Мәдениет және өнер
«Ұлы Қазан Төңкерісіне дейін қазақтарда кәсіби музыка болған жоқ және тек төңкерістен кейін ғана .... »- бұл көптеген адамдар үшін аксиома болған белшілі тезис. Бұл қазақтарда күйші, жырау, әншілердің шығармашылығымен көрсетілген классикалық кәсіби музыкалық дәстүрдің бұрын болғандығын осы күнгі жаппай сана үшін құпия болуына алып келді.
Музыка көшпелілердің өмірімен әрқашан бірге жүреді. Олар өнертапқыш адамдар болды, өз аспаптарын жүзінде далада табылған материалдарының барлығынан жасады(қамыстан, ағаштан, саздан, сүйектен, мүйізден, таяқтан).
Қойшылар әдетте қой отарларын сыбызғыда әуен ойнай жүріп бақты. Діни дәстүрлер кезінде Асаяқты(кішкентай қоңыраулары бар аспап) естуге болады. Соқпалы аспаптартың үнімен жауынгерлер ұрысқа аттанды. Ақындар екі шекті домбыра мен жетігеннің сүйемелдеуімен ән салды.
Алматы облысындағы Майтөбе қойтасында табылған екі шекті домбыраның бейнесі осы аспаптың негізін ертедегі өркениеттен іздеуге мәжбүр етеді.
Көптеген мыңжылдықтардан өтіп, осы күнге дейін қазақтың екі шекті тұмар- домбырасынан мүлде ажыратусыз екі шекті домбырасының үнімен хореографиялық квартет өміршеңдігін көрсетіп келеді. Мына суреттер Орта Азия мен Қазақстанның аудандарында аңшылар мен қойшылардың ең ежелгі тайпаларының арасында жақсы дамыған музыкалық мәдениеттің болғандығын куаландырады. Материалдық мәдениеті.
Қазақтардың XVIII – XIX ғ.ғ. материалдық мәдениетінің жай–күйі қоғамның экономикалық дамуы деңгейімен анықталды. Оның дамуы барысына көшпелі қазақтар экономикасының дамуындағы басты фактор ретінде көшпелі мал шаруашылығы әсер етті. Бұл жағынан алғанда егіншілік, сауда дамуының, көрші халықтардың прогресті ықпалының да маңызы аз болған жоқ.
Қазақ халқының тұрғын үйі – материалдық мәдениеттің тамаша ескерткіші. Ол аумағымен және түзілісімен ерекшеленіп, қыстық және жаздық болып бөлінеді. Жазда қазақтар жығып алуға ыңғайлы киіз үйлерде, қыста – тұрақты: “ағаш үй”, “жер үй”, “қара там” деп аталатын үйлерде тұрды.
Өзінің пайдаланылуына қарай киіз үйлер үш түрге бөлінді. Қонақтарды қабылдауға арналған салтанатты үйлер көлемінің аумақтылығымен және бай жихаздарымен ерекшеленді. Салтанатты үйлер ең кем дегенде он екі қанат керегеден тұрғызылып, олардың үстіне ақ киіз бен жібек маталар жабылды. Жасаулары жөнінен неғұрлым бай үйлер үйлену тойы өтетін – отау үй болды. Ал тұрғын үйлер шағын көлемде жасалды. Кішкентай жорықтық үйлер бір түйеге ғана емес тіпті бір атқа тиеліп тасымалданды. Бұлардан басқа қоймалар ретінде және басқа шаруашылық қажеттерге пайдаланылатын үйлер болды.
Жорықтық үйлерді әскери жорықтар үшін немесе бақташылар мен жылқышыларға әдейі арналып жасалған үйлер санатына жатқызуға болады. Тасымалдауға жеңіл, неғұрлым қарапайым үй – бірнеше сыртқы конус пішінде жерге қадап, сыртын киізбен жаба салып отыра беретін шатыр күрке болды. Жорықтарда үш – төрт кереге мен уықтардан тұратын “жолама үй” жиі пайдаланылды.
Бұлармен қатар қазақтар көшіп-қону кезінде сыйымды жылжымалы күймелерді де пайдаланды.
Мал шаруашылығымен, егіншілікпен, үй кәсіпшілігімен және қолөнерімен байланысты еңбек құралдары – материалдық мәдениеттің маңызды элементтерінің бірі. Көшпелі мал шаруашылығына күрделі еңбек құралдары керек болған жоқ. Жылқы ұстау үшін құрық, арқан пайдаланылды, қайыстан немесе жылқының жал-құйрығынан тұсау мен шілдер жасалды; құлындар мен боталарды байлау үшін жуан арқандар, ноқталар пайдаланылды; мал суаруға қауға, науа және т.б. дайындалды. Осы қарапайым еңбек құралдарын, ер-тұрман әбзелдерін қоспағанда, мал өсірушілер өздері жасап алып отырды.XVIII ғасырдың аяғында қазақ даласына орыстардың қысқа шөп дайындауға арналған шалғылары біртіндеп тарала берді. XIX ғасырдың орта шегінде шалғымен қоса темір айыр да кеңінен қолданыла бастады.
Қазақстанда суармалы және тәлімді егіншіліктің ежелгі ошақтары ертеден болып келген еді. Осыған байланысты қазақтарда егіншілік құралдарының қарапайым түрлері болды.
Салт атқа арналған әбзелдерді қоспағанда қазақтың мал шаруашылығына және егіншілікке байланысты негізгі еңбек құралдары Қазақстанның барлық аумағында бір-біріне ұқсас болды. Қазақтың ат-тұрман әбзелінің ішіндегі ердің сыртқы түрі мен дайындау тәсілінде жергілікті ерекшеліктер байқалды. Олардың үлгілері тиісті өзіндік атаумен аталып келді. Ердің ең көп тараған түрі, қайыңнан шауып жасалған алдыңғы қанаты кең “қазақ ері” болып табылады. Оңтүстік Қазақстанда ердің “құранды ер” дейтін түрі таралған.
Ер-тұрман әбзелдерін жасау негізінен ершілердің ісі болған. Олар тек қана ердің өзін емес, сонымен бірге бүкіл ат әбзелдерінің бәрі: тоқым, құйысқан, өмілдірік, жүген,айыл,тартпа,үзеңгі,таралғы,қамшы және т.б. жасап,оларды әсемдеп-көркемдеп отырған. Қайыстан ат-тұрман әбзелдерін арнайы өретін шеберлерді “өрімші” деп атаған.
Достарыңызбен бөлісу: |