Қазақ этнопедагогикасы



бет6/7
Дата07.02.2022
өлшемі111,63 Kb.
#89926
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Қазақ этнопедагогика

Санамақтар


Санамақ — қазақтыі жас балаларына (4 — 7 жас) арналған ұлттық ойын. Зеректікті, ептілікті пен икемділікті қажет ететін ойындардың қатарына жатады. Сандарды қайталап айтқызу арқылы балаға алғашқы матем. дәріс — санауды үйретеді. Санамақ айтылғанда әр санның атына бір ұқсас сөз қосылып айтылады. Мыс.: бір дегенім не? Бір дегенім білеу Екі дегенім не?— Екі дегенім егеу үшеу дегенім не? — Үш дегенім үшкір,төрт дегенім не? — Төрт дегенім төрткүл. Санамақ ойыны осылайша сұрақ қойып, түрлі сандар мен сөздерді қайталап айтқызу арқылы баланың ойлау қабілетін арттырып, сөздерді анық айтуды үйретеді. Қай халықтың болмасын балалар ойындарын бастауда санамақтар басты рөл атқарады. Өзiнiң ерекше кең таралуымен де, балалар көңiл күйiне әсерлiгiмен де, сандық көлемi жағынан да бұл жанр ойындық балалар фольклорында ерекше маңызды орын алады.
Бір- таңертең тұр.
Екі- шынығып бекі.
Үш- тазала тіс.
Төрт- сабындап жу бет.
Бес- сүртін тез
Алты – үйді жина жалпы.
Жеті- киін енді.
Сегіз- асыңды жеп, іш.
Тоғыз- ыдысты жу тегіс.
Он- сабақ оқы.
Осыдан соң, бұл санамақ жаңа Күнде өстіп сана.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет