Қазақ филологиясы кафедрасы



бет16/28
Дата14.10.2023
өлшемі0,54 Mb.
#185383
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28
Байланысты:
ТЖКА силлабус КТА

22-24 СОӨЖ тақырыбы: Сын мен сыншы
Тапсырмалар: С.Қирабаев, З.Қабдолов, Т.Кәкішев, Р.Бердібаев, З.Ахметов, Н.Ғабдуллин, Ш.Елеукенов, Р.Нұрғалиев, З.Серікқалиев, Ж.Ысмағұлов, С.Негимов, Ж.Дәдебаев, Б.Майтанов, Б.Кәрібаева, Б.Сарбалаев, Қ.Ергөбек зерттеулеріне шолу жасау, талдау
Есеп беру түрі: ауызша талдау
СӨЖ тапсырмалары: Ә. Бөпежанов, С. Жұмабектің сын саласындағы еңбектеріне шолу жасау, талдау
Есеп беру түрі: баспасөз бетіндегі сын мақалаларынан конспект жасау
Негізгі әдебиеттер:
1.Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 10-том. - Алматы. ҚАЗақпарат, 2006.
2. Майтанов Б. Тәуелсіздік – күрес мұраты: зерттеулер мен мақалалар. Алматы. Құс жолы, 2012.
3. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. -Алматы: Санат, 1996.
4. Қазақ көркем сөзінің шеберлері: анықтамалық. Қарағанды. Экожан, 2010.
5 . Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті.-А: Қазақ универиситеті. 2002
6. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және қазақ әдебиеті. – Алматы, 2011
7. ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиеті. – Алматы: «Арда», 2011. – 640 б.
8. Қазақ әдебиеті энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы. Аруна, 2005.
Қосымша әдебиеттер:
1. Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік. - Алматы: Жазушы, 1993
2. Серікқалиев З. Ақ жол. -Алматы: Жазушы, 1990
3. Атымов М. Қазақ романдарының поэтикасы. - Алматы: Ғылым, 1995.
4. Әбдезұлы Қ. Қазақ прозасы және ұлттық идея. -Алматы: Қазақ университеті, 2005.
http://adebiportal.kz/; https://massaget.kz/; http://adebiet.kz/; https://kitap.kz/; http://classic.nlrk.kz/; https://inside.wksu.kz/;


9-апта
17-18 дәрістің тақырыбы: Қазақ сатирасы: сыр мен сипат
Сағат саны: 2
Терминдер мен анықтамалар:
Сатира (лат.Satira) – өзі суреттеп отырған оқиғаны, құбылысты немесе кейіпкерді
өткір сынға алып, әжуаға айналдыратын көркемдік бейнелеу тәсілі.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
Ұлттық сатираның даму кезеңдері. Кезең мен құбылысты, өмір мен оқиғаны өткір сын, әжуаға айналдырудағы орны.Көзқарастар.
Сатира жанрлары. Сатиралық туындылардағы әсірелеу, тұспалдау, ирония сынды бейнелеу тәсілдері.Тарихы мен түрлері.
Сатира сипаты. Жанр мұраты. Қоғам, кезең, адам орнының сатирадан көрініс табуы. Көзқарас, зерттеулер.Уақыт өрнектері.
Сатира арқылы қоғам, уақыт сырын аңғарту. Адам мен оның еңбегіндегі артық-кем тұстарды сын-сықақ түрінде көрсету.Кезең сипаты.
Сатира мұратынан қоғамдағы, өмір-тұрмыстағы жағымсыз жайттарды түп-тамырымен жою жолдарын көрсетуі.Күрделі комизм,әжуа-мысқыл негізінде адамдар арасындағы қарым-қатынасты, көзқарастар қақтығысын ашу. Уақыт сырлары.Өмір көріністері.
Сатира сарбаздары Б.Майлин, Ғ.Мүсрепов, А.Тоқмағамбетов, С.Төлешев, С.Адамбеков, С.Сейтенов, Ш.Смаханұлы т.б. ұлттық колорит-көріністі, дерек-дәйекке толы мұраларының маңыз-мәні. Олардан кейінгі Б.Қыдырбекұлы, О.Әубәкіров, О.Иманәлиев, Ғ.Қабышев, М.Рәшев, С.Кенжеахметов, У.Уайдин, Е.Домбаев, С.Әлжіков, К.Әмірбек, Қ.Ілиясов, Т.Әлімбеков, Б.Садыров, Е.Шайхы т.б. сатиралық шығармалары, ізденіс мұраттары. Көзқарастар.Өмір көріністері.Уақыт өрнегі.
Қазақ қаламгерлері арасында, атап айтқанда С.Адамбеков ұлттық сатираны – «Атылған қыз туралы аңыз» атты романымен байытуы. Т.Қожакеев қазақ сатирасын – «Сатиралық жанрлар», «Сатира – күштілер қаруы», «Сатира негіздері» т.т. еңбектерінің мән-маңызы.
Ш.Смаханұлының «Өткірдің жүзі», «Үміт жұлдызы» сынды сатиралық өлеңдері мен повесінде қоғамдық өмір, күнделікті тұрмыс- тіршілік шынайы да шебер суреттелінуі.Мезгіл көріністері.
Баспасөздегі сын-сықақ бұрыштары: «Сүзеген сөз»,«Мүйізтұмсық», «Әзілің жарасса», «Мағынасы майысқан мақалдар», «Сатира стадионы» т.т. Олар туралы көзқарас, пікірлер.Уақыт көріністері.
«Отрар кітапханасы» арқылы сатириктер еңбектерінің жарық көруі.
Сатиралық туындылар табиғаты мен тақырыбы. Сатираның өзіне тән бітім-болмысы. Ізденіс, көркемдік қырлары. Тіл-стиль, шеберлік арналары. Көзқарас, уақыт сырлары.Жаңа уақыт талаптары.Мезгіл әуені.
Сатираның зерттелуі мен өзіндік сипаттары. Көзқарастар.
9 семинар сабақтың тақырыбы: Қазақ сатирасы: қоғам және уақыт бедері
Сағат саны:1
Тапсырмалар: сатиралық туындыларды талдау

  1. Ж. Сабыржанов «Кәрі сайтан»;

  2. Е. Жаппасов «Кімге күлкі, кімге түрпі»;

  3. М. Рәш «Суылдақ»;

  4. Қ. Ілиясов «Біле білсек»;

  5. И. Шұғаев «Қисық айна»;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет