Ауыз әдебиеті
XIV-XV ғасырларда Қазақстанда мекендеген ру-тайпалардың әдеби туындылары ауызша таралды, ғылыми тілмен айтқанда фольклор түрінде дамыды.Ауызша деректерді адам баласы жазбаша тарих пайда болғанға дейін есте сақтады .Өздерінің жиған іс-тәжірибесін ұрпақтан-ұрпаққа ауызша айтып жеткізіп отырған .Ауыз әдебиеті алғаш кезенде мифтық аңыз әңгімелер түрінде айтылса, кейін эпикалық жырлар пайда болған .Бүгінгі ауызша зерттеудің тамаша үлгісін Ян Вансина еңбекрерінде танымал.Қазақтың белгілі зертеушілері Ш.Уалиханов ,М.Тынымбаев т.б ғалымдар халықтың ауызша шығармаларына зор мән берген .Кеиін жазба әдебиеті пайда болдыдегенмен халықтың тарихын білу үшін ауыз әдебиетінің маңызы зор.XIV-XVғғасырлар аралығында ауызша әдебиетпен қатар жазбаша те дами бастаған. Олардың көпшілігі қыпшақ тілінде жазылған Оғызнама Жүсіп-Зылиха сияқты әдеби шығармалар белгілі Ауыз әдебиеті бірнеше салалардан тұрады.
Жарапазан
беташар ертегілер
жар-жар аңыздар
Ауыз әдебиетнің салалары
төрт түлік мал туралы өлең
батырлар жыры
жұмбақтар
сыңсу
қара өлең мақал-мәтелдер
жоқтау
Ауыз әдебиетінің бірнеше түрлері бар.Тұрмыс- салт өлеңдеріне тотемизм мифтік ойлар, бақсылық сарын ұғымдар мен діни –наным іздері байқалып отырады. Тұрмыс-тіршілігі малға байланысты болғандықтан адамдар төрт түлік малдың піріне сиынған Қойдың пірі- Шопаната, ешкінің пірі-Шекшеката,жылқының пірі-Қамбарата , түйенің пірі Ойсылқара,сиырдың –піріЗеңгібаба деп,әрбір түліктің иесін жырларына қосқан.Іше-сусын,жесе-тамақ, кисе-киім,мінсе-көлік болған төрт түлік малын дәріптеп,тілектерін арнаған
Үйленуге байланысты айтылатын жырлар.
Беташар,сыңсу қоштасу, тойбастар жұбату сияқты әдет-ғұрып жырлары айтылған. Беташар –жаңа түскен келіннің бетін ашы, түскен елімен таныстырады .Ал сыңсуда үйінен кетіп бара жатқан қыз әке-шешесіне мұңын айтады. Қоштасуда Қыз Ел-жұрты, Туған-туысқандары, ата-анасына қимастығын білдіреді.Жар-жар-той үстінде айтылады .Қызды алуға келген жігіттер жағы бір топ болып, қалыңдық жағынан қыздар екінші топ болып жар-жар айтысады.Жалпы,үйлену жырларында қыз қыз алған жақтың арасындағы қарым-қатынас ,туыстық жағдайлар, тәлім –тәрбиелік мәселелер жеріне жеткізе айтылатын болған .Бұл өлең жырлардың тәрбиелік маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |