Қазақ филологиясы кафедрасы


Тақырыбы:Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы. Дәріс мазұны



бет23/70
Дата04.03.2023
өлшемі0,74 Mb.
#171021
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   70
Байланысты:
?àçà? ôèëîëîãèÿñû êàôåäðàñû

Тақырыбы:Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы.
Дәріс мазұны:

  1. Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі.

  2. Шәкәрім Құдайбердіұлының ақындығы, лирикалары

Дәріс мақсаты: Шәкәрім Құдайбердіұлының ағартушылық, адамгершілік, демократтық бағыттағы шығармалары туралы баяндау. Оны бүгінгі күнгі өмір тынысымен салыстыру.
.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүріп, қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өміріне ке йде айтарлықтай белсене араласып, гуманистік, адамгершілік, демократтық, ағартушылық идеяларды уағыздаған, мол көркем мұра қалдырған Шәкәрім Құдайбердиев еді. Ол – әрі ақын, әрі прозаик, әрі аудармашы, філософ, тарихшы, біршама журналистикаға да араласты.
Шәкәрімнің бай әдеби мұрасында өзі өмір сүрген дәуірдің қоғамдық көріністері, ақыл-ой ізденістері, толғамды тұжырымдары із қалдырды.
Шәкәрім Құдайбердиев 1858 жылы 11 шілдеде Шыңғыс тау бөктерінде, қазіргі Семей облысының Абай ауданында туған. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Шәкәрім олардың немересі, яғни Абайдың немере інісі.
Шәкәрім шығармашылығының басым көпшілігі – поэзиялық шығармалар. Сөз өнерінің осы байырғы түрі – поэзияда, ең алдымен, адам қмірінің қат-қабат қыры мен сыры, қуат бере қуанышы мен қартайтар қайғысы, алға тартар арманы мен жетелер үміті, сәулелі серпін туғызар мұрат-мақсаттары – баршасы көркем бояулармен, сан қилы ою-өрнегімен көрініс табатыны хақ. Шәкәрімнің поэзиялық шығармаларының мазмұны да бай, сала түрі де мол. Егер тақырыптық және жанрлық мазмұн тұрғысынан қарасақ,Шәкәрімнің поэзиясында азаматтық лирика да, философиялық лирика да, махаббат лирикасы да, табиғат лирикасы да бар, ода, елегія, сонет, тарихи баллада, халық өлеңдері түрінде жазылған шығармалар да кездеседі. Бұл жағынан Шәкәрім қазақ лирикасын айтарлықтай жаңғыртып байытты, поэзия мәдениетін дамытты.
Шәкәрім мұрасында эпостық жанрдың бір түрі, белгілі бір оқиғаны өлеңмен баяндайтын, сюжетке құрылатын шығармалар – поэмалар елеулі орын алған.
Ақыл мен ақындық қуаты толыға бастағаннан шығыста «Ләйлі-Мәжнүндерді», батыста «Ромео-Джульетталарды» танып, іштей түлеген, жаңа бір дүниелерді жарқ еткізсем деп құлшынған ақын сол кездегі ел аузында аңыз, ел көзінде елес боп жүрген дастан-трагедияға сұранып тұрған, өзіне бала жасынан қанық Қалқаман-Мамырға жабысты. Қазақ даласының шындығын тарихи тұрғыдан да жақсы таныған Шәкәрім екі ғашықтың өмірлік трагедиясын бүкіл трагедиямен шебер жалғастырды.
Ал бұл дастаннан кейін туған – «Еңлік-Кебек» - Шәкәрім Құдайбердиевтің жаңа белесі, жаңа шыңырауы. Поэмада халық – ғашықтар тілектесі. Махаббат үшін іркілмеген, ер лік шыңынан көтерілген екі жас жарт көзінде аңызға, әнге, күйге айналды.
«Ләйлі-Мәжнүн» Шәкәрімнің шығыс алыптарымен жарысқа түскенде көтерілген жаңа биігі, жаңа тау десек те болады. Бұл тау қазақ даласына түгел көрінген қарлы шыңы, қара орманы, тасқын өзендерімен, барлық ғажайыптарымен көрінген бүкіл халқымызды қуанышқа бөлеген биік еді.
Шәкәрімнің прозалық туындылары – тарихи, ғылыми, философиялық шығармалары – шежіренама «Түрік, қырғыз қазақ һәм ханлар шежіресі», «Мұсылмандық шарте» трактаттары, «Бәйшешек бақшасы» әңгімелер топтамасы, «Қайғылы роман» деп. атаған шығармасы, «Мәңгі сөздер» афористік топтама, «Шын бақтың айнасы», «Мен жетпіс екі жасқа келгенше» т.б. толғамдар қосылды.
А.С.Пушкиннің «Дубровскиий» романын, «Боран» повесін қазақ тіліне өлеңмен аударуы оның шығармашылығында ғана емес, қазақ әдебиеті және мәдениеті тарихында елеулі оқиға еді.
Спандияр Көбеев ХХ ғасыр басындағы әдебиетімізде көрінген жазушы әрі педагог. Ол Ыбырай Алтынсариннің шәкірті. Жасында орысша білім алып, 1901 жылдан бастап өмірінің соңғы күндеріне дейін халық мұғалімі болван. Спандияр 1905 жылғы революція әсерімен ерте оянып, феодалдық құрылысқа, ескі әдет-ғұрыпқа қарсы шығады. 1908 жылы өзінің «Қалың мал.» атты реали стік романын жазады. Ол тұңғыш рет 1913 жылы жарыққа шыққан.
1951 жылы оның «Орындалған арман» дейтін мемуарлық повесі басылды.
Қазақ әдебиетінде роман жанрының негізін салушы С.Көбеев болған еді. Қазақтың тұңғыш романы «Қалың малдың» бас тақырыбы әйел теңсіздігі десек те, онда тап күресінің де таңбасы айқын. Ескіліктің, екі жақты қанаудың да ащы сыны болды. Онда 1900 жылдан соңғы 5-10 жыл ішіндегі қазақ ауылы өмірінің шыншыл суреті берілген. Автор малға сатылып, шалға берілген қазақ қызының ауыр тағдырын жалпы қазақ әйел басындағы халмен байланыстырып, аса шыншыл да нанымды түрде суреттейді. Сонымен қатар Айшаны крес арқылы теңіне жеткізіп, 1905 жылдан соң туған әйел, жастар басындағы жаңалық лебін де көрсетуге тырысқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет