ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ
СƏУЛЕТ ӨНЕРІ
Мұражайда Қазақстан аумағында өмір сүрген ежелгі көшпелілердің тұтынған
алуан түрлі бұйымдарының жиынтығы бар. Археология қорында Қазақстанның көне
қалаларының материалдық мəдениетінен мəлімет беретін заттар, түркі жауынгерлерінің
қару-жарақтары, Ұлы Жібек жолы арқылы жеткен шет ел тауарлары мол. Қазақстан
жерінен табылған көне түріктерге қатысты тас мүсіндер, балбалдар, ескерткіштер,
бітік тастар жиынтығы да мұражай қорында сақтаулы. Мұражайда Қазақстанның əр
өңірінен жинақталған халқымыздың материалдық мəдениетінің ескерткіштері, түрлі
шаруашылық жəне тұрмыстық бұйымдары, əшекейлер, ұлттық киім-кешектер, ыдыс-
аяқтар, кілем, алаша, сырмақ, тұскиіз секілді этнографиялық мүліктер сақталған.
Мұражай қоры жыл сайын жаңа бұйымдармен толықтырылып келеді.
Қазақстан Республикасының
Президенттік мəдениет орталығы
Астана қаласындағы ғылыми жəне мəдени-ағарту мекемелерінің бірі – Президенттік
мəдениет орталығы. Орталық 2000 жылы 24 қазанда ашылды. Ол жұртшылықты Қазақ-
стан халықтарының тарихи-мəдени жəдігерлік мұраларымен, сондай-ақ дүниежүзілік
мəдениет жəне өнер жауһарларымен жүйелі түрде таныстырып отыруды мақсат тұтады.
Онда тарихи мұражай, көпшілік кітапхана мен концерт залы орналасқан.
Мұражайлар ғимараттың бес қабатына бөлінген. 1-ші қабатында «Қазақстан
Республикасының мемлекеттік атрибуттары мен символикасы», «Қазіргі Қазақстанның
саяси-қоғамдық өмірі» жəне Этнография залы орналасса, 2-ші қабатында Археология
галереясы, «Ежелгі Қазақстанның көшпенділер мəдениеті» мен «Алтын жəне асыл
металл бұйымдар» залы, ал 3-ші қабатында Тарих галереясы, 4-ші қабатында «Егемен
Қазақстан», 5-ші қабатында Бейнелеу өнері галереясы орын тепкен. Мұражай тарих
пен мəдениет ескерткіштерін жинап, сақтау жұмыстарын жүргізеді.
Дүние жүзі елдерінің 40 тіліндегі 700 мың кітап қоры жинақталған орталық
кітапханасы республикадағы ең бай кітапханалардың бірі болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |