«Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет –ғұрыптары арқылы балаларға патриоттық тәрбие беру»



бет1/7
Дата17.06.2018
өлшемі2,95 Mb.
#42660
  1   2   3   4   5   6   7
«Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет –ғұрыптары арқылы балаларға патриоттық тәрбие беру»

(Мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиешілерге арналған



әдістемелік нұсқау)

Ақтау 2016



Кіріспе

Мектеп жасына дейінгі мекемелерде балаларды патриоттық сезімде тәрбиелеу,  Отан туралы, туған жер туралы тақпақ-өлеңдер жаттату, әңгімелеу арқылы бала бойына елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілікті сіңіру болып табылады.

Патриотизм – тарихи, әлеуметтік ұғым, гректің parties – Отан, ел деген сөзінен шыққан. Бұл термин Отанға, елге, туған жерге, халыққа деген сүйіспеншілікті білдіреді. Патриоттық, отаншылдық сезім бірте – бірте, адамның саналы өмірімен бірге қалыптасатын саяси - әлеуметтік құбылыс.Бір жағынан, ол жеке тұлғалық, қоғамдық сана элементтерінен тұрса, екінші жағынан, Отанды қорғауға, сақтауға, нығайтуға бағытталған сезім.

Қазақстандық патриотизмнің қайнар көзі – халықтың береке- бірлігінде, ынтымақ-ықыласында, елдігі мен ерлігінде және мемлекетіміздің күш-қуатының беріктігі мен ұлан –байтақ жерінің бір тұтастығында.

Патриотизм ұғымы өздігінен қалыптаспайды, ол үшін бірнеше алғышарттар қажет:

- төл тарихымызды білу;

- ана тілді ардақтап, құрметтеу;

- ұлттық салт-дәстүрді, әдеп-ғұрыптарды қадірлеу.

Адамзат отансүйгіш және қайырымды бала тәрбиелеуді мақсат тұтады. Қазақ халқы өз баласының ізгі ниетті, адал жүректі, өр әрі намысшыл болғанын қалайды. Қазақтың атына кір келтірмей, елін, жерін қастерлеп, туған халқының мәртебесін жеке пиғылынан жоғары қоятын жан болғанын тілейді. Ал, бұл қасиеттер бала бойына тек тәрбие арқылы сіңеді. Отанымызды мекен еткен ұлттар мен ұлыстардың бір шаңырақ астында тату-тәтті, баянды ғұмыр кешуі үшін еліміздегі әр азаматтың бойында ортақ мақсаттарға деген ұмтылыс, барлық халықтарға деген құрмет болуы тиіс. Оның басты құралы- патриоттық тәрбие. Патриоттық сезім- ұлттық рух деңгейінің өлшемі. Сол себептен Елбасы өзінің халыққа арнаған Жолдауында азаматтардың отаншылдық сезімі мен өз еліне сүйіспеншілігін дамытуды ұлттық қауіпсіздікті сақтаудың негізгі элементтерінің бірі ретінде таниды. Дей тұрғанмен, әттеген-ай дейтін тұстарымыз да жетерлік. Қоғамдық жерлерде қазақтың қара көз балалары өзара орысша сөйлеп, Еуропа мәдениетіне еліктейді. Мұның себебі неде? Жастардың арасында патриоттық сезімді қалай дәріптеуімізге болады? Ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың «берік денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып, жан толқынтарлық болса, баланың тәрбие алып, шын адам болатындығы» деген қағидасы өміршең болып отыр. Дәл осындай игі қасиеттерді бойына сіңірген жалпы адами құндылықтарды меңгерген, қоғамның жоғары мұратты мақсаттарына сай келетін жеке тұлғаны қалыптастыру - баршамыздың алдымызда тұрған міндетіміз.

Бұл әдістемелік нұсқаулық балабақшаның тәрбиешілеріне арналған.

Баланың бойында адамгершілік патриоттық тәрбиені қалыптастырудың негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді:
-Ізгілік бастамасымен тәрбиелеу. Өз отбасына, балабақшасына, туған қаласына, көшесіне сүіспеншілік-

пен, қамқорлықпен қарау.

-Табиғатқа қамқорлықпен қарау.

-Еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу.

-Қазақ халқының салт-дәстүріне қызығушылықпен қарау.

-Мемлекеттік рәміздермен таныстыру. Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. 

- Балалардың бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіру, ұлтымыздың дәстүрлерін дарыту.



Осы міндеттер мен мақсаттарға сүйене отырып оқу жылында қолданатын төмендегідей ілгерлемелі жоспар құрдым.





Тақырыбы

Мақсаты

Жүргізілетін жұмысы

Өткізу уақыты



1

«Еліміздің рәміздері»


баланың өз халқына, ұлтына деген сүйіспеншілік,мақтаныш сезімін ояту.


Бейнеслайд


Қыркүйек

2

«Ұлттық ойындар»


балаларға ұлттық ойындар арқылы өз халқының әдеп-ғұрпын, салт-дәстүрін, қонақжайлылығын көрсету

жарыс сабақ

Қазан


3

«Ұлттық киімдер»


Ұлттық киімдер туралы мағлұмат беру,ою-өрнектермен таныстыру.

сәнді ұлттық киімдер көрмесі

Қараша

4

«Тәуелсіз елімнің Елбасы»


балаларды елі,жері үшін қызмет етуге және ұлтжандылыққа тәрбиелеу

дөңгелек үстел


Желтоқсан

5

«Тұсау кесу»



салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу

Ауылға саяхат

Қаңтар


6

«Бесікке салу»



Қазақ халқының ежелден сақталып атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрімен таныстыру

шағын мұражайға саяхат

Ақпан


7

«Наурыз- жыл басы»


Балалардың ұлыстың ұлы күні- «Наурыз» мерекесі туралы білімдерін кеңейту, «Наурыз көже» туралы түсінік беру



мерекелік іс-шара


Наурыз

8

«Ертегілер мен аңыздар»


Халық ертегілері арқылы туған жерге, оның салт-дәстүріне сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу, жақсы-жаманды ажыратуға тәрбиелеу.

сахналау,

қойылым


Сәуір


9

«Мақал,мәтелдер,тыйым сөздер»


балаларды адамгершілікке, отансүйгіштікке,адалдық қа тәрбиелеу .Айтқызу арқылы тілін дамыту,ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту

жарыс сабақ

Мамыр



Сабақ конспектілері

« Бесікке салу»



Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет