Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуының салдары



Дата07.02.2022
өлшемі265,42 Kb.
#82263
түріСабақ
Байланысты:
тарих прктика 4

Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуының салдары

Практикалық сабақ №4

Лектор :Еришева Толкын А.

Студент: Қадыржан Малика

Группа:ХІТ20-03

1. Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер – ұлт-азаттық көтерілістер жалғасы . Қазақтардың шетелге ауа көшулері . Қазақтардың аштан қырылуы . 30-шы жылдардың екінші жартысындағы Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы ауыр ахуал .

1.

  • Көшудің басты бағыттары. Кеңес үкіметі қателіктерінің, Голощёкин геноциді салдарларының бірі — қазақтардың республика аумағынан тыс жерлерге қоныс аударуға мәжбүр болуы. Бұл қоныс аудару, негізінен, үш бағыт бойынша жүрді. Біріншісі — Ресейге, екіншісі — Қытайға, Үшіншісі — Орталық Азия елдеріне. Ресей бағыты екі тармаққа бөлінеді:
  • а) солтүстік тармақ-Сібір өлкесі;
  • ә) батыс тармақ-Орынбор, Орта Еділ бойы. Бірінші бағыт бойынша, негізінен, Қазақстанның батыс, солтүстік аймақтарынан шыққандар; екінші бағыт бойынша шығыс және оңтүстік-шығыс аудандарынан, ал Үшінші бағытқа оңтүстік облыстардан көшті. Ал орталық аймақтағылар шамаларының жеткенінше осы үш бағыттың қайсысы жақыңдау, қайсысына мүмкіндігі болса, соған қарай көшті. Өз жерін қасиет тұтып, өзгелерден қызғыштай көріп келген, ол үшін қанын да жанын да аямаған қазақтар енді тарыдай бытырап өзге елдерге көшті.
  • Жаппай аштық жылдары бір миллионнан астам қазақ республикадан тыс елдерге қоныс аударуға мәжбүр болды. Олардың 616 мыңы қайтып оралған жоқ, ал 414 мыңы кейін өз еліне көшіп келді.
  • Бүгінгі таңда елі мен жері тәуелсіздік алған кезде шетелдерде жүрген қазақтардың атамекеніне қайта оралуға ұмтылуы заңды әрі аса маңызды құбылыс. Өйткені ұлан-байтақ жер шарыңда олардың тек бір-ақ Отаны бар, ол еркін өсіп-өнуге мүмкіндігі бар, рухани-мәдени даму ортасы қазақ жері, Қазақстан Республикасы. Олардың өз отанына көшіп келуіне мүмкіндік беріп, орналасуына жағдай жасау бүгінгі таңдағы ұрпақтың, Қазақстан халықтарының Голощёкиндік геноцидке берген жауабы, қадірлі борышы деп есептелгені жөн.[1]

1.

  • Күштеп ұжымдастыру саясаты халықтың наразылығын тудырды. Сол жылдары өлке басшыларының Сталинге жазған хаттары қазақ даласында осы наразылықтың өте зор көлем алғанын, Алтайдан Маңғыстауға дейінгі аймақты түгел қамтығанын, бұл туралы Кеңес өкіметі басшыларының хабардар болғанын көрсетеді. Бір ғана 1929 жылдың өзінде Қазақстанда 30-дан астам үлкенді-кішілі халық наразылығы болды. Олардың ішінде өте кең көлемде болған көтерілістерге Тақтакепір, Бостандық, Батпаққара көтерілістері жата көрсеттіды. 1929-1930 жж аралығындағы қыс айларында наразылық өте күшті өршіді. Ол туралы Голощекин Сталинге хабарлауға мәжбүр болды. 1929 -1931 жж өлкеде барлығы 372 көтеріліс болып, оларға 80 мыңдай адам қатысты. Большевикте бұл наразылықтардың негізгі себебін байлар мен дінбасыларының кеңес үкметіне қарсы халықты ұйымдастыруынан деп көрсетті. Кеңес үкметі бұл көтерілістерді әскери күшпен басып жаншыды.
  • 40. 1931-1933 жж аштық және оның салдары
  • Шабындық және егістік жерді қайта бөлу, тәркілеу, азық-түлік салығы, күштепотырықшыландыру мен ұжымдастыру барысындағы зорлық-зомбылықтардан көп азап шеккен ең алдымен қазақ халқы болды. Бар дүниесінен, мал-мүлкінен, құрал-саймандарынан, тіпті жертөлесінен де айырылған қазақтар ашаршылыққа ұшырап, босқын күйге көшті.
  • Ауыл шаруашылығында егіншілік көлемі күрт азайып кетті. Мал шаруашылығы терең күйзеліске ұшырады. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 40,5 млн бас мал болды, ал 1933 жылдың 1 қаңтарында олардан қалғаны бар болганы 4,5 млн бас еді. 1931—1933 жылдары бүкіл Қазақстанды құшағына алған аштықтан 6,2 млн республика халқының 2,1 млн-ы қырылды.

1.

  • Өлкелік партия комитетінің Торғай ауданындағы уәкілі 1932 жылдың қыркүйегінде мұнда әр адам басына орта есеппен 56 килограмм ғана астық және бір ғана мал калғанын, ал бұлар алты айдан кейін мүлде таусылып, қаңтардың соңына қарай, қыстың кақаған, сары аязында нағыз қиямет-қайым орнайтынын алдын ала ескертіп, дабыл қақты. Ол сонымен бірге кейбір толық емес мәліметтер бойынша ауданда ең кемі 2042 адам аштық құрбаны болғанын, ал 8500 адам аштан өлейін деп жатқанын Құрамысовпен КахианидіңИсаев пен Құлымбетовтың аттарына жолдаған ресми мәлімдемесінде ашық айтты. Анадан туғандай тыржалаңаш, аш адамдардың дала төсінде босып сандалып жүргендерін, басқасын былай қойғанда, олардың даладағы атқұлақ пен сарышұнақты түгін қалдырмай жеп койғанын жазды. Осындай қайғылы жағдайдың көрші Батпаққара ауданында да кеңінен орын алып отырғаны да айтылды Голощекин қазақ даласындағы жағдайды өзі жіберген уәкілдері арқылы жақсы біліп, толық хабар алып отырды. Арнайы тапсырмамен Сарысу ауданында болған О.Жандосов мынадай мәлімет берді: «Ауылдарды аралаған кезімде мен ондаған күндер бойы жерленбеген мәйіттерді кездестірдім... Әйелдер жоқшылық пенаштыққа төзімділеу. Еркектердің бірден ұнжырғасы түсіп кетеді. Күйзелгендер қолдарына не түссе де түк қалдырмай жеп қояды. Сүйек-саяқты жинайды, оларды жүрек жалғау үшін ондаған мәрте қайнатады. Тамақ орнына жартылай өңделген терілер де кете береді. Мен иттің етін жеген және онысын жасырмайтын бірнеше адамдарды кездестірдім. Оныншы ауылдан келе жатқан жолымда елсіз жапаннан екі жасөспірімді көрдім, Олар қайдағы бір ескі жұрттағы, атылған иттердің терісін алу үшін қалған өлімтіктеріне бара жатыр екен. 5-ауылда аштықтан жартылай ісінген, аяғы ауыр әйел маған жақын келіп, оған ит атып беруімді өтінді».


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет