Осы кезде үйге кірген әкесі таң қалып тұрып қалады да... Әкесі:Енді балам-ау, жоқ 63-ке келдім... Пайғамбар жасына келдім деген соң...
Ұлы: Тоқтаңыздаршы.Білмейтін болсаңыздар кез-келген жерге Пайғамбарымызды кірістіре бермеңіздер!
Анасы:Балам-ау, саған не болған?
Әкесі: Не болды? Не болды?
(Осы кезде баласы есікке қарай кетуге бет алады.) Анасы: Тоқта қайда барасың?
Ұлы: Сирияға!
(Осы кезде үрейлі музыка естіледі.Әкесі мен анасы таң қалып қалады...) Анасы: Сириясы несі?
Әкесі: Сирияға?
Анасы: Әкесі сен не түсіңдің? Балаң не деді?
Ұлы: Қысқасы мен Сирияға АХИ бауырларыма барамын.
Әкесі: Сен не айтып тұрғаңынды білемісің? Сириясы несі?
Ұлы: Әке, мұсылман мұсылманға бауыр. Олар қиналып жатқанда біз бақытты өмір сүре алмаймыз. Олар біздің көмекке зәру!
Әкесі: Зәру?Құдайым-ау,Сирия, мына сенің көмегіне зәру болып қалып па?