ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ШЕШЕНДІК
ЖƏНЕ АҚЫНДЫҚ ӨНЕРІ
Болат Сарыбаев
Болат Шамғалиұлы Сарыбаев (1927 – 1985)
қазақ халқының музыка зерттеу саласында мол
еңбек сіңірген аса көрнекті музыкант. Оның өнерге
деген құштарлығын аңғарған Дина Нұрпейісова өз
домбырасын сыйға тартады. Бұл күй анасының оған
артқан сенімі еді. Динаның ақ батасын алған жас
өскін Алматы консерваториясын ойдағыдай бітіріп,
еңбек жолын осы өнер шаңырағынан бастаған. Қазақ
халқының музыка аспаптарын жинап, отызға жуық
түрін анықтаған. Археологиялық экспедицияда
табылған саз балшықтан жасалған үш ойықты
сазсырнай аспабын қалпына келтіріп, өзі ойнап
дыбыстандырған.
Б.Сарыбаев сан алуан өнерпаздарды тəрбиеледі.
Қазақ халқының мəдениетінің дамуына ықпал етті.
Ұлттың аспаптарды қайта жаңғыртуға үлес
қосқан ғалым Болат Сарыбаев есімі ел есінде мəңгі
сақталады.
Қамар Қасымов
Қамар Қасымов (1893 – 1966) – қазақ арасынан
шыққан кəсіби шебер, Қазақстанның еңбек сіңірген
өнер қайраткері. Ол Павлодар облысы Баянауыл
ауданында дүниеге келген. Қамар Қасымов жасынан
қолөнер бұйымдарын жасаумен шұғылданған.
1934 жылы Қамардың басшылығындағы шеберлер
алғаш құрылған қазақтың ұлт аспаптар оркестріне
домбыра, қобыз, сыбызғы жəне көптеген музыка
аспаптарының түрлерін жасаған.
Қамар Қасымовтың өз қолымен əшекейлеп,
өрнектеп жасаған музыка аспаптары Қазақстанның
Орталық жəне Ықылас атындағы Халық музыка
аспаптар мұражайларының қорында сақтаулы тұр.
557
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТЕАТР
ЖƏНЕ КИНО ӨНЕРІ
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТЕАТР ЖƏНЕ КИНО ӨНЕРІ
Кино – əдебиет пен театрдың, бейнелеу өнері мен музыканың көркемдік қасиеттерін
жəне қазіргі аудиовизиялық мəдениеттің техникалық жетістіктерін өзінің ерекшелігіне
орай пайдаланатын күрделі өнер. Киноның өзіне тəн мəнерлеу амалдары, көркемдеу
тəсілдері, эстетикалық заңдары мен шығармашылық дəстүрлері бар. Көріністі
əр тұстан, əр мөлшерде қамти бейнелеуі, адам өмірі мен табиғат құбылыстарын
нанымды көрсете алуы кино өнерінің шығармашылық мүмкіндігін кеңейте түседі.
Кино, негізінен, төрт салаға бөлінеді: көркем фильм, деректі фильм, мульти-
пликациялық жəне ғылыми-көпшілік кино.
Киноның тəрбиелік, тағлымдық, танымдық мəн-маңызы өте жоғары.
Театр – өмір көріністерін драмалық əрекет арқылы көрермендердің көз алдында
актерлер күшімен бейнелейтін өнердің бір түрі. Театрдың тарихи жағынан
қалыптасып даму, өркендеу жолы əр ұлттың, əр халықтың өмір-тұрмысымен,
олардың жалпы тарихымен жəне мəдениетімен тығыз байланысты. Өнердің өзге
салалары сияқты театрдың да өзіндік ерекшеліктері болады. Ол – əдебиет, музыка,
кескіндеме, архитектура, би жəне кинематографияның мəнерлі амал-тəсілдерін
бойына жинақтаған синтезді өнер. Театр – халықты саяси жəне адамгершілік пен
ізгілікке тəрбиелеудің аса маңызды құралы.
Достарыңызбен бөлісу: |