Курстың мақсаты:“Психолингвистика” курсы психологиялық тілтанудың өзекті мәселелері туралы жүйелі түсініктер қалыптастыруға арналады. Курс мазмұнында психолингвистиканың интегративтік ғылым ретінде қалыптасуы сипатталады, сөз саптау мен түсіну үдерістерінің, қостілділіктің мәселелері, мағынаның құрылымының үлгіленуі қарастырылады. Курс психолингвистикалық ілімдердің тарихын, негізгі теориялық бағыттарды жариялауға бағытталады, қазіргі лингвистикалық антропологиялық әдістануды көрсететін психолингвистикалық әдістерді айқындауға арналады.
Пәннің пререквизиттері: Психология, Қазақ тілінің лексикасы, морфологиясы, сөзжасамы, когнитивтік тіл білімі.
Пәннің постреквизиттері: Тіл оқыту әдістемесі, мәтін лингвистикасы, коммуникативтік тіл білімі.