10билет
1
. Шоқан Шыңғысұлы Уəлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835, Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы,
Құсмұрын жері — 10 сəуір 1865, Көшентоған, Жетісу) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында
Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мəдениеттің тұңғыш өкілдерінің
бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. 1847 жылы 12 жасар Шоқанды əкесі сол
кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады. Шоқанның бүкіл
келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болды. Мұнда жабық
əскери оқу орны болғанымен, көптеген пəндер əскери сабақтарға қоса орыс, батыс əдебиеті, географиясы мен
тарихы, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері оқытылып, орыстың озық ойлы
интеллигенттерінің өкілдері сабақ берген. Оқытушылар құрамында білімді жəне прогресшіл ой-пікірлі адамдар көп
болған. 1858 — 1859 жылдардағы Шоқанның Қашғарияға сапары ғалымдық, ағартушылық саласындағы еңбегінің
жаңа белеске көтерілуіне жол ашты. Қашғария ол кезде Ресей тарапынан зерттелмеген өлке болатын. Саудагер
ретінде Қашғарияға құпия барған Шоқан, өлкенің экономикалық саяси құрылымын зерттеп, оның тарихы мен
этнографиясынан көптеген материалдар жинайды.
Достарыңызбен бөлісу: