Қазақ халқының материалдық мәдениеті Сабақтың тақырыбы
Дата 17.02.2017 өлшемі 11,99 Kb. #9745 түрі Сабақ
Материалдық мәдениет дегеніміз не? Сабақ жоспары 1.Қазақ баспанасы. 2.Қазақтың ұлттық киімдері. 3.Ұлттық қолөнер бұйымдары. Киіз үй түрлері және қолданылу ерекшеліктері Алтын орда- 30 қанаттан (кереге) тұратын ханның мәжіліс ордасы. Алтын үзік-24 қанаттан тұратын аса лауазымды хан отбасы тұратын үй. Ақ шаңқан-18 қанат ақ орда,12 қанат-ел басылар,бай,билер тұратын үй. Ақ ала орда-8 қанатты дәулетті адамдар үйі. Боз үй, қоңыр үй-4-5 қанатты орташалар тұратын қарапайым киіз үй. Қараша үй-кедей үйі. Отау-жас отбасы (жұбайлар)үйі Жолым үй,жаппа,абылайша- уақытша ғана отыратын шағын немесе жартылай тігілетін үйлер. Күрке, қос-ауылда ас сақтайтын, далада малшылар тұратын немесе кедейлер ұйі. Киіз үй негізгі 3 бөліктен құралады: 1.Үйдің сүйектері (ағаштан тұратын бөліктері) Кереге,Уық. Шаңырақ.Есік 2.Киіздері (ши де осыған кіреді) 3.Бау-шулары (баулар мен басқұр , арқандар) туырлық,үзік,түндік Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді: 1.Төр –жүк жиналады,қонақтар орналасады,сыйлы орын. 2. Сол жақ- үй иесінің отыратын және жататын орыны .Босаға жақта азық-түлік,ыдыс-аяқтар тұрады. 3.Оң жақта –балалар орналасады. Босаға жаққа ер-тұрмандар, киімдер ілінеді. 4.От орыны-қасиетті орын болып саналады. Мұнда от жағылады,қазан асылады. Қазақтың ұлттық киімдері. Тымық-ерлердің қысқы бас киімі. Оны аңның ,малдың терісінен тігеді.Түрлері:түлкі тымақ,елтірі тымақ,сеңсең тымақ,пұшпақ тымақ. Бөрік-сырты мақпал,пүліш,барқыт маталардан тігіледі.Жиегіне қымбат бағалы аң және мал терілері ұсталады.Түрлері:кәмшәт, құндыз,жанат,сусар, түлкі, күзен бөріктер болады. Сәукеле-ұзатылған қыз киетін аса қымбат бағалы,әсем бас киім Тон-қойдың терісінен тігілетін қыстық жылы киім. Шапан-арасына жүн немесе мақта салынып,сыртына шұға, барқыт сияқты әдемі әрі мықты матамен қапталып, ішін астарлап тігетін жылы киім. Қалпақ-ақ киізден немесе қалың матадан тігілген ,биік төбелі ерлердің бас киімі.Лауазымы биік адамдар киген. Камзол-Әйелдер жасына қарай қызыл,көк, жасыл,қара түсті барқыт,шұға, маталардан әсем безендіріліп тігілетін киім. Жаулық-ақ матадан жасалатын әйелдердің ең негізгі бас киімі Жарғақ шалбар-ешкі терісінен тігілетін ерлердің шалбары .. Мұрақ - лауазымды адамдар сән-салтанатқа киетін қалпақ Мұрақ - лауазымды адамдар сән-салтанатқа киетін қалпақ Ерлерге арналған тақиялардың кестелісі де,кестесізі де болады. Ерлерге арналған тақиялардың кестелісі де,кестесізі де болады. Қалпақ ақ киізден немесе қалың матадан тігілген ерлер бас киімі. Той думанға киетін кимешек Тапсырмалар Қазақ баспанасы:1............... 2............... 3 ............... ІҮ.Сұрақтар:1Киіз үйдің түрлері.? 2.Киіз үй неше бөліктен тұрады? 3.Киіз үй жабдықтарын ата ? 4.Қазақтың ұлттық бас киімдері? 5,Қаңдай қолөнер бұйымдарды 6.Ұршық қандай қолөнер бұйымы? 7.Киіз үйдің ағашы неден жасалады? 8.Киіз үйдің есіктерін ата? 9.Әйел адамдардың аяқ киімдері қандай? 10.Әйел адамдардың сәндік бұйымдары? Ү.Көп нүктенің орына тиісті сөздерді жаз. 1 ........ –кереге мен шаңырақ ортасын қосатын негізгі бөліктін бір.Әр үйде көлеміне қарай 60-160......... болады. 2.Киіз үйде ...... екеу болады, ...... –сықырлауық- ағаштан жасалынады, екіншішісі ....... –киізден жасалынады. 3. ........ киіз үйдің қасиетті, киелі мүлік. Қазақтың көптеген жақсы сөздері осыған байланысты болды. 4. ........ ерлердің қысқы бас киімі. ...... қасиеті бас киім.Жақсы кісілердің ...... атадан балаға қалдырған. 5.Жас жігіттер мен сал-серілер,ақындар ....... үкі тағып,зерлеп,өрнектеп киген. 6 ..... – аса қымбат матамен тысталып ,ішіне жұқа киіз немесе қалын мата салынып сырылып тігілетін ер адамдардың бас киімі. 7 ....... жіп иіретін құрал,әжелеріміз ....... пайдаланған. 8 .......-қыздардың шашымен қоса өріліп,моншақты ,зергелі күміс бұйым. 9. ..... –зат салатын оюлы,сырты темірмен қапталған үй мүлкі. Достарыңызбен бөлісу: