Қазақ Жерінің Тарихи Географиясы


Түркі дəуірінің тарихи географиясы (жаңа эраның



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата12.09.2022
өлшемі426,45 Kb.
#149221
1   2   3   4   5
Байланысты:
Қазақ Жерінің Тарихи Географиясы

Түркі дəуірінің тарихи географиясы (жаңа эраның 
IV - X 
ғғ.)
VI 
ғасырда Орталық Азия мен Қазақстанда Түрік империясы шаңырақ көтерді. Бұл 
империяның қол астына Тынық мұхиттан бастап Қара теңізге дейін мекендеген барлық 
халықтар қарады. 
Дəл осы тұста қытайдың географиялық еңбектерінде ұлы бұрылыс болды. Ежелгі қытай
тіліндегі топонимдік атауларда түркі компоненттері немесе соғды компоненттері көбейді. 
Қытайдың ресми тарихнамаларында болсын, жеке саяхатшылар жазған саяхатнамаларда 
болсын осы белгі айқындала түсті.
Ежелгі Түркі ескерткіштерінде аса құнды географиялық деректер қалды. Түркі 
қағандары мен айғұчылары өз ескерткіштерінде мемлекеттік саясат мүдделеріне 
байланысты, негізінен қол астына қараған халықтардың орналасуы мен əскери жорық 
маршруттары сипатындағы мағлұматтарды жазып қалдырды. Ескерткіште шығыс, батыс,
оңтүстік, солтүстік жағында қоныстанған халықтар жөнінде, қалалар мен елді
-
мекендер 
жəне олардың тұрған орындары жөнінде көбіне
-
көп көңіл бөлінді. Сайып келгенде, 
осының бəрі соғдылар мен қытайларға өздерінің географиялық білімдерін кеңейтуге 
септігін тигізді. Орта ғасырлық қытай географтары мен саяхатшылары орталық азияның 
жер
-
су аттары мен этнонимдерін тікелей түріктерден қабылдады. Қытайлар 
«
тібет»(қытайша Тубо) этнонимін түркілерден қабылдады. Ал түрікше топонимдердің 
көбін мағынасы бойынша қытайшаға баспа

бас аударды, мысалы, ежелгі қытай 
деректеріндегі Шуанхэны Екі 

Өгіз деп санауға негіз береді.
Ежелгі түркі ескерткіштерін географиялық тұрғыдан танып
-
білудің ерекше маңызы бар. 
Түркі дəуірінде орталық азияның елді мекендері туралы мағлұматтар араб, парсы, қытай 
жазбаларында пайда бола бастады, мұның өзі көне араб, парсы, қытай карталарының 
жарыққа шығуына септігін тигізді. Алайда түркі ескерткіштеріндегі топонимдердің көбі 
қазіргі зерттеушілерге түсініксіз болған жəйт бар, көне түркі ескерткіштеріндегі 
топонимдердің сырын ашатын қосалқы кілт көне қытай жазбаларында жатыр. 
Осы еңбекте
ғылымда Орхон ескерткіштері деп аталатын ескерткіштердегі топонимдер 



мен этнонимдер қытай дереккөздеріндегі ономастикалық мəліметтермен салыстырмалы 
зерттеледі.
Аталмыш ескерткіштер қатарына 
VII 
ғасырдың аяғы мен 
VIII 
ғасырдың бас 
кезіндегі Орхон, Селенгі, Тола өзендері мен Минусинск ойпатынан табылған Күлтегін 
(685 
-
731), Білге қаған (683

734), Тонұқұқ, Құтлық қаған (Онгин),
Күллі
-
чор, Моюн
-
чор, Суджы жені т.б. бірқатар
ескерткіштер жатады.
Құтлығ
қаған ескерткіші (Онгин) 
– 
Орхон ескерткіштерінің ішіндегі ең көне 
ескеткіштердің бірі. Мұнда екінші Түркі қағанатын қайтадан қалпына келтірген Ілтеріс 
(Құтлығ) қаған жөнінде əңгіме болады. Ілтеріс қаған 
– 
Күлтегін мен Білге қағанның əкесі. 
Білге қаған 
– 
Қапаған қаған қайтыс болғаннан соң қағандық таққа отырған Құтлығ 
қағанның үлкен ұлы. Күлтегін 
– 
Құтлығ қағанның кіші ұлы. Тонұқұқ 
– 
үш қағанның 
(Құтлықтың, Қапағанның, Білге қағанның) əскери кеңесшісі. Күллі
-
чор 
– 
тардұш 
тайпасының көсемі, Күлтегін мен Білге қағанның замандасы. Моюн
-
чор 
– 
745 жылы 
Түркі қағаны Озмыш тегінді өлтіріп, Селенгі өзені бойынан тұңғыш ұйғыр қағанатын 
орнатқан қаған.
Енисей, Орхон жəне Талас жазу ескерткіштеріне арнап В. Радлов, В. Томсен, П. М. 
Мелиоранский, В. Бартольд, А .Н. Бернштам, С. Е. Малов, С .В. Киселев, И. А. Батманов, 
Х. Н. Оркун, В. Банг, В. Л. Котвич, Г. И. Рамстед, Гэн Шиминь, Рене Грауд, И. Л. 
Кызласов сияқты ұлы ғалымдар көптеген еңбектер жазды. Бірақ бұған қарап Орхон 
ескерткіштері жан
-
жақтылы зерттеліп бітті деген ұғым тумауға тиіс. 
Түркі ескерткіштерінің географиялық бейнелеуі басқалардан ерекшелеу, оларда 
топонимдер əскери жорық маршруты бойынша 
«
төрт бұлұңға
» 
бөліп орналастырылған. 
Ескерткіште əлемнің төрт бұрышы өңре күн тоғсық (шығыс) (Онгин , Күлтегін), кісре 
күн батысық (батыс), берійа (оңтүстік), йырыйа (солтүстік), немесе ілгерү (шығыс), 
біргерү (оңтүстік), керү (құриғару) (батыс), йырығарұ (солтүстік) деп аталды.
III 
Том


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет