ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТЕАТР ЖƏНЕ КИНО ӨНЕРІ трагедиясындағы Еңлiк рөлі. Онда ол кейiпкердiң бүкiл
драмалық өмiрiн көрсете бiлдi. Жиырма жыл бойы Еңлiк
бейнесi Бикен Римованың орындауымен сахна төрiнде
жұлдыздай жарқырап жүрдi.
Оның сахна төрiнде ойнаған рөлдерi – қайталанбас
бейнелер. Ғ.Мүсiреповтiң «Қозы Көрпеш – Баян сұлуында»
– Күнікей, «Ақан сері – Ақтоқты» трагедиясында –
Мəрзия, М.Əуезов пен С.Соболевтің «Абайында»
– Зейнеп, Т.Ахтановтың «Кездейсоқ кездесуінде» –
Ғалия, Ə.Тəжiбаевтың «Жалғыз ағаш орман емесінде» –
Фарида. 1966 жылы Ш.Айтматовтың «Ана – Жер-Ана»
пьесасындағы ана рөлi үшiн Бикен Римова Қазақ КСР-нiң
Мемлекеттiк сыйлығына ие болды. Сол кезде Қазақ КСР-
нiң халық əртiсi атағын алды.
1955 жылдан ол киноға түсе бастайды. Көпшiлiгiмiзге Бикен Римова «Шабандоз
қыздағы» – Баршагүл (1955), «Тақиялы перiштедегi» – Жамал (1968), «Менiң атым
Қожадағы» – ана бейнесi жəне «Тоғысқан тағдырлар» теленовелласындағы Гүлбибi апа
кейiпкерлерi арқылы белгiлi.
Асанəлi Əшiмов Асанəлi Əшiмов – қазақ киносының жұлдызы, актер,
кинорежиссер, профессор. Оның ойнаған рөлдерi халықтың
жүрегінен орын тапты. Олар – «Атаманның ақыры» (1970),
«Қыз Жiбек» (1971), «Транссiбiр экспресi» (1977), «Нанның
дəмi» (1979), «Түрксiб» (1986) фильмдерi.
Асанəлi Əшiмов 1939 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы
Сарысу ауданының Байқадам аулында дүниеге келген.
Қатал соғыс жылдары өткен балалық шағы туралы актер:
«Алғашқы қар жауғанша жалаң аяқ жүрдiм. Бiр күнi сабақ
кезiнде қалың қар жауған едi. Барлық сыныптастарымды
ата-аналары үйлерiне алып кеттi. Ал мен суық саз мектепте
жалғыз қалдым. Ол кезде тоғыз жаста едiм. Түнi бойы қатты
қорыққаным соншалық, таңертең мектептен он жасқа есейiп шыққандай болдым» деп
есіне алады.
Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттiк консерваториясының болашақ студентi
бола жүрiп, А.Əшiмов «Ботагөз», «Ертiстiң асау толқынында» атты фильмдерге түскен.
1964 жылы ол М.Əуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының сахнасында
көптеген жарқын бейнелердi ойнады. «Айдаһар жылы», «Аты аңызға айналған Шоқан»