Қазақ филологиясы кафедрасы 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет2/130
Дата05.02.2022
өлшемі2,03 Mb.
#16485
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   130

1. Оқытушы туралы мәлімет


Ф.ғ.к. доцент Шарабасов Серікқали Ғабешұлы
Байланыс телефоны : ж/т., 51-30-62 - ү/т., 26-07-28
Бас ғимарат, 4 қабат, 409 дәрісхана
Кафедрада болатын уақыты: сабақ кестесі бойынша
Электронды пошта: kazfilfak.@mail.ru


2. Пән туралы мәлімет:
Атауы: «Әдебиет теориясы»
Кредит саны: 2
«Әдебиет теориясы» пәні
Сырттай оқу бөлімінде де 2 кредит. Семестр 4 оқу аптасынан және 2 апта сессиядан тұрады. Бір аптада 1 кредит сағат саны, әр кредит сағат саны (дәріс, практика) 1 байланыс сағаттан және 1 сағат СӨЖ, 1 ОЖСӨЖ тұрады.


«Әдебиет теориясы» пәні – жоғары оқу орындарында филология мамандықтарына оқытылып жүрген негізгі пән. «Әдебиет теориясы» III курста оқытылады.Бұл уақытқа дейін дәріс тыңдаушылар фольклор, көне дәуірден бүгінге дейінгі әдебиет тарихы, дүние жүзі әдебиеті мен мәдениеті, философия, әдептану, психология, саясаттану, мәдениеттану, әлем тарихы, тіл білімінің барлық салаларынан мол хабардар болады. Оның үстіне шәкірттер «Әдебиеттану ғылымының негіздерін» өту кезеңінде «Әдебиет теориясы» оқулықтарын пайдаланады.Қазақ тіліндегі А. Байтұрсынов, Қ.Жұмалиев, З.Қабдолов еңбектерімен егжей-тегжейлі танысу мүмкіндігі айрықша. Сондықтан жоғары курста әдебиет теориясын эстетика мәселелерінің аясында пайымдау қажеттігі туады.Студенттер бастапқыда алған білімдерінің негізгі қағидаларын еске түсіріп қана қоймай, мейлінше терең жаңғыртады, әрі бұрын белгілі бір дайындықсыз тыңдаған теориялық заңдылықтарды есейген көңіл, таныммен топшылауға ұмтылмақ. «Әдебиет теориясының» «Әдебиеттануға кіріспені» қайталау емес екенін түсіну қажет әрі соны мәселелер көтеріп, талдау, жаңа ғылыми аспектілерге бару, тың ой, тұжырымдар ұсыну, дәріс мазмұнын ұтымды мысал, пайымдау, дәйекті тұғырнамалармен толықтыру, тыңдаушыларды еліту, жалықтырмау ұстаздар үшін үлкен міндет екенін де ескеру лазым.
Пәннің мақсаты: Курсты өту барысында әдебиет теориясы ауқымындағы поэтика, стиль, жанр тәрізді негізгі мәселелермен шектелмей, әдебиеттанудың өзге салалары: әдебиет тарихын зерттеу аялары мен жолдары, историография, библиография пәндерінің мән, сыры, текстология мен әдебиет сынының теориялық, практикалық ерекшеліктерін ашып беру.
Пәнді оқыту міндетттері: «Әдебиет теориясы» бұрын өтілетін «Әдебиеттануға кіріспе» пәнінде қысқаша баяндалып кететін ұғымдар мен категорияларды эстетика қағидаларымен тамырлас алып, жан-жақты терең қамтуға тиіс. Әдебиет туралы теориялық ой-пікірлердің қалыптасу кезеңдерін қазіргі дәуірге дейінгі аралықта мейлінше толымды жүйелеп, саралау қажет. Дәрістерде әлемдік эстетика тұғырнамалары, әдеби тәжірибелер ұлттық әдебиеттану, көркемдік өнер мысалдарымен өзара ұшатыстырыла негізделмек.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет