Қасым хан 1. XVI ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақ хандығын билеген хандар: Бұрындық, Қасым
2. Тарихшы М. Х. Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» еңбегінде айтылғандай «Бұл ханның бүкіл Дешті Қыпшақ даласына билік жүргізгенін оның халқы санының миллионнан астам болғанын айтады. Жошыдан кейін бұл жұртта одан ұлы хан болған емес: Қасым
3. «Қасым хан Жәнібек ханның ұлы, Ол өз билігін Дешті Қыпшақ даласына дейін жүргізді. Сан мындаған әскері болды… . Бұл елде Жошы ханнан соң дәл осындай құдіретті хан болған емес» деп жазған ғұлама: М.Х. Дулати
4. XVI ғасырда қазақ жерінің басым бөлігін өзіне қаратқан қазақ ханы: Қасым
5. XVI ғ. бүкіл Дешті-Қыпшақтың ханына айналды: Қасым
6. XVI ғасырдың бас кезінде Қазақ хандығын билеген Жәнібек ханның ұлы: Қасым хан
7. Қасым ханнан бастап XIX ғ. хандық билік жойылғанға дейін Қазақ даласында жоғары билікке ие болған әулет: Жәнібек
8. 1511 жылы Қазақ хандығында билікті қолына алған хан: Қасым
9. Қасымхан билік құрған жылдар: 1511-1518 жж.
10. 1511-1518 (1523) жылдары ел билеген қазақ ханы: Қасым
11. Қасым ханның билігі кезіндегі басты оқиға: Қазақ хандығын біріктіріп, бір орталықтан басқару жүйесін жетілдірді
12. Қасымханның бүкіл Дешті Қыпшаққа билік жүргізгені туралы жазылған еңбек: Тарихи-и Рашиди»
13. «Қасымды Жошыдан кейін бұл жұртта одан ұлы хан болған смес» деп айтқан ғұлама: М.Х.Дулати
14. «Тарихи-и-Рашиди» еңбегінде «Жошыдан кейінгі ұлы хан» деп аталған тұлға: Қасым
15. Қасым хан жайлы жазған ортағасырлық ғалымдар: Бабыр, М.Х.Дулати, Қ.Жалайыри
16. М.Х.Дулатидің, Бабырдың, Рузбиханның еңбектерінде жоғары баға берілген хан: Қасым
17. Қасым ханның атты әскер санының 300 мыңға жеткені туралы дерек қалдырған ғалымдар: М.Дулати, Бабыр
18. «…жұрттың айтуына қарағанда, қазақ сұлтандары мен хандарының бірде біреуі бұл халықты дәл осы хан сияқты бағындыра алмаған» деп Қасым хан туралы жазған: Бабыр
19. Қасым ханның сыртқы саясатының басты бағыты: Сыр бойындағы қалаларды қарату
20. 1510 жылы Шайбани әскері қазақ әскерінен жеңілгеннен кейін Қасым ханның билігіне өтті:Түркістан қалаларының көпшілігі
21. Қазақ хандығының жер көлемін кеңейте түсуге бар күшін жүмсаған хан: Қасым
22. Тарихи деректер бойынша Қасым ханның қол астындағы халықтың саны: 1 млн.
23. М.Х.Дулати мен Бабырдың жазуынша Қасым ханның қол астындағы әскер саны: 300мың
24. Қазақтардың этникалық аумағының негізгі аудандары Қазақ хандығына біріге түсті: Қасым ханның кезінде
25. Қасым ханның қазақ тарихында алатын орны: Қазақ жерін кеңейтті
26. Қасым ханның сыртқы саясатының басты бағыты: Сырдария бойындағы қалаларды қаратып алу
27. XVI ғ. Қазақ хандығының күш-қуатын құқықтық негізде нығайтқан билсуші: Қасым хан
28. «Қасым ханның қасқа жолы» ел басқару үрдісінде сүйенді: ежелгі әдет-ғұрыптарға
29. «Қасым ханның қасқа жолының»: 1-ші бөлімі: мүлік заңы, 2-ші бөлімі: қылмыс заңы, 3-ші бөлімі: әскери зан, 4-ші бөлімі: елшілік жоралары, 5-ші бөлімі: жұртшылық заңы
30. «Қасым ханның қасқа жолындағы» жер дауы, мал-мүлік дауы кіретін заң: мүлік заңы
31. «Қасым ханның қасқа жолының» мүлік заңына енді: жер дауы, мал-мүлік дауы
32. «Қасым ханның қасқа жолындағы» аламан міндеті, қосын жасақтау, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат кіретін заң: әскери заң
33. «Қасым ханның қасқа жолында» аламан міндеті қаралды: әскери заңда
34. «Қасым ханның қасқа жолындағы» шүлен тарту, ас тойы, мереке мәселелерінің осы заңға кіретіні: жұртшылық заңы
35. «Қасым ханның қасқа жолының» жұртшылық заңында қаралды: жасауыл
36. Қасым ханның билігі тұсындағы Қазақ хандығының жағдайы: Дәуірлеу кезеңі болды
37. Қасым хан тұсында Қазақ хандығының астанасы болған қалалар: Сығанақ, Түркістан
38. XVI ғасырдың соңында Қазақ хандығының астанасына айналған қала: Түркістан
39. XVI ғасырда Моғолстанның әлсіруі Қасым ханның осы өлкедегі билігін нығайта түсті: Жетісудағы
40. Қасым ханның Жетісудағы билігінің нығайа түсуіне себеп болған жағдай: Саид ханнын Шығыс Түркістанға көшіп кетуі
41. XVI ғасырдың I жартысындағы Қазақ хандығы тәуелсіз, дербес мемлекет есебінде белгілі болды: Орта Азия мен Шығыс Еуропаға
42. Қасым ханның тұсында сауда- саттық және дипломатиялық байланыс жасаған елдер: Еділ бойындағы елдер, Батыс Сібір хандығы, Ресей мемлекеті
43. XVI ғасырдың басында қазақтарды ержүрек дала халқы ретінде қабылдаған ел: Ресей
44. XVI ғасырдың бірінші ширегінде Қазақ хандығында орын алған саяси дағдарыстың себебі: Қасым ханның қайтыс болуы
45. Қасым хан өмірінің соңғы кезінде отырып, билік жүргізген қала: Сарайшық
46. Өмірінің соңғы кезінде Сарайшықта отырып, билік жүргізген: Қасым хан
47. Қасым хан қайтыс болған қала: Сарайшық
48. Қасым хан 1518 жылы қайтыс болды деп дерек қалдырған: М.Х.Дулати
49. Қасым ханның 1523 жылы Сарайшықта қайтыс болғандығы айтылады: орыс деректерінде
50. Қасым ханнан кейін Қазақ хандығы дағдарысты бастан кешіріп, ауыр жеңілістерге ұшыраған мерзім: 1520-1530 жж.