Кілем жетекшісі Кілемдегі төреші: а) сылбырлық танытқан бір немесе екі балуанды да күреске шақырады;
ә) белдесуді ерте де, кеш те емес, дер кезінде тоқтатады;
б) кілем шетінде қолданылған әдістің есептелінетінін немесе есептелмейтінін анықтайды;
в) балуандар шектеулі сызықтан сыртқа шығып кетсе, оларды кілем ортасына шақырып, белдесуді жалғастырады;
г) төреші кілем жетекшісінің талап етуімен белдесуді тоқтатып, айқын басымдылыққа ие болған балуанды «жеңіске жетті» деп жария етуге міндетті.
Кілемдегі төреші Кілемдегі төреші белдесудің Ережеге сәйкес өрбуіне жауапты және қапталдағы төрешімен тығыз байланыста болуы керек. Нұсқау белгісімен белдесуді бастайды, тоқтатады және аяқтайды. Белдесу Ережесінің сақталуына қатаң ден қойып, балуандарға өзінің нұсқау сілтемесіне тез арада мойын ұсынып, бағынуы үшін жеке абырой – беделімен ықпал етуі керек. Сырттан ешкімнің жөн – жосықсыз араласуына жол бермей, белдесудің әділетті өтуіне жауапты.
а) белдесу барысын мұқият қадағалап, әдіс қолданған балуанға ұпай береді. Сондай – ақ, өз пікірін барлық жағдайда ашық айтуға тиіс;
б) таза жеңісті белгілейді;
г) белдесуді мұқият бақылау кезінде, әсіресе ерекше жағдайда өзі отырған тұста жүріп-тұруына болады;
в) белдесу кезінде қапталдағы төреші аңғармай қалған немесе басқа да әрекетті тез (рұқсат етілмейтін әдіс, теріс әрекет) айту керек деп тапса, ол балуанның белбеу түсін көрсетіп, назарын аударуға тиіс;
д) қапталдағы төрешінің қандай да бір пікірі екінші төрешімен бір жерден шықса, олардың шешімі нақты болып табылады.
ә) сылбырлық танытқан балуанды ширақ күресуге шақырады және ескерту беруге белгі береді;