«Ќазаќ халќыныѕ салт – дјстїрі»



бет1/5
Дата19.12.2023
өлшемі61 Kb.
#197665
  1   2   3   4   5
Байланысты:
ashyk sabak aptalyk 2012 1417801680 46768
МОДО жоспар, МОДО жоспар, 160 5 , Қырғыз (Қазақ) АКСР - нің құрылуы, 9 сынып Олимпиада тапсырмалары Қазақстан тарихы пәнінен (1)

Тапқыр интеллектуалдық – тарихи танымдық ойын.
Мақсаты:
1. Қазақ елінің салт – дәстүрлері мен мәдени соқпақ жолдары туралы білімдерін жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру.
2. Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білу
3.Туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру. Ұлт жандылық тәрбиесін беру.
Көрнекілік: «Атажұрт » жазуы бар плакат глобус Қазақстан Республикасының картасы, безендіру құралдары.
Қатысушылар: 6 «А», 6 «Б», 6 «В» сынып оқушылары.
Жоспары:
1 тур: «Қанат қақты »-капитандар сайысы
2 тур: Самғау - «Жүзден жүйрік» сайысы. Ұпайы көп команда бастайды.
Қосымша көмек беріледі.
3 тур: Шарықтау- «Мені түсін» сайысы.
5 сұрақ.
4.тур: Шырқау. «Тосын сый» сайысы.
5. тур: Жер ұйық – үй тапсырмасы. «Сен білесің бе?» сайысы.
Ойын қортындысын шығару.
Кіріспе сөз:
Қазақ елі қашанда өзінің алғырлығымен, көрегендігімен таңылған ел. Сан ғасырлар бойы ата бабаларымыз елінің еркіндігі үшін аянбай терін төгіп, бүгінгі ұрпақ біздер үшін, сақтап келді. Ендігі біздің мақсатымыз бабалар жолын жалғастыру, елімізді, жерімізді көркейту одан әрі жетілдіру, биік белестерді бағындыру.
Бүгінгі біздің сайыс сабағымыз Қазақ елінің кешегісі мен бүгіні жайлы болмақ. Яғни еліміздің салт санасына сусындап, мәдени соқпақ жолдарымен тағы бір рет жүріп өтпекпіз. Өз елін жерін сүйген азамат өз елінің тарихы мен сал дәстүрлерін жетік менгеруі тиісті. Сайыс сабақ 5 турдан тұрады. Олар 1 тур: «Қанат қақты »-капитандар сайысы 2 тур: Самғау - «Жүзден жүйрік» сайысы. Ұпайы көп команда бастайды. 3 тур: Шарықтау- «Мені түсін» сайысы. 4.тур: Шырқау. «Тосын сый» сайысы. 5. тур: Жер ұйық. «Тірек сөздер» сайысы.
Ал енді ойынымызды бастау үшін жүргізушілерге сөз берейік. Жүргізушілер сөз кезегі өздерінізде.
Ойынның барысы:


Бірінші жүргізуші:
Армысыздар, қадірменді ұстаздар, оқушылар! Армысыздар жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар.
Отан , туған жер, атамекен, елім, ауылым. деген – жүрек тебірентіп, шаттық сезімді оятып қасиетті сөздер мен туған жердің тарихын, салт – дәстүрін білу - әрбір ұрпақтың азаматтық бұрышы.
Тарих апталығы аясында өтетін «Тапқыр» интеллектуалды тарихи танымдық ойынын бастауға рұқсат етіңіздер.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет