күш-жігерімізді біріктіріп, жаңа әлемге жол саламыз. Ол жол — Елбасымыз айқындап берген, елімізді ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына апаратын жол. Ол жол — әрдайым алға ұмтылуды, бірлікті, еңбек пен жаңашылдықты қажет ететін жол.
Қазақстан жастары – белсенді де жарқын топ. Олар кез келген шыңды, тіпті әлемді бағындыруға дайын. Ақылды да тапқыр, жас та жігерлі қазақстандықтардың алдында өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін керемет болашақ күтіп тұр. Біз- барлығымыз да қайталанбас бірегей тұлғалармыз. Біздің жастар даңқы әлемге танылатын дизайнер, режиссер, ғалым, сәнгер болуда. Олар бионикалық протез ойлап тауып, робот техникасын зерттеуде, керемет фильмдер түсіруде, өнер туындыларын жасап, теңдесіз идеяларды тудыруда. Дамыту мен құлшыныс туғызу үшін барлық жағдайды жасап, бұл бастамаларды жан-жақты қолдау аса маңызды. Біздің алдымызда осының барлығын игеріп, өз әлеуетімізді тиімді пайдалану міндеті тұр. Ал бұл жолда біз анықтап алуға тиістінің ең басты талабы мынандай болмақ: «Біздің ең маңызды әрі бағалы құндылығымыз – осы жерде өмір сүріп жатқан адамдар» Ендеше талабымыз да, бағдарымыз да айқын: "Біздің ең басты құндылығымыз - осы жерде өмір сүріп жатқан адамдар, басты мақсатымыз - қуатты мемлекетті құру.
Тәрбие мен оқу-білімді егіз дүние ретінде қарастырып, тәрбие арқылы берілетін білімнің болашағы әрқашан баянды болатынын назарынан ешқашан тыс қалдырмаған мен оқитын Өмірхан Қозыбақ ағай басқарып отырған Б.Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназиясының ұжымы да көптеген жұмыстар атқарып келеді. Жастарды білім жолына салып,түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар білімнің тізгінін ұстауда ұстаздар еш аянып қалмайды.
Мен,Жұмабаев Қазыбек Сабыржанұлы, аталмыш мектептің 11-сынып оқушысымын.
Республикада көш бастап тұрған мектебімде биыл 74 бітіруші түлектің 48-і «Алтын Белгі», 26-ы Үздік аттестатқа үміткер.
Қазіргі уақыт адамзат биігін білекпен емес, біліммен бағындырудың заманы екендігін мұны анық сезінген менің қатарластарым, білім бұлағынан молынан сусындауға зейін қоюда.
Қазақта «Жас келсе – іске» деген сөз бар. Ақылды технология заманында ақыл да, тың идея да жастардан шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |