«Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет –ғұрыптары арқылы балаларға патриоттық тәрбие беру»



бет7/7
Дата17.06.2018
өлшемі2,95 Mb.
#42660
1   2   3   4   5   6   7

«Айгөлек»



Қазақтың ұлттық ойындарының ішіндегі халық арасында ең көп таралғандарының бірі осы «Айгөлек» ойыны. Бұл ойынды жасыл желек атқан көктемде, күн ұясына отырып шілденің аптап ыстығы қайта бастаған жазда, тіпті салқын самалды қоңыр күзде де ашық алаңдарда ойнай беруге әбден болады. Ойынға жиналған жігіттер мен қыздардың саны неғұрлым көп болса, соғұрлым қызықты өтеді. Халық арасында кең тараған бұл ойынға балалар мен жасөспірімдер, жас жігіттер мен бойжеткендер де қатыса алады. 
Ойын ережесі: кешке жиналғандар өзара тең екі топқа бөлінеді. Олар қаз-қатар қол ұстасып, құлаштарын керіп, арасы бір-бірінен 15-20 қадам қарама-қарсы екі сызықтың бойында тізіліп тұрады. Екі жақтың ойыншылары орталарынан бір-бір жігіттен бөліп, ойын басқаруды соларға тапсырады. Содан соң бір топтың кезек алған ойыншылары барлығы бір дауыспен өлеңдетіп:

Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Теміршіден дем шығар,
Үзеңгіден тер шығар
Ақтерек пен көктерек
Бізден саған кім керек? – десе,


екінші топтың ойыншылары оларға былай жауап қайтарады:

Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Теміршіден дем шығар,
Үзеңгіден тер шығар
Ақтерек пен көктерек
Бізге мұнда Бекзат керек.

Осы аты аталған ойыншы жүгірген бетімен шақырған қарсы қатардағы ойыншылардың біреуінің арасынан келіп қолдарына бұзып өтуі керек. Егер бұзып өте алмай қалса, онда қарсы жақтың қатарында қалады, ал бұзып өткен жағдайда сол екі ойыншының қайсыны ұнатқанын өз тобына алып кері кетеді. Осылайша екі топтың біреуінің ойыншылары таусылғанша ойнай береді, болмаса белгіленген уақыт аралығында қай топтың ойыншылары көп болса, сол жағы жеңіске жетті деп есептелінеді.


АҢЫЗДАР

Аңыз әңгімелер  Халық ауыз әдебиетінің жанры. Оқиғасы шындық өмірден алынғанымен, ауызша айтылып таралғандықтан, фольклорлық сапалармен толыққан көркем шығарма. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Аңыздар- балалардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтеді.Оларды адамгершілікке, еңбекке,тапқырлыққа, туған өлкеге сүйіспеншілік сезімге баулу ісінде шешуші орын алады.Аңыздардың балабақшаға лайықтысы: «Алдар көсе», «Қожанасыр», туған өлкенің киелі жерлері мен жануарлары туралы аңыздар.

«Аққу туралы аңыз»



Ертеде ауылда бір ананың баласы ауырып жатады. Ауруына ем табалмай, тауіпті шақырады. Емші келіп баланың тамырын ұстап, « баланы аққудың қанатымен ұшықтау керек, әйтпесе баладан айырыласыңдар» - дейді.Әкесі қасиетті құсты аталмаймын, қалай барам деген соң, жалғыз ұлын өлімге қыймай аққуды атуға анасы кетеді. Сөйтіп, ол емін- еркін жүзіп жүрген қос аққудың біреуін атып салады. Оны көрген жылқышы « Аққуды неге атасың, арың барма? Кеудеңде жаның барда, кел бері!» деп шақырады. Сонда ана, «Кешір ата! Адам емес мен, енді жай тулақпн. Жемісіне тас аттым гәкку бақтың. Жалғыз ұлым ауырып амалсыздан, тәуіптің айтуынан аққуды аттым» - деді. Ауылына жеткен ана аққуды атқан кезде баласынан айырылғандығын тусінеді.



«Бір жұлдызды құтқару»

Теңіз жағасын жағалап  келе жатқан бір кісі бір нәрселерді жерден алып теңізге лақтырып жатқан бір баланы көреді. Жақындағанда оның толқынмен жағаға шығып қалған теңіз жұлдыздарын құтқармақ болып жатқанын байқайды. Ал көкжиекке дейін созылып жатқан жаға болса, теңіз жұлдыздарына толып-ақ қалған екен.

-Сен не істеп жатырсың?-деп сұрайды әлгі кісі.

-Бұлар ертең су қайтқанға дейін жағада қалып қойса, өліп қалады ғой,-дейді бала таңырқап.

-Бұл ақымақтық қой!,-дейді қызбаланып әлгі адам, -қарашы олар қаншама, жағада мың емес, миллионы жатыр. Бір өзің ештеңе өзгерте алмайсың, сенің осы жасап жатқан тірлігіңнің мәні бар ма?

Бала жерден келесі теңіз жұлдызын қолына алып, шамалы ойланып тұрып, былай депті:

-Менің жасаған тірлігімнің мәні мен маңызы өте зор, әсіресе …  мына бір теңіз жұлдызы үшін.

Түйін: Халық айтқандай, төбе түйірден, теңіз тамшыдан құралады. Өзгелер үшін жақсы нәрсенің бәрін бірден жасау мүмкіндігін күткен адам ештеңе жасамайды, өйткені ондай мүмкіндік сирек кездеседі.
«Сауысқан мен көкек»
Ертеде сауысқан мен кӛкек бір орманды мекендепті. Олар ұялары болмай, ағаштың бұтақтарын паналап күнелтіпті. Көкек күнде ерте тұрып  алып: «ұя керек», «ұя керек», - деп, көршілерінің мазасын кетіреді. Бір күні сауысқан көршісіне: 

    – Екеуіміз бірігіп бірік ұя істейік. Әуелі саған, содан кейін маған салармыз,  - дейді.

    Көкек: 

    – Менің ұя салатын қуатым да, құралым да жоқ. «Керек, керек» деп қақсай берсем, құстың бәрі ағайыным, көп болып көмектесіп, ұя салып берер, - деп келіспейді. 

   Сауысқан көкектің көмегін күтпей–ақ, ұя салуға кірісті. Ол ұясының қабырғаларын жас бұтақтармен  таспалап, берік етіп өрді. Оны шыммен, өсімдік тамырларымен мықтап байланыстырды.  Іші  –  тысын саз балшықтармен сылады. Кішкентай бұтақтардан құрастырып, қақпалы есік жасады. Ұяның астына мамықтан төсек төседі. Ал көкектің «керек, керек» деп қақсай  – қақсай даусы қарлығып, тілі сақау болды. Ол кейінгі жылдарда «керек» дегендегі «р»  - ды айта алмай, «керек» деудің орнына «көлек, көлек» дейді. Сондықтан жұрт оны кекетіп «көкек» деп атайтын болды. Сол көкектің күні бүгінге дейін өзімдікі деген ұясы да, үйіші де жоқ.  
Тыйым сөздер
Бала бойына салт-дәстүрлерді сіңірудің тағы бір жолы –қазақтың тыйым сөздері.Тыйым сөздердің тәрбиелік мәнін өте жоғары бағалаған ата-бабаларымыз болашақ ұрпаққа,мейірімді,инабатты,аяушылық сезімі жоғары, жаны аши білетін,тіршілік атаулыға қамқоршы бола білуге тәрбиелеу үшін пайдаланған.Қазақтың әр бір

тыйым сөздерін алып қарасақ,үлкен тәрбиелік мән-мағынасы бар.Мен оларды сабақта,ойындарда көп қолданамын.

Нанды баспа.

Суға түкірме.

Қолыңды төбеңе қойма.

Көкті жұлма.

Дастарқаннан аттама.

Тіл тигізбе анаңа.

Пышықты шалқасынан қойма.

Отты баспа,күлді шашпа.

Таңдайыңды қақпа.

Жалғыз ағашты кеспе.

Ақты жерге төкпе.

Таянбашы жағыңды

Оттан қарғып аттама.

Бейітке қарап қолыңды шошайтпа.

Үйге жүгіріп кірме.

Бас киімді теппе.

Ішегіңді тартпа.

Таңдайыңды қақпа.

Дастарқанға нанды төңкеріп қойма.

Малды теппе.

Түнде айнаға қарама.

Қолданылған әдебиеттер:
1.Нысанбаев Ә., Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы, -

Алматы: Жазушы

2.НазарбаевН.Ә.«Қазақстан-2030» 
3. «Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы». Қ.Р. Президентінің Жарлығы Астана, Ақорда, 2006 ж.

4. А.Құсайынов Білім және Реформа. Алматы 2006.

5. Жалпы білім беретін мектептерде патриоттық тәрбие беру.-Тәрбие құралы,2007
6.Ж.Әбиев, С.Бабаев, А.Құдиярова.Педагогика. - Алматы, 2004

7.Қазақ халқыныңсалт-дәстүрлері.   Авторы: Сейіт  Кенжеахметұлы. Алматы 2006ж.

8. Ф. Жұмабекова. Мектепке дейінгі педагогика, Астана. Фолиант-2008.

9. Отбасы және балабақша. Ғылыми – әдістемелік , педагогикалық журнал.

10. Мектеп даярлық. Республикалық ғылыми – әдістемелік журнал.

11.Молдагариннов А «Казахские детские игры»

Мазмұны:

Кіріспе..........................................................................



Баланың бойында адамгершілік патриоттық тәрбиені қалыптастырудың негізгі міндеттері .........................

Ілгерілмелі жоспар........................................................

Сабақ коснпектілері .....................................................

Бесікке салу...................................................................

Тұсау кесу.......................................................................

Атқа мінгізу...................................................................

Тұлпар неліктен қазақ халқының сүйікті аты?...........

Қазақ халқының ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні

Ұлттық ойындар..............................................................

Ақан тартыс.....................................................................

Жаяу тартыс.....................................................................

Асық ату...........................................................................

Қыз қуу.............................................................................

Соқыртеке........................................................................

Алтыбақан........................................................................

Кім түртті.........................................................................

Ақ сандық-көк сандық.....................................................

Айгөлек.............................................................................

Аңыз әңгімелердің тәрбиелік мәні ...............................

Аңыздар..........................................................................

Аққу туралы аңыз..........................................................

Бір жұлдызды құтқару...................................................

Сауысқан мен көкек......................................................

Тыйым сөздер……………………………………………



Қолданылған әдебиеттер...............................................

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет