ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ СƏУЛЕТ ӨНЕРІ Мазар Мазар – қаза болған адам қабіріне тұрғызылатын
сəулет ескерткіші. Қазақ жерінде мазар тұрғызу
дəстүрі ежелгі көшпелілер дəуірінен (андронов
мəдениеті, сақ дəуірі) бастау алған. Оның ең
ертедегі үлгісіне Баланды-2 ескерткішін (б.з.б. IV
– ІІ ғғ.) жатқызады. Қазақстандағы Қозы-Көрпеш
– Баян сұлу, Алаша хан, Бабажы қатын кесенелері
ортағасырлық мазар саналады. Мазарлар Маңғыстау
түбегінде жəне Батыс Қазақстанда көп кездеседі.
Қазақ жеріндегі мазарлардың пішіні, негізінен, шаршы немесе шеңбер үлгісінде
келіп, төбесі күмбезделіп өрілетін болған. Қабырғасы шикі немесе күйдірілген
кірпіштен қаланған. Ислам діні мен мəдениетінің өркен жаюына байланысты мазардың
қабырғалары мен маңдайшаларына аят жəне хадис үзінділері жазылып, қабір басына
құлпытас қойылатын болды.
СƏУЛЕТ ӨНЕРІНІҢ ІНЖУ-МАРЖАНДАРЫ Асан ата кесенесі Қазақ жері əулие-əнбиелер құрметіне тұрғызылған
мазар, күмбез, кесенелерге бай. Сондай кесенелердің
бірі – Қызылорда облысы Шиелі ауданының «Жеті
əулие» қорымындағы Асан ата кесенесі. Ол ел аузында
Асан Қайғының мазары делінеді. Асан Қайғы XIV
ғасырдың соңы – XV ғасырдың басында өмір сүрген
ақын, жырау əрі би ретінде танылған тұлға. Қазақтың
алғашқы хандары Керей мен Жəнібектің ақылшысы
болған.
Халқының қамын ойлап, күңіренген оны халық Асан Қайғы деп атап кеткен. Асан
Қайғы жеті жыл еліне жайлы қоныс іздеп, қазақ жерін түгел шолып шыққан. Көптеген
жерлерге өзінің сын, бағасын берген. Асан Қайғыны халық қадір тұтып, қабірінің
басына ескерткіш-кесене тұрғызған. Ғасырлар бойы сақталған кесене сəулет өнерінің
тамаша туындысы ретінде белгілі. Кесене күйдірілген қызыл кірпіштен биіктігі 7,60 м
етіп салынған. Іргеліктен 3 м жоғары кірпіштерді тігінен өріп, белдеу жасаған. Асан ата
кесенесі 1982 жылдан мемлекет қорғауына алынды.