Қазақ жеріндегі ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер және қазақ мәдениетінің бастауы



бет4/7
Дата19.03.2022
өлшемі103,2 Kb.
#136289
1   2   3   4   5   6   7

Бұл жайындағы алғашқы тарихи жазба грек емшісі Зерамхтың хабарнамасында айтылады,ал 630 жылы Сюань Цзанның жазбасында Тараз (қытайша Далосе) ірі сауда қаласы ретінде сипатталады. Махмұд Қашқаридың лұғатында Баласағұн тәрізді Тараздың тұрғындары соғды түрік тілінде сөилеген делінеді.VII-VIII ғасырларда ол “Ұлы жібек жолында” орналасқан сауда және қолөнер орталығына айналған. Тараздың ең өркендеп өскен кзеңі Қарақан әулиеті билік жүргізген X-XII ғасырлармен тұтас. Бұл кезде қайтадан салынып, теңге соққан ұстаханасымен, сауда-саттығымен, қолөнерімен әлемге әйгілі болған. Қала ішінде су құбірі жүргізіледі, моншалар салынады.Сәулет өнерініңтамаша туындылары бой түзейді. Бұлардың ішіндегі аса көрнектілері-ежелгі Тараз рабадына(қолөнершілер тұрағы) орналасқан Қарахан бейіті, қала сыртындағы Бабаша қатын, қазақ ұлттық сәулет өнерінің тамаша үлгісі болып табылатын Айша-бибі күмбездері. Бүл дәуірде Тараз әуелде қытайлардың,одан кейін Хорезм шахы Мұхаммедтің, ал 1219 жылы Шыңғысхан шапқыншылығына тап болды да тонауға түседі, қиратылады.Бірақ ол мұнан кейін де өз сәулетімен байлығы арқасында саяхатшыларды таңдандырып, тағы да екі ғасыр өмір сүреді. Қаланың құлдырауы-XV ғасырдан, яғни ежелгі Қазақстанның қалалары арқылы өттін “Көне Жібек жолы” ұлы географиялық жаңа жерлер ашылуына байланысты өз маңызын жойған кезеңнен басталады. Кезінде әлемге әйгілі үлкен қала орнында XV-XVIIғасырларда шағын ғана елді мекен қалған.Ол XVII ғасырдан бастап Әулие ата деп атала басталды



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет