Ќазаќ фольклорында “шыбынныњ басына баќ ќонса,сам±рыќ ќ±с сєлемге келер”деген мєтел бар



бет52/53
Дата04.01.2022
өлшемі0,74 Mb.
#108976
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
Мәдениеттану

Әлихан Бөкейханов. Қазақтың ұлттық мәдениетінің дамуына өз үлесін қосқан қазақ зиялыларының бірі Әлихан Бөкейханов.

Әлихан Бөкейханов – Санкт-Петербург орман технологиялық институтының экономика факультетін 1894 жылы бітірген. Мемлекет, қоғам қайраткері, экономист, әдебиетші, публицист, аудармашы, ғалым. “Алашорда” үкіметінің басшысы, көсемі. Баспасөз жұмысына 1880 жылдардан бастап араласады.

Ә.Бөкейханов 1922 жылдан бастап Мәскеуде тұрады. Жазу жұмысымен шұғылданып, үздіксіз еңбек етеді. Ә. Бөкейханов Мәскеуде “Ер Тарғын” - 1924, “Потаниннің өмірбаяны” - 1923, “Макардың түсі” - 1923, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” – 1924 жылдары баспадан жариялайды.

1925 жылы Л.Н. Толстойдың “Кавказ тұтқыны”, “Жұмыртқадай бидай”, “Жеті қарақшы” атты тағы үш шығармасын аударып, бастырып шығарды.

1926 жылы Ә. Бөкейхановтың “23-жоқтау”, “Шестаков”, Т.Утковтың “Жердің қысқаша тарихы” атты түпнұсқалы және аударма кітаптары шықты. Ә.Бөкейхановтың мол еңбегінің бір саласы қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне арналған.

Тарих аумағынан қарағанда тым қысқа уақыт аралығында (70 жыл – бір адамның ғұмыры) қазақтың ұлттық мәдениеті кезінде сан қырлы құбылыстарды өз басынан өткізді. 1916 жылдан басталған күрес келесі жылы мақсаттарына жеткендей болды. Өздерін “демократтар” санаған уақытша үкімет өкілдері сөз жүзінде езілген халықтарға азаттық береміз деді. Қазақ ғұламасы Ә.Бөкейханов революция жасала сала “Жаңарған Ресейдің ерікті азаматтары - қазақтарға” деген өз үндеуін жариялады. Жалпы алғанда, қазақтың ұлттық мәдениетін ХХ ғасыр талаптарына сәйкес қайта құруда “Алаш” партиясының ролі ерекше болды.

1917 жылғы маусым айындағы басылымында “Қазақ” газеті – автономияның қазақтарға ауадай қажет екендігін айтып, оның үш негізі бар екендігіне оқырман назары аударылды (территория, мәдениет және ұлттық ерекшеліктер). 1917 жылдың 21-26 шілдесінде Орынбор қаласында Бірінші бүкілқазақтық құрылтай өтті. Оның шешімдері бойынша “Алаш” партиясының бағдарламасы жарияланды. Сонымен 1917 жылдың аяғына таман Қазақстан прогресс жолында талай жетістіктерге жетті және ұлттық төл мәдениетті дамытуға мүмкіндік алды. Қазақ рухани мәдениетінің сол тұстағы деңгейінде “Алаш” қайраткерлері алдыңғы қатарда тұр.

Қорытынды

Мәдениет – адамның рухани және материалдық, интеллектілік, сезімдік қасиеттері айқын аңғарылатын белгілерінің жиынтығы. Кез келген мәдениет өзіндік ерекшелігі бар теңдесі жоқ қазынамыздың қоймасы болып табылады, өйткені әрбір халық өз дәстүрі мен рухани бейнесі арқылы танылады. Мәдениеттің барлық салаларында ұлттық даралық сақталуы тиіс.

Қолыңыздағы оқу құралының «Қазақстанның тарихи-мәдени даму ерекшеліктері» деген тарауында ежелгі заманнан бергі қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ халқын құрған ұлыстар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен қазақ халқының рухани мәдениетінің заңды жалғасы туралы қысқа да нұсқа мәліметтер ұсындық. Нақтырақ айтсақ, бұл тараудан «Қазақстан территориясындағы ертедегі көшпенділер мәдениеті мен өнері», «Орта ғасырлардағы қазақ мәдениеті болған негізгі қалалар», қазақ фольклоры, қазақ билері, ақын-жыраулар, Қазақстан мәдениетіне үлес қосқан қазақтың алғашқы ғалымдарының бірі Ш. Уәлиханов, қазақ мәдениетінің кемелденуіне үлес қосқан тұлға – Ы. Алтынсарин, қазақтың рухани мәдениетінің негізін салушы-ұлы философ, ақын А. Құнанбайұлы, қазақтың рухани мәдеинеті мен менталитетінде із қалдырған алып тұлғалар Ш. Құдайбердіұлы, Ә. Бөкейханов туралы материалдармен танысасыздар.



Курс бойынша үлгі түріндегі тест сұрақтары

        1. Неміс философы мен тарихшысы О. Шпенглердің мәдениет туралы көзқарастары баяндалатын шығармасы қалай аталады?

а) “Адам феномені”

б) “Адамзат тарихының философиясына идеялар”

в) “Мәдениетке наразылық”

г) “Европаның құлдырауы”

д) “Мәдениеттің үш бейнесі”


        1. Келесі айтылған сөз ХХ ғасыр ойшылдарының қайсысына жатады: «Мәдениет ойын кезінде ойын ретінде пайда болады»:

а) А. Тойнби

б) Н. Бердяев

в) Й. Хейзинг

г) О. Шпенглер

д) К. Ясперс


        1. Ғалымдардың қайсысы ғылыми айналысқа «мәдениет тану» терминін енгізді?

а) К. Юнг

б) Б. Малиновский

в) Л. Уайт

г) Н. Данилевский

д) А. Тойнби


        1. Шығыс елдерінің қайсысында қасиетті Ригведа, Яджурведа, Самаведа, Атхарваведа пайда болды?

а) Египетте

б) Вавилонда

в) Қытайда

г) Үндістанда

д) Жапонияда

5. Қандай діндер әлемдікке жатады?

а) зороастризм, синтоизм, даосизм

б) буддизм, христиандық, индуизм

в) иуадизм, конфуциандық, мұсылмандық

г) православие, католицизм, протестантизм

д) буддизм, христиандық, ислам.

6. Қандай ғылыми мектептің өкілдері мәдениетті тірі организмге ұқсастырды және мәдени тірі организмдер қарапайымнан күрделіге жетіліп, дамиды деп болжаған?

а) функционалды

б) эволюциялық

в) құрылымдық антропология

г) бихевиористік

д) символистік

7. Европа философиясы өмірге келген Ежелгі Греция қаласын атаңыз?

а) Милет

б) Микены

в) Карфаген

г) Мегара

д) Эфес

8. Номадтар деген кім?

а) көшпенділер

б) дін қызметкерлеі

в) ежелгі кескіндемешілер

г) музыканттар

д) ақындар

9. Көпшілік қолдануға есептелген, қазіргі индустриалды қоғамда рухани құндылықтарды өндіру ерекшеліктерін сипаттайтын ұғымды таңдап алыңыз:

а) элитарлы мәдениет

б) халық мәдениеті

в) жастар мәдениеті

г) дәстүрлі мәдеинет

д) көпшілік мәдениет

10. Ойшылдардың қайсысы көркем шығармашылықта “аполлондық” және “дионисийлік” бастауды бөліп көрсетті?

а) А. Шопенгауэр

б) Г. Гегель

в) Ф. Ницше

г) О. Шпенглер



д) Й. Хейзинга




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет