Қазақ филологиясы кафедрасы



бет18/28
Дата14.10.2023
өлшемі0,54 Mb.
#185383
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28
Байланысты:
ТЖКА силлабус КТА

28-30- СОӨЖ тақырыбы: Қаламгер қиялы
Тапсырмалар: ғылыми фантастикалық бағыттағы туындыларды талдау
Есеп беру түрі: жазбаша талдау жұмысы
СӨЖ тапсырмалары: Ж. Сахиев «Тіршілік ұясы» туындысын талдау
Есеп беру түрі: ауызша талдау жұмысы
Негізгі әдебиеттер:
1.Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 10-том. - Алматы. ҚАЗақпарат, 2006.
2. Майтанов Б. Тәуелсіздік – күрес мұраты: зерттеулер мен мақалалар. Алматы. Құс жолы, 2012.
3. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. -Алматы: Санат, 1996.
4. Қазақ көркем сөзінің шеберлері: анықтамалық. Қарағанды. Экожан, 2010.
5 . Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті.-А: Қазақ универиситеті. 2002
6. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және қазақ әдебиеті. – Алматы, 2011
7. ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиеті. – Алматы: «Арда», 2011. – 640 б.
8. Қазақ әдебиеті энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы. Аруна, 2005.
Қосымша әдебиеттер:
1. Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік. - Алматы: Жазушы, 1993
2. Серікқалиев З. Ақ жол. -Алматы: Жазушы, 1990
3. Атымов М. Қазақ романдарының поэтикасы. - Алматы: Ғылым, 1995.
4. Әбдезұлы Қ. Қазақ прозасы және ұлттық идея. -Алматы: Қазақ университеті, 2005.
http://adebiportal.kz/; https://massaget.kz/; http://adebiet.kz/; https://kitap.kz/; http://classic.nlrk.kz/; https://inside.wksu.kz/;


11-апта
21-22 дәрістің тақырыбы: Аударма өнері: кеңістік пен көркемдік
Сағат саны: 2
Терминдер мен анықтамалар
Аударма – сөз өнерінің арналы салаларының бірі. Аударма – түпннұсқаға сай болуы тиіс. Аударма туындыда ой-сөз жүйесі, құрылым-мағынасы, көркемдік-эстетикалық қуаты кең көлемде көрінуі қажет.
Аударма – бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі толық қайталай бейнелейтін тілдік қимыл. Аударма сөз, әдебиет, публицистика ғылымдарының ажырамас бір бөлігі. Әрі халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы. Аударма халықтың мәдени өмірінің бір саласы, халықтар арсындағы үзілмейтін үрдістің бірі.
Көркем аударма – әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
Аударма және қазіргі әдебиет үдерісі. Көркем аударма дәстүрі. Әлем әдебиетіндегі аударма үлгілері мен тәжірибелері.
Ұлттық әдебиеттегі көркем аударманың орны. Қазақ көркем сөзінің қалыптасуы мен кең өрісті дамуына, оған тән қажетті критерий өрісінің бекуіне әсер-ықпалы.Аударма әлемі мен сипаттары.
Аударма өнері. Аударма мектебінің қалыптасуы. Аударманың өзіндік белгі-ерекшеліктері. Көзқарас, ізденістер.Жанр жүйесі.
Аударма өнерінің ұлт топырағындағы көріністері. Алаштың қайраткерлер-қаламгерлерінің аударма ісіне қатысты еңбектері, көзқарасы.
Ұлт қаламгерлері – Ж.Аймауытұлы, М,Әуезов, С.Мұқанов т.б. аударма өнеріне қатысты көзқарас, еңбектері.Сапалық қырлары.
Кейінгі жылдардағы көркем аударма үлгілері. С.Әбдірахманов «Бейбарыс», А.Егеубаев «Махмұт Қашқари сөздігі», Ғ.Мұқанов «Қилы заман», Н.Шәкеев «Сұм заман», Ә.Жұмабаев «Қиял патшалығын іздеу», «Көне түріктер», «Хундар» т.т. көзқарастар.
Аударма өнеріндегі басты мұраттар: көркемдік, тілдік ізденістер.
Аударма мектебінің ұлттық үлгілері. Оның ұлт әдебиетіне, руханият өрісіне, қалың көпке әсер-ықпалы. Уақыт сыры.Кезең келбеті.
Аударма ісінің білім-ғылым өрісіне, қалың көпшілікке берер рухани маңызы. Руханият ісіндегі орны.Аударма әлемі мен мұраттары.
Аударма өнерінің халықтар достығы, ақын-жазушы шығармашылығына әсері. Дәнекерлік, үлгі-өнегелік сипаты.
Аударма ісіндегі дәлдік, көркемдік, танымдық белгілер. Тілдік –стильдік ерекшеліктер. Көзқарас, ізденістер.
Ұлттық сөз өнеріндегі аударма жасау дәстүрі. Абайдың – Гетені, Ю.Лермонтовты, А.Пушкинді аудару тәжірибелері. Ы.Алтынсариннің – К.Д.Ушинскийді ,Шәкәрім – Л.Толстойды, А.Пушкинді, А.Байтұрсынұлы – И.Крыловты, т.б. көркемдікпен аударуы. Ж.Аймауытұлы, М.Әуезов аударманы өнер деп таныды. Түпнұсқа мен көркемдік хақында маңызды мәселелер қозғады.Көзқарастар,ізденіс жүйесі.
Аударма өнерін – Х.Өзденбаев, Т.Нұртазин, І.Жарылғапов, Ә.Жұмабаев, Г.Бельгер, Ж.Ысмағұлов т.б. жан-жақты дамытты. Дәлдік пен көркемдікке мән берді. Шынайылық пен шеберлікке назар аударды.
Аударма өнерінің жаңа сапаға көтерілуі. Көркем аударманың тарихы мен теориясының зерттелінуі. Аударма мәдениеті. Тұпнұсқа мен мәтінге адалдық. Көзқарас пен қолтаңбадағы бірлік, байланыстар. Аудармашы мұраттары. Мәтін мен сөз сыры. Жанр мен жауапкершілік. Ой-сөз жүйелері. Шындық пен шеберлік сабақтары.Көзқарас эволюциясы.
«Аударма» баспасы әлем әдебиетіндегі көркем туындыларды қазақ тілінде сөйлетуі. Аударма мұраты.Теориясы мен тәжірибесі.
11 семинар сабақтың тақырыбы: Аударма өнері: әдеби байланыстар
Сағат саны:1
Тапсырмалар: аударманың әдеби байланыстағы рөлі мен маңыздылығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет