Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл
Алтын Орданың ыдырауына байланысты, XV ғасырдың орта кезінде қазақ жерінде дербес бірнеше мемлекеттер өмір сүрген болатын.Қазақ жерінің батысында Ноғай Ордасы,Жетісу аймағында Моғол хандығы,Сырдария бойы мен Орталық Қазақстанда Әбілхайыр хандығы.Бұл кезең тарихта жер мен билік үшін бір-бірімен соғысып жатқан дүрбелең кезең еді.1428 жылы Ақ Орданың ханы Барақ ханның аяқ астынан қайтыс болуы, мемлекет ішіндегі саяси жағдайды одан бетер ушықтырып жіберді.Тарихи деректерде Әбілхайыр хан Ақ Орда билігін өз қолына алу үшін 20жылға жуық толассыз күрес жүргізген делінген.Сол тартыста Әбілхайыр хан қарсыластарын жеңіп шығып, 1428 жылы хан сайланып,хандығын «Өзбек ұлысы», «Өзбек хандығы», немесе«Әбілхайыр ұлысы», «Әбілхайыр хандығы » деген атауды қалыптастырады.Бірақ Ақ Орданың мұрагерлері Ұрыс хан мен Барақ ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей сұлтандар Әбілхайырдың билігін бір күн де мойындамаған екен.Сұлтандардың алдарындағы басты мақсаты өздерінің дербес,жеке ұлттық мемлекетін құру еді.
Керей-Қазақ ордасының тұңғыш ханының азан шақырып қойған аты жазба деректерде Гирай,Герей,Кирай түрінде кездеседі.Қазақша –Керей.Тарих зерттеушілері Керей есімінің екі түрлі мағына бар екендігін,Гарай сөзі монғолша «биік», «еңселі», «алып» болса, екіншісі «ержүрек», «батыл», «еркін»деген ұғымды білдіреді екен.1426 жылы жазылған «Муизз алансаб» дерегі бойынша;
- Шыңғыс хан-Жошы хан- Орда Ежен хан-Сасы Бұқа хан-Ерзен хан-Шымтай хан-Орыс хан-Тоқтақия хан-Болат хан-Керей.Керей Болаттың жалғыз ұлы болған.Зерттеушілердің бәрінде де Орда Еженнен бастап Орыс ханға дейін Шығыс Дешті Қыпшақта Орда Ежен әулеті билігінің үзілмегендігі айтылады.1337 жылы Ақ Орда билеушісі Орыс хан қайтыс болғаннан соң таққа оның үлкен ұлы Тоқтақия, яғни Керейдің атасы келеді.Деректердегі жазу ьойынша Керей ханның атасы Тоқтақия «жұмсақ мінезді және әділетті» адам болып, Әмір Темір мен Тоқтамысқа қарсы күресте қайтыс болған екен.
- Жәнібек- Әбілғазы ханның «Түрік шежіресі» бойынша Жәнібектің азан шақырып қойған аты-Әбу Саид.Ол-Ақ Орданың соңғы ханы,атақты Барақтың Мір-Саид,Мір-Қасымнан кейінгі кіші ұлы.Сол себепті де XIVғасырда өмір сүрген қазақ тарихшысы Қадырғали бек Жалайыр оны «Кіші Жәнібек хан» деп атайды.Шежіре- деректерден көріп отырғанымыздай Керей мен Жәнібек-Орыс ханнан тараған шөберелер,ата-баба әулетінен хандық билік үзілмеген.Қалай дегенмен де,Керей мен Жәнібектің бабалары XIII-XVғасырлар аралығында қазақ ұлтының, қазақ мемлекеттігінің қалыптасуына зор еңбек сіңірген, ДештіҚыпшақтың саяси тарихында өз орны бар ірі тұлғалар.
- Керейдің әкесі Болат сұлтан мен Жәнібектің әкесі Барақ хан екеуі де-Орысханның немерелері.
Қазақстанның жартылай көшпелі Орталық Қазақстан даласы мен Жетісу аймағының Оңтүстік Қазақстанның отырықшы диқандарымен өзара шаруашылық байланыстарының жолға қойылуы-бұл кезеңнің этникалық бірлесу бағытына,тілі,рухани мәдениеті, шығу тегі бір этникалық топтардың бауырласуына, осы арқылы қазақ халқының құралып-қалыптасып, тарих сахнасына шығуына бірден-бір ықпал етті.
Ел ішіндегі бітпейтін өзара қақтығыстар мен кикілжіңдер,көршілес жатқан ойрат тайпаларының,Темір әулеті билеушілерінің шапқыншылыққа негізделген жаугершілік саясаты қарапайым халықтың мүлдемге мазасын алады.Олар күнделікті өнімді еңбектен қол үздірген өзара қырқысқа толы қақтығыстар мен елді титықтатқан соғыстардан әбден жапа шекті.Оларды қорғайтын,пана болатын күшті мемлекеттің қажеттілігі пісіп-жетілді.
-Үздіксіз жүргізілген соғыстардың шығынын алым-салық ретінде халықтың мойнына артуы
-Әбілхайыр ханға қол астындағы халықтың сенімсіздік білдіруі.
-Әбілхайыр хандығынындағы ру-тайпалардың ішінде саяси шиеленістің қалыптасуы.
-Жекелеген сұлтандардың халық арасындағы беделінің өсуі т.б көп себептерден қазақтың ру-тайпаларының Әбілхайырдың қол астынан бөлініп шығып, Батыс Жетісу жеріне қоныс аударуына негіз болды.
Керей мен Жәнібек сұлтандар тарихтың сол бір уақытын, дәл кезеңін, сол бір нүктесін асқан кемеңгер көрегендіктің арқасында шебер пайдалана біліп,өз қарамағындағы ру-тайпаларды арттарынан ерте білді.Керей мен Жәнібекке үлкен сенім артқан қазақ ру-тайпалары(Мұхаммед Хайдар Дулаттың дерегінде 200 мыңдай адам делінген) Батыс Жетісу жеріне беттерін түзеді. Олар Моғолстан ханы Есенбұғамен екеуара одақ құрды.Есенбұғаның қазақтармен одақ құрып, жер бөліп берудегі ішкі ойы, біріншіден –Моғолстан билігіне таласқан өз бауыры Жүніс ханға қарсы одақ табу керек болса, екіншіден-өз иелігін Әбілхайыр хан мен Темір ұрпақтарының шапқыншылығынан, елді жиі шауып тұратын қалмақ басқыншылығынан мүлдем құтылу еді.Бұл саясатында батыс шекарасына мықты қорған болар үмітін жаңа құрылған Қазақ мемлекетіне артты.Шуға бет алған қос сүлтанның көші соңынан Әбілхайыр хан қуғыншы жібереді.Жасақ қолбасшылары Керей мен Жәнібекке хан сәлемін жеткізіп жатқанда, екі жақтың жауынгерлері «бір-бірімен қозыдай жамырасып, амандық –саулық сұрап, мәре-сәре болып жатыпты» деген сөз бар.
Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуға көшіп келуін халқымыздың тұңғыш көрнекті тарихшысы,ғұлама Мұхаммед Хайдар Дулати 1465-1466 жылдар деп жазады.Сұлтандар Батыс Жетісуды құтты мекен ете отырып,1465-1466 жылдары Қозыбасыда Қазақ хандығын құрды.Басына іс түсіп келген ағайынға теріс қарау ата салтымызда жоқ.Әрбір ханның ішкі есебі бар.Әйтеуір, Есенбұға хан бұларды құшақ жая қарсы алды.
Қазақ хандығының негізі бір елдің жерін тартып алу,не болмаса жерінен ығыстырып атамекенінен айыру,не болмаса қысымшылық көрсетіп озбырлықтың арқасында емес, бейбіт жолмен ауа көші негізінде құрылған бірден бір мемлекет екенін әсте естен шығармауымыз керек.
1468жылы күннен-күнге қуат қосып келе жатқан Керей мен Жәнібекті шабуға аттанған Әбілхайыр хан жолда науқас болып,дүниеден өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |