Қазақ фольклорында бұл үшеуінің алғашқы екеуі бар. Ол екеуін тек деп қарайтын болсақ, оларды жанрға бөлуге болады



бет5/5
Дата20.06.2024
өлшемі329,5 Kb.
#203448
1   2   3   4   5
Байланысты:
Емтихан әдебиет

Интертекст — бір мәтіннің өзге мәтінге кіруі, мәтіндердің кірігуі[1].
Бұл ұғымды әдеби мәтінді көп дауысты құрылым ретінде қарастырған М. Бахтиннің ықпалымен Ю. Кристева кіргізген. Ю. Кристева үшін мәтін дегеніміз мәтіндер мен таңбалар өрімі, өзге мәтіннің өзгеріске түскен нұсқасы. Ю. Кристева кезкелген мәтіннің басқа мәтінмен диалогқа түсе алу қабілетін интертекстуалдылық деп санайды.
Постмодернизм ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы пайда болған жаңа бағыт. Аталған бағыт постмодерндік санада қайта өрлеу және ағартушылық идеалдар мен құндылықтарына олардың прогресске, ақыл-ойдың салтанат құруына адам мүмкіндіктерінің шексіздігіне деген сенімінен түңілу белгісі байқалады. Бұл термин бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Р.Панвицтің "Еуропа мәдениетіндегі тоқырау" еңбегінде сөз етіледі. Содан соң 1934 жылы "Испан және латынамерика поэзиясының антологиясы" еңбегінде модернизмге қарсы реакция ретінде көрініс береді.
постмодерндік туынды әрқашан иронияға толы болады. Қазақ әдебиетінде постмодернизм теориясы толық талқыланбағанымен оның белгілері Д.Амантай, Ж.Қорғасбек, Т.Әсемқұлов сынды жекеленген авторлардың шығармаларында кездесіп жүр.

Журналист боламын. Мамандық таңдауда нақты шешімімді осылай қойдым. Жақсылықты жалау етіп, арманға ұмтыламын. Адам баласы кемелденіп, өзін ұштау үшін алдына мақсат қойып, діттегеніне жете білуі қажет. Журналист болып, мемлекет пен халық арасында алтын көпір қалап, адамдарға күш-жігер беретін, дерттерін сөзбен емдеп, жүздеріне күлкі сыйласам, ол – мақсатыма бір қадам жеткенім.


Өзіңді журналистік мамандыққа арнап, таңдағаннан кейін, сол жолда аянбай қызмет ету парыз. Ол – принципті түрде, қайсарлықпен бұқаралық ақпарат құралдары алдындағы өзінің міндетін, борышын, бар күш-қайратын салып орындайтын маман. Ол қай істе болсын нәтижеге жетуге тырысуы керек.

Шығыстың ұлы ұстазы Әбу наср-әл Фарабидің қанатты сөзінде айтылғандай: «Дұрыс әрекет- мақсатқа жеткізер жолды дұрыс таңдаудан басталады» - дегендей, менде осы жолды, осы саланы таңдағаныма еш өкінбейтініме сенімдімін.



Сонымен бірге, журналистика саласындағы бір прицип – журналистиканың демократиялығы. Демократия саяси құрылыстың формасы ретінде азаматтардың теңдігі мен бостандығын қамтамасыз ететін құрылым түрі. Халықтың демократиялық құқықтарын кеңейту үшін күш жұмсайды, халықтың еркіндігі, өз ісін атқаруы мен мемлекет ісіне араласуын қамтамасыз ету үшін: баспасөз, радио, телевидение сияқты бұқаралық ақпарат көздерін пайдаланады. Ғасырлыр бойы демократия мен журналистика тығыз байланысты болып келеді.
Менің алға қойған талпыныстарым, өзіме айқын міндеттерім бар. Мен жылағанның жасын құрғататын, жабыққанды құшағына қысатын, еңсесі түскенге жігер беретін, қайсар рух сыйлайтын, өмірмен күресуге үндейтін азаматша, мықты маман болуды қалаймын.
Адам бойындағы асыл қасиеттерді, менің де бойымнан жоғалмағанын қалаймын және де сол жолда күресемін. Үлкенді жасымыздан сыйлап, кішіні қолдап қорғасақ, құрметімізді аямасақ, адамдықтан ешқашан ада қалмаймыз. Жеткен жетістіктерім жоқ емес, алайда, аларым алда! Жеткен жетістіктерім мен жетер жетістіктеріме жақсы мінезбен, алған тәрбиемді ұштастырып бағындыруға талпынамын.
Әлемнің бақытты болуына тамшыдай болсын үлесімді қосамын!


"Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ​«Қазақ тілін үйретуге арналған ең үздік подкаст» байқауы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет