Қазақ халқының музыка мәдениетінің қалыптасуы Жалпы мен алған мақала авторы Рая Копжасарова Таубаевна. Рая Копжасарова Таубаевна Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің мүшесі. Жалпы бұл кісі Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясынан жоғары білім алған. Негізгі мамандығы домбыра орындаушы, оркестр әншісі. Өзі бітірген Жоғарғы Оқу Орнында 3 жыл жұмыс атқарған. Яғни бұл кісінің өзі музыка мамандығын оқығандықтан осындай мақала жасаған.
«Қазақ халқы мемлекет болып қалыптасқалы музыка мәдениеті қосарланып дамып келеді. Осы музыканың арқасында еліміздің салт-дәстүрі,әлет-ғұрпы ұрпақтан-ұрпаққа осы күнге дейін сақталып келеді. Қазақ халқы ежелден көшпелі халық,осы көшпелі өмірдің бір лебін осы музыка арқылы жеткізді. Ежелде жас баладан, қарияларға дейін өздерінің қуанып не қайғырып отырғанын осы музыка арқылы жеткізген. Бесіктегі баланы бесік жырымен ұйықтатып, ұзатылғалы жатқан қызы сыңсу айтып,жастар тойында жар-жар айтып ерекшеленеді. Және де күйшілер, әншілер, жыршылар, ақындар, жыраулар еліміздің музыка мәдениетінің бірден бір негізін қалаушылар. Көнеден қазіргі заманға дейін ақындардың айтысы, өнер адамдарының жарысы ,олардың осы кездерде 50шақты аспап қолданды деп музыка зерттеуші ғалымдар дәлелдеді. Сондықтан да 18-19ғ. Қазақ жеріне келген шетелдіктер мәдениетімізге,суырып-салма ақындар қабілетіне таңдана қараған.
Ең алғаш музыканы тұрмыс,салт-дәстүрлер сабақтастығын жырлауға қолданған деседі. Жыраулар жыр,толғауларын батырлардың ерліктерін дәріптеу үшін қолданған. Солардың ішінде қазақ халқының тарихында ерекше сақталғандар: Қобыланды,Алпамыс және т.б. батырлар жыры, Қыз Жібек, Баян сұлу және Т.б еліміздің алтын қазынасы дей аламын.
Құрманғазы, Дина,Біржан Сал,Ыбырай, Жаяу Мұса, Тәттімбет,Қазанғап, Абай және т.б. есімдері тек біздің ғана емес әлемдік музыка мәдениетінде ерекше орындары бар.
19ғ. Музыканттары өз шығарларын айтып, импровизация, вокалдық тезникалары жоғары дәрежеге жетіп, театр мен цирк өнерінің орта ғасырдағы Батыс Еуропа еліндегі музыканттарда дамыған жанглер, трубадор өнерлерімен қазақ өнерінің бір дәрежеге жеткенін айтуға болады. Ал 20ғ. еліміздің музыкасы, музыкалық формалар және жанрлармен дамыды. Кішкене уақытта Еуропадағыдай опера, балет, симфония, оркестр, хормен орындаушылық және т.б. мектептерін ашты.
Елімізде жүргізілгенархеологиялық қазба жұмыстарында табылған түрлі аспаптар (шаңқобыз,шертер, сырнай, асатаяқ, жетіген) сол жылдардың өзінде музыканың жоғары дәрежеде болғанын көрсетеді.
Қазақ халқының музыка өнері сонау ғасырлардан сұрыпталып,таңдалып, сазды әуенімен, ұлттық ерекшеліктерімізбен, өзіндік бояуларын жоғалтай 21ғ.өз жалғасын табуда» - деп мақала жетекшісі Рая Копжасарова Таубаевна айтады.
Яғни бұл кісініңбұл мақаласымен толықтай келесімен. Себебі еліміздің музыкасы сонау жылдардан өшпес мұра ретінде әлі күнге дейін сақталып келеді. Мысалы халық әндері айтсақ болады. Ауыздан ауыз арқылы осы күнге дейін сақталып келіп жатыр. Ән-күйіміз, салт-дәстүріміз ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, көшпелі еліміздің рухани мәдениетіне айналып әлі күнге дейін сақталуда. Мысалы қазіргі кезде де музыка арқылы адамдар өз жай-күйін жеткізіп,біреуге ғашық екенін айтып не өз сүйгендеріне, ата-анасына деген махаббатарын жеткізеді. Сол себепті де музыка ол құдіретті дүние деп білемін.