Ќазаќ фольклорында “шыбынныњ басына баќ ќонса,сам±рыќ ќ±с сєлемге келер”деген мєтел бар



бет48/53
Дата04.01.2022
өлшемі0,74 Mb.
#108976
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
Мәдениеттану

Ыбырай Алтынсарин. Қазақ мәдениетінің кемелденуіне үлкен үлес қосқан тұлға – Ыбырай Алтынсарин. Ыбырай халық ағарту ісінің практикалық және дидактикалық мәселелерін шешуге тікелей ат салысты, алғашқы педагогикалық оқулық “Қазақ хрестоматиясын” және қазақ балаларына орыс тілін үйретуге арналған оқу құралдарын жазды. Сонымен бірге Ыбырай қазақтың әдеби тілінің негізін салушылардың бірі және халықтың ауыз әдебиетін, әдет-ғұрпын зерттеуші ретінде белгілі; ол жазған қазақтардың құдалық және үйлену рәсімдері туралы, адамдарды жерлеу және еске алу салттары жөніндегі еңбектері жоғары бағаланып, 1874 жылы Ы. Алтынсарин Ресей географиялық қоғамның Орынбор бөлімшесінің мүшесі болып қабылданды. Ыбырай өз қызметі мен шығармашылығында нағыз ағартушы бейнесінде көрінеді.

Ыбырай өзінің ағартушылық қызметінде өз халқын білімге, мәдениеттілікке шақырғанда өркениетті елдер қатарына көтерілуді армандады. Ыбырайдың миссионер еместігінің куәсі – оның атақты “Кел балалар оқылық!” атты өлеңі.

Тоталитарлық жүйе кезінде алынып тасталған бірінші жол мынадай еді:

Бір құдайға сыйынып,

Кел балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық.

Ыбырай 1884 жылы Қазан қаласында өзінің атақты “Ислам Шариаты” атты кітабын шығарды. Қарапайым халыққа түсінікті тілмен жазылған бұл еңбегінде ол мұсылмандықтың негізгі қағидаларын қазақ мәдениетіне шебер қоса білді. Шығыс Ренессансында қалыптасқан дін мен білімнің арасындағы үйлесімділік идеясын (Әл-Фараби, ибн-Сина т.б.) Ыбырай өз заманына байланысты дамыта білді. Қай дінде болсын, адамдар бір-бірін сыйлау керек делінеді, ал мәдениетсіздіктің негізгі себептеріне надандық, жалқаулық және мақтаншақтық жатқызылады.

Шын мәнісінде, Шоқан мен Ыбырайдың қызметі мен шығармашылығы кейін ХХ ғасырдағы Қазақстан жеріндегі большевизмге емес, керісінше, ұлт-азаттық қозғалысына демеу болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет