ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ШЕШЕНДІК
ЖƏНЕ АҚЫНДЫҚ ӨНЕРІ
Асан Қайғы жүз жылдан астам өмір сүреді. Сөйтіп, қартайған шағында, 1450 жылдарда
Əбілхайыр ұлысындағы тартыс кезінде Керей, Жəнібек сұлтандарды жақтайды. 1456
жылы Шу алқабында Қазақ Ордасы құрылған кезде Асан жаңа хандықтың ұраншысына
айналады...
Асан Қайғыны жұрт махаббат жайлы жазған өлеңдері үшін ғана емес, қарапайым
елдің бақыт туралы арманын тамаша суреттей алғандығы үшін де құрметтеген. Асан
Қайғы жер жаннаты – Жерұйықты іздегені туралы да көп жырлаған. Ол үшін Жерұйық
– құнарлы жайылымдары, суы толық өзендері бар, аң мен құсы мол, халқы мұң мен
мұқтаждықты білмей өмір сүретін жұмақ жер еді.
Асан Қайғы туған жерінің, елінің болашағы жайлы көп ойлаған. Ақынның айтқан
сөздері мен толғаулары үнемі орындалып отырған. Маңғыстауға келген кезде ол «Кім
мал баққысы келсе, бұдан артық жер таппайды!» десе, Ертіс өзені туралы «Суы тұнық
əрі таза, жағасы шүйгін шөпке, өзені балыққа толы бұл жерде кедейдің өзі қайдан азық
табамын деп қиналмайды» депті.
Ұлы жырау поэзиясында адам туған жерін қалай құрметтесе, ар-ұят, адамгершілік пен
адалдық сияқты қасиеттерді де дəл солай бағалау керектігі жайлы ойлар айтылады.
Сыпыра жырау
Сыпыра жырау – ноғай, қарақалпақ, башқұрт, қырым татарларына ортақ əдеби тұлға.
Сыпыра жырау Тоқтамыс хан тұсында, яғни ХІV ғасырда жасаған. Маңғыстау мен
Жайық бойын, Сарайшық қаласын мекендеген. Ол – Еділден Донға дейінгі кең даланы,
Арал теңізі мен Каспий жағасын, Қырым мен Кавказ арасын ен жайлаған қыпшақтар
мен ноғай-қазақ ұлыстарының аты аңызға айналған перзенті.
Сыпыра жыраудың аты халық аңызына айналған. Оның бізге жеткен шығармалары
көп емес. Олардың кейбірі эпостық жырлардың ішінде белгілі бір адамға ақыл ретінде
беріліп, ел-жұртының мұңы қозғалады.
Қазақ аңыздары мен батырлар жырында Сыпыра жырау ел бірлігін
көздеген дана ретінде суреттеледі, бірде 120, бірде 180 жас жасаған,
көпті көрген тəжірибелі қарт кейпінде көрінеді.
«Ер Тарғын», «Едіге», «Қырымның қырық батыры»
жырларында да жырау есімі аталатыны белгілі. Ноғай-қазақ
дəуіріне жататын көркем туындының бірі – «Тоқтамыс
жыры». Бұл жырда Тоқтамыс Сыпыра жырауды
алдырып, оның ақыл-кеңесін тыңдағаны айтылады.
529
Достарыңызбен бөлісу: |