Қазақ халқының қолөнері 10”б” Алғабаев Елдос



Дата07.02.2022
өлшемі3,29 Mb.
#83411
Байланысты:
tehnologiya proizvodstva produktov zhivotnovodstva kaz, sor.-bzhb-zharatylystanu-3-synyp-zhasydan-yren-zhamannan-zhiren (1)

Қазақ халқының қолөнері
10”б” Алғабаев Елдос
Қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі – қолөнері. Оның ішінде ою өрнек болып табылады. Ою өрнектер әсемдікпен, сәнділіктің белгісі ғана емес, сонымен бірге халықтың арман- ойының, тілек мүддесінің нышаны, осы тұрғыдан алып қарағанда ою өрнектің мазмұндылық ерекшеліктері сан алуан. Қазіргі қолөнер саласындағы «сүйек ою өнері», «ағаш ою өнері» деген сөздер сол ерте заманда қалыптасқан ұғымдар. Қолөнердің сала-саласында кең қолданылып келген, өнердің өте көне әрі күрделі түрі- ою-өрнек өнері.
Бір кезде тасқа, ағашқа , сүйекке түсірілген ою-таңбалар келе-келе киізге, алаша, кілем тағы басқа заттарға салынатын болған. Ол белгі таңбалар арқылы халық белгілі бір ұғым түсініктерді аңғартып, біліп отырған. Бұдан ою-өрнек белгі таңбалары өмір қажетінен туғанын байқауға болады. Қолөнершілер негізінен табиғи шикізаттарды пайдаланып, қарапайым еңбек құралдарының көмегімен көркем композицияның шешімімен тұрмысқа қажетті мүліктер, музыкалық аспаптар, қару-жарақ, құрал-саймандар жасайды. Әрбір қолөнер туындысы өз заманының материалдық мәдениетінің үлгісі және халық талғамының, әлеуметтік қоғамдық жағдайының, діни сенімінің, салт-дәстүрінің нақтылы көрінісі.
Қазақ халқының қолөнері
Қазақ этнографиясы - қазақ халқының тұрмысынмәдениетін, тарихын, қоғамдық дамуын және әлеуметтік ерекшеліктерін зерттейтін ғылым саласы.
Қазақтың дәстүрлі қару-жарағын – «Ер қаруы – бес қаруды» қорғанудың немесе атыс шабыстың құралы ретіңде ғана қарастыру тым жетуіліксіз. Өйткені мұндай ұстанымның ақыры дәстүрлі қару –жарақты түптеп келгенде жеке тұлғалардың батырлардың қарулары дегенге ғана сыйдырады.
Қазақ халқының ұлттық киімдері – киім үлгілері. Этникалық, экономиялық және климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат-ғұрып киімдері болады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдердің ең жақсы, таңдаулысын киген.
Қазақтың ұлттық киімі
Қазақ әйелдерінің ұлттық киімі, негізінен, көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, камзол, кәзекей, кебіс-мәсі, көкірекшеден тұрады. Әшекей, ажар жағынан төрт топқа арналып тігіледі. Олар қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен бәйбішелердің киімдері. Қыз киімдері кеуделері тар, қынамалы, жаға, жең, кеудесі, өңірі кестелі, әшекейлі келсе, жас ұлғайған сайын неғұрлым етекті, кең, мол қаусырмалы бола түседі.
Еркектер мен әйелдер бас киімі әр түрлілігімен ерекше-ленді. Еркектердің ежелден келе жатқан дәстүрлі бас киімі – қалпақ жұқа ақ киізден тігілді. Бұлардың ақ киізден төбесі биік етіліп жасалғаны “ақ қалпақ”, ал жалпақ күнқағары жоғары бүктеліп қайырылғаны “айыр қалпақ” деп аталды. Көктем мен күзде қазақтар дөңгелек пішінді, төбесі биік, міндетті түрде аң терісімен жиектелген бөрік киген. Қыста киетін бас киім “тымақ” деп аталды.
Адам баласы жер бетінде пайда болғаннан бастап ағаш алғаш тұтынған материалдың бірі болған. Қазіргі ғылыммен техниканың шарықтап өскен заманда біздің күнделікті өмірімізде ағаштың алатын орыны үлкен және маңызды материал. Бұрынғы замандардан - ақ адам баласы ағаштың қасиетін жоғары бағалап, ағашқа табынып келген. Енді, осы ағашты өңдеп - безендіріп, әшекейлейтін шеберлер туралы тоқтала кетсек. Қазақ қолөнер шеберлерінің күнделікті еңбегінің тым ауырлығының бір себебі - олардың басым көпшілігінде жабдықталған арнайы шеберханалардың болмауы.
Ағаш
өңдеуді
кәсіп еткен
шеберлерді
халық,
олардың
жасайтын
бұйымдарына
қарай
үйші
ерші
арбашы
ұста
Саз аспапшы
зергер
Қазақ халқының ағаш ою өнері
Тері өңдеу кәсіпшілігі қолөнерлердің арасында жетекші орын алған. Қазақтар баяғыдан-ақ тері илеуді және оны әр түрлі түске бояуды білген, теріге батырма салу, өрнек тігу техникаларын меңгерген.
Қазақ халқының тұрмыс – тіршілігінде, шаруашылық жайында, қолөнер саласында тері өңдеу өнері маңызды орын алады. Себебі, негізгі тіршілік көзі мал шаруашылығы болғандықтан қазақ халқы малдың етін, сүтін азық етсе, терісі мен жүнін киім – кешек тігуге , тұяғы мен мүйізінен, сүйегінен әр түрлі қолөнер бұйымдарын әзірлеген, тіпті, малдың тезегін де тастамай отын ретінде қолданған. 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет