ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ СƏУЛЕТ ӨНЕРІ Қорқыт ата күмбезі Қорқыт дананың қабірі қай жерде екенін тап басып айту
мүмкін емес. Оның мазары туралы көнекөз адамдардың
əрқайсысы əр түрлі айтады. Неғұрлым анығы һəм
атақтысы – Сырдарияның төменгі ағысындағы Қармақшы
қыстағының маңындағы мазар. Осы мазар ұзыннан
созылған сегіз қырлы үлгіде, төбесі күмбезделіп салынған.
Бұрыштары оюлармен өрнектелген. Мазарға жалауы бар
ұзын сырғауыл қойылған. Өкінішке орай, Сырдарияның
ағынды суы бұл күмбез бен қабір басындағы белгіні
баяғыда шайып жіберген. Қазір сол жерге жаңа күмбез
салынған.
Қорқыттың күмбезді мазарынан əр кез қобыз күйі естіліп
тұрған деседі. Оның жаңа кесенесі төрт қобыз бір-біріне
сүйеніп тұрғандай етіп биікке салынған, одан қобыздың
сырлы əуезі шығып жатқандай болады.
Алаша хан күмбезі Ұлытау өңіріндегі көптеген сəулеттік
ескерткіштердің ішіндегі шоқтығы
биік, тұлғалы туындысы Алаша хан
күмбезі. Алаша хан күмбезі Ұлытаудың
Қаракеңгір өзенінің жағасында биік
жотаның үстінде тұр. Күмбездің
нақты қай кезде салынғаны белгісіз.
Ғалымдар күмбезді Қарахан əулеті
заманында (X XIII ғғ.) салынған сəулет
өнерінің ескерткіші деген пікір айтады. Күмбездің биіктігі 10 метр. Ол күйдірілген
қызыл кірпіштен қаланған. Кіреберіс сол жақ бұрышындағы баспалдақ арқылы жоғары
көтеріліп, кесене үстіне шығуға болады. Күмбездің сырты əр түрлі кірпіштерден
геометриялық өрнектер жасау арқылы көркемделген. Порталы мен күмбезі жұқа сырлы
қаптамалармен қапталған екен. Бірақ олар бүгінгі күнге дейін сақталмаған.
Халық арасында Қорқыт қобыз бен күйдің атасы саналады. Ол өзі ойлап тапқан
қобызбен күй тартып, ажалды жолатпаған екен. Қорқытты ел шежіресінде мəңгілік
өмір жыршысы, бақсылардың атасы, ұлы сазгер ретінде қастерлейді.