Қазақ фразеологизмдеріндегі антропонимдердің линговмәдени ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата23.09.2022
өлшемі200,52 Kb.
#150505
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ҚАЗАҚ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРІНДЕГІ АНТРОПОНИМДЕРДІҢ ЛИНГОВМӘДЕНИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Есім ханның ескі жолы.
Есім ханның тұсында жаңартылып XX ғасырдың
ортасына дейін қолданылған тұрмыстық, азаматтық, қылмыстық істерді қарауда,
əскери, отбасылық қарым-қатынастарды реттеуде «ата-баба жолын» басшылыққа
алған дəстүрлі қазақ қоғамындағы əдет-ғұрып заңдарының жиынтығы.
Есім хан – Еңсегей бойлы ер Есім (туған жылы белгісіз – 1645) – 1598-1645
жылдарда Қазақ хандығының ханы, Шығай сұлтанның ұлы [3, б. 25].
Ердің соңы – Есет, пірдің соңы – Бекет.
Есеттің ерлігі мен ерен ерлігіне
сүйсінген ел «Ердің соңы – Есет» деп айтып кеткен. Кіші жүзде екі Есет батыр
болған. Біріншісі – Еділ, Жайық бойын қазақтардан, Маңғыстауда Бұхар, Хиуа
қалмақтарынан қорғаған Есет Көкіұлы. Осы осынау жанкешті батырлығына риза
болған Тəуке хан «Айбатың аса түссін, найзаң мұқалмасын, ел намысы тұздығың
болсын» деп батасын берген екен. Кіші жүзге ауыз салмақ болған түркімен, қалмақ,
башқұрт «Есет келді дегенше, əзірейіл келді десейші» деп үрейленіп жөнеледі екен.
Сонымен қатар «Жүректі болсаң, Есеттей бол, білекті болсаң, Бекеттей бол» деп
Жетпіс бидің де айтқаны ел ішіне кең тараған [1, б. 85].
Аяз би, əліңді біл, Құмырсқа, жолыңды біл.
Аяз би – Жаманұлы данышпан,
шешен, ертедегі кейіпкер, атақты Майқы бидің қабырғалы биінің бірі. Бұл мақалдың
философиялық мəні қандай да болмасын биікке шыққан адамның бақ-дəулетке
мастанбай, тура жолдан таймай, ақырын жүруі тиіс деген ұғымда қолданылады [1, б.
73].
1)
О бастан ел ішінде өзінің əділдігімен аты шыққан Аяз бидің айтқаны
ретінде кең тараған əңгіменің сюжеті негізінде қалыптасқан бұл мақал: «Аяз би
кеше кім болғаныңды, бұл билікке қалай жеткеніңді ұмытпа!» – деп ескертуінен
қалған. 2) ауыс. Əркім өзінің өмір-болмысына сын көзбен қарап, өткенін естен
шығармауын ескертіп тұр [7, б. 217].
Түгел сөздің түбі бір, Түп атасы Майқы би.
Майқы би – ел билеген көсем,
басынан сөз асырмаған шешен. Аңыз бойынша Орманбет би қайтыс болған соң
қазақтарды үш жүзге бөлген осы Майқы екен. Жұрт оны «Қарқуардай Майқы» деп,
таңның атысы күннің батысы талмай шырылдайтын құсқа теңеген. «Майқы айтты»
деген сөздің көпшілігі халық даналығына айналып кеткен [4, б. 129].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет