521
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ
СƏУЛЕТ ӨНЕРІ
МҰРАЖАЙЛАР
Ескерткіштерді, өнер туындыларын, мəдени құндылықтарды т.б. мұраларды сақтап,
жинақтап, өзгелерге таныстыратын мекеме мұражай деп аталады. Мұражай заттық
жəне рухани жəдігерлерді
танытуда, зерттеп, оның нəтижелерін насихаттауда маңызды
рөл атқарады.
Мұражай негізгі бағыты жағынан: тарихи мұражайлар, көркемөнер
мұражайы,
жаратылыстану мұражайы, техникалық мұражайлар, кешенді мұражайлар, мемориалдық
мұражайлар болып бөлінеді. Мұражайларда жəдігерлерді жинау,
есепке алу, сақтау, қайта
қалпына келтіру, зерттеу нəтижелерін тарату бағытында қыруар еңбектер атқарылады.
Қазақстанда – Оңтүстік мемлекеттік мұражайы (1930), Ə.Қастеев атындағы
Республикалық өнер мұражайы (1935), Президенттік мəдени орталық (2000),
Мемлекеттік алтын жəне асыл металдар мұражайы (1994), Қазақстан ҒА Археология
мұражайы (1973), Ұлттық валюта мұражайы (1993), Кітап мұражайы (1978),
Ықылас
атындағы Республикалық халық саз аспаптар мұражайы (1980), «Əуезов үйі» ғылыми
орталық мұражайы (1962), т.б. мұражайлар жұмыс атқарады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Орталық мұражайы
Қазақстан
Республикасының
Мемлекеттік Орталық мұражайы
– Орта Азиядағы ең ірі де көне
мұражайлардың бірі. Ол 1925
жылы Қазақ өлкелік Орталық
мұражайы болып құрылды.
1929
жылы Алматы қаласына
көшіріліп, Жетісу губерниялық
мұражайымен біріктірілді. 1944
жылдан ол қазіргі атымен атала
бастады. Алматы қаласындағы
мұражайдың жаңа ғимараты 1985 жылы салынды. Оның
қорында Қазақстанның ежелгі
дəуірінен бастап қазіргі күнге дейінгі тарихынан сыр шертетін 200 мыңнан астам
жəдігерлік бұйым жинақталған.
Мұражайдың археология қорындағы сирек кездесетін жəдігерлер – ежелгі обалар мен
көмбелерден табылған қола, күміс, алтын бұйымдардың жасалу мəнері бағзы дəуірдегі
бабаларымыздың мəдени жетістіктерін көрсетеді.