Қазақ жеріндегі ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер және қазақ мәдениетінің бастауы.
Тұрсынали Аружан
201
Отырар 8-ғасырдың басынан Тарбанд (Трабан) деген атаумен белгілі болды.Бұл атауКүлтегін” және Білге қаған ” құрметіне арналған көне түрік руна жазбаларында кездеседі. VIII ғасырдағы араб графигі Якут Тарбант, Түрар,Тұрарбанд пен Отырар-бір қала деп жазған. Отырар IX ғасырдың өзінде –ақ ірі қала болған. X ғасырдың географиялық жазбаларында Кедер деген орталық қаласы бар Фараб аймағы аймағы аталды. Бас қаласы аймақ есімімен Фараб аталған. X ғасырдан Кедердің орнына астана де,аймақ та Фараб делінген. Кедер отырардың солтүстік немесе солтүстік батысында V-XV ғасырларда отырар арал бойндағы көшпелілер тайпалармен сауда жасайтын орталық , Иран мен Орта азиядан Сібірге, Моңғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. XVI ғасырдың 2-жартысынан қала қазақтардың биілігіне біржолата кошіп,XVIII ғасырдың басына дейін өмір сүрген. Тараз. Қазақстанның оңтүстігінде қолөнершілер тұрақтары біздің заманымыздан бұрынғы бірінші мыңжылдықтың аяғында-ақ пайда бола бастады.Көне “Жібек жолында ” қанат жайып өркендеген осындай қалалардың бірі-қазіргі Жамбылдың бастамасы-ежелгі Тараз (Талас) болып табылады.