Қазақ ЖӘне орыс филологиясы кафедрасы



бет56/103
Дата13.05.2020
өлшемі0,5 Mb.
#67716
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   103
Байланысты:
УМК психолингвистика 2019
Cockney Dialect, Cockney Dialect, УМК психолингвистика 2019
11. А.А.Леонтьевтің моделі

А.А.Леонтьев айтылып жүрген сөйлеудің туындау модельдерін сыни тұрғыдан қарастырды және Л.С.Выготскийдің және А.Р:Лурияның идеяларына сүйене отырып, жалпы ұғым ретінде қызметтің теориялық концепциясын және және тілдік қызмет теориясын қолданды. Оның сөйлеудің туындау процесін қызметтің тұтас актіне құрамдық бөлшегі болып енетін күрделі, кезең бойынша қалыптасатын сөйлеу әрекеті ретінде қарастыру қажет деп есептеді.

А.А. Леонтьевтің мынадай сөйлеудің туу теориясын ұсынды. Сөйлеудің туындау процесінің бірінші кезеңі сөйлеудің ішкі бағдарламалануы (внутреннее программирование высказывание) болып табылады. Ішкі бағдарлама болашақ туындайтын пікірдің ядросына сәйкес келеді. Пропозицияның (сөйлемнің номинативті не семантикалық аспектісі ретінде түсіндіріледі. Пропозицияның құрамына кіретіндер: тема мен предикат) иерархиясын көзге елестете отырып, ол оның предикативтіліімен және ситуацияның тема-ремалық мүшеленуімен баланысты. Ішкі бағдарламаланудың негізінде жеке мәнге (личностный смысл) ие бейне жатыр. Бағдарламалау бірліктерімен қосу (включение), санап шығу (перечисление), мүшелеу (сочление) операциялары жасалады.

Грамматика-семантикалық кезеңнің жүзеге асу барысында кіші кезеңдер (подэтапов) қатары айқындалады:

- тектограмматикалық (объективті кодқа көшу),

- фенограмматикалық (код бірліктерінің ұзынша таралуы - линейное распределение),

- синтаксистік болжам (элементтерге грамматикалық сипат тіркеп қою – приписывание элементам грамматических характеристик),

- синтаксистік бақылау (болжамның ситуациямен ара қатынасын белгілеу).

Ішкі семантика-грамматикалық сөйлеудің бағдарламалануының артынша оның моторлы бағдарламалану болады. Содан кейін сөйлеудің шығуы – реализациясы жүзеге асады.

Сөйлеудің туындау процесінің әрбір этапында оның жүзеге асуының бақылау механизмі әрекет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет