ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ШЕШЕНДІК
ЖƏНЕ АҚЫНДЫҚ ӨНЕРІ
Қазақ халқы шешендік сөзді жоғары бағалаған. Ата-бабамыз «Өнер алды – қызыл
тіл» деп ұққан. Шешендердің өсиет сөздерін, ақындардың ақыл-нақылға толы толғау,
термелерін ғасырлар бойы жадында сақтап келген. Жігін тауып сөйлей білудің, ойды
жеткізе білудің өзі шеберлікті, шешендікті, ойлылықты, ақыл-парасатты қажет етеді.
Ал ол үшін үздіксіз жаттығу, ынта-жігер, талап керек.
Сөзшең, өнерлі азаматтарға жиын-тойларда төрден орын беріп, қошемет көрсеткен.
Сөз бастаған шешенді қол бастаған батырмен пара-пар қойған. Екі елдің дау-шарларын
сөз тапқыш ақылды адамдарға жүгініп шешкізетін болған. Сөз тауып айтқан адамды
қара демей, хан демей, үлкен-кішісіне қарамай қастерлеген, қолдап көтермелеген.
«Əнет баба, Əйтеке, Төле би, Қазыбек, Сырым т.б. айтыпты» дейтін ақыл-
нақылға толы шешендік сөздер, біріншіден, халықтың өткендегі данышпан ұлдарын
дəріптеу болса, екіншіден, көркем сөз асылдары арқылы жастарға үлгі-өнеге көрсету
көзделген.
Ақындық пен шешендік – егіз өнер. Əдетте, қазақтың ақыны – шешен, шешені – ақын.
Мəселен, қазақ əдебиетінің майталмандары: Бұқар Қалқаманұлы, Абай Құнанбайұлы
жəне Махамбет Өтемісұлы əрі ақын, əрі шешен болған. Он үш жасында билік айтып,
көзге түскен Мөңке би; он төрт жасында қазақ пен қалмақ елінің дауын шешіп, жоңғар
қонтажысын соғыссыз бітімге келтірген Қазыбек – нағыз халық даналары.
Билердің шешендік сөз өнері өз алдына бір үлкен тəрбие мектебі саналған болса,
ақындардың өлеңмен айтысы – шешендіктің, тапқырлықтың екінші жетілген түрі.
«Ақын» атағын алу үшін ол өзінің ақындық күшін көп алдында таныту керек. Көшпелі
қазақ тұрмысында ақынға «ақын» атағын əперетін ең басты мəре, «байқау» – айтыс
болған.
МАЙҚЫ БИ
Майқы би – қазақтың алғашқы биі. Ол – ұлттық шешендік өнеріміздің атасы. Қазақтың
аңыз-əңгімелері бойынша, Майқы əділ бітім айтып, шешім шығарған парасатты, ақылды
би болған. Майқы халқына адал болған жəне бейбіт өмірді жақтаған. «Түгел сөздің түбі
– бір, түп атасы – Майқы би» деген халық даналығы осыдан шыққан. Шыңғыстауда
(Семей облысының Абай ауданы) Шыңғыс ханды ақ киізге көтеріп хан сайлағанда
Майқы би батасын берген.
Тұлпардан
тұлпар
туады,
Сұңқардан
сұңқар
туады.
Асылдан
асыл
туады,
Жалқаудан
масыл
туады.
Масылдан
малбақпас
туады,
Тілазардан
қылжақбас
туады.
525
Достарыңызбен бөлісу: |