X-XII ғасырларда Қазақстанда және Орта Азияда қалалық қоныстар шапшаң өсті. Бірқата жаңа қалалар –Қарашоқ, Қорнақ, Қойлық, Екіоғыз, Ашнас,Баршынкент т.б пайда болды. Испиджаб X-XI ғасырларда сауда орталығы ретінде әйгілі болды. Сыртқа мата, қаружарақ, мыс пен темір шығарылды. Сырдарияның орта ағысы тұсында Весидж қаласы бой көтерді.Қаланың жұрты жақсы сақталған, ол бесбұрышты төбешік түрінде болып келеді. Тұрғын үйлердің еденелерінде де кірпіштер төселген. Отырардың оңтүстігінде Шауғар қаласы болған.Шауғар осы күні Түркістан аумағының орыны. XI ғасырда Шауғар құлдырап, астанасы Исаға көшірілді, мұнда XII ғасырдың аяағында орналасқан Ахмет Иассауи кесенесі салынып, қала діни орталыққа айналды. Орта ғасырлық Иасы қаласы осы кездегі Түреістан қаласының орталығында орналасқан.Қалада мұнаралы қамалмен қоршалған қамал,шахирстан, рабад болған. XI-XII ғасырларда көлемді сәулетті ғимараттардың салынуы,осы кезде қала құрлысының өркендегенінің дәлелі болды.Ертеде салынған ғимараттардың біразы сақталып біздің заманымызға жетті. Солардың бірі –қазіргі Жамбыл қаласы жеріндегі Айша бибі кесенесі.Бұл тарихи ескерткіш ертеректе қатты бүлініп,батыс жақ қабырғасының бір бөлігі мен бұрыштары сақталған. Тараз жеріндегі ортағасырлық сәулет өнерінің бірі-Қарахан кеснесі. Заманында әсемдігімен көз тартқан бұл кесне XX ғасырдың басында қайта салынды Сырдарияның төменгі ағысындағы Сырлытам кесенесі де XI-XII ғасыр ескерткіші. Кесене өрнектермен, қаптамалармен әшекейленген. Жақсы сақталған порталдары бар, әсем күмбезді ғимарат болған. Кесененің қабырғалары мен күмбезі күйдірілген кірпіштен қаланған.