Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетінен емтихан сұрақтары Жыраулар поэзиясының зерттелуі


Доспамбеттің “Айналайын Ақ Жайық” деп басталатын толғауын талдаңыз



бет46/48
Дата18.02.2023
өлшемі266,21 Kb.
#169240
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
?àçà? õàíäû?û ä?ó³ð³íäåã³ ?äåáèåò³íåí åìòèõàí ñ?ðà?òàðû Æûðàóëàð 2

57.Доспамбеттің “Айналайын Ақ Жайық” деп басталатын толғауын талдаңыз
Бұл толғау 7,8 буынды,2 бунақты,25 тармаққа құрылған.Бұл толғауда ұйқастың шалыс ұйқас түрі кездеседі.
Эпитет: қара бұлан,боз орда,ақ балта,алты құлаш,сайгез оқ,қара саба.



  1. Сұрақ арнау түріндегі эпифоралық қайталаулар, мәселен Доспамбет жырауда:

Айналайын Ақ Жайық,
Ат салмай өтер күн қайда?
Еңсесі биік боз орда,
Еміне кірер күн қайда?


58. Жыраулар поэзиясындағы аллитерация мен ассонанстарға мысал келтіріңіз
Аллитерация (лат allitera-дыбыстас) дауыссыз дыбыстардың қайталануы арқылы әдеби тәлдә ажарлап,сөздің реңін келтіре түсетін көркемдік тәсіл
мысалдар: Қазтуған «салп-салпыншақ анау үш өзен» 
жабағалы жас тайлақ
Жардай атан балған жер,
жатып қалып бір тоқты,
Жайылып мың қой болған жер.
жарлысы мен байы тең,
Жабысы мен тайы тең,
Жары менен сайы тең.
Доспанбет жырау:
Тоғай,тоғай, тоғай су,
тоғай қондым,өкінбен,
Толғамалы ала балта қолға алып,
топ бастадым,өкінбен
Шалкиіз жырау «би темірге бірінші толғауы
сен алтынсың-мен пұлмын,
сен жібексің мен-жүнмін
сен сұлтансың-мен құлмын,
сен сұңқарсың -мен құмын
Ақтамберді жырау
Жағалбай деген ел болар
Жағалтай деген көл болар
Жағалтайдың жағасы
Жасылда байтақ ну болар
Балпаң,балпаң кім баспас,
басарға балтыр шыдамас
Баиырмын деп кім айтпас
барарға жүрек шыдамас
Бұқар жырау «айналасын жер тұтқан»
Құландар ойнар қу тақыр 
қурай бітпес демеіңз
қурай бітпес құба жон
құлан жортпас демеңіз
Құрсағы жуан боз бие 
Құлын салмас демеңіз
Қулық туған құлаша
Құрсақтанбас демеңіз
Ассонанс дауысты дыбыстардың қайталануы арқылы әдеби тілді ажарлап,сөздің реңін келтіре түсетін көркемдік тәсіл
Асан Қайғы: «Қырында киік жайлаған»
Ойыл деген ойынды,
Отын тапсаң тойыңды,
Ойыл көздің жасы еді,
Ойылда кеңес қылмадың
Ойылдан елді көшірдің
Елбең-елбең жүгірген,
Ебелек отқа семірген,
екі семіз қолға алып,
ерлер жортып күн көрген
еділ деген қиянға 
еңкейіп келдің тар жерге




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет