Қазақ күресінің ережесі Барлық жарыста әрбір белдесуге тағайындалған төрешілер тобына



бет7/8
Дата16.10.2023
өлшемі1,51 Mb.
#185845
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
254635.pptx

Дәрігерлік қызмет:
Балуандар кілемге дауыстап шақырылады. Алайда дәлелді себептерге байланысты балуан бірінші айналымның бірінші жұбына кешігіп келетін болса, кездесу 2 минут уақытқа дейін шегерілуі мүмкін. Есімдері аталып, шақырылғаннан кейін әр балуан күртешесінің түсіне қарай кілемнің оң не сол бүйіріндегі өз орнына келіп тұрады. Балуандар таныстыру кезінде оң қолымен сол кеудесін басып, төрешілер мен көрермендерге бас иіп, тағзым етеді.
Кілем төрешісі белгі берісімен балуандар кілем ортасына шығады. «Баста» дегеннен кейін белдесулер жалғасады.
Шақыру және белдесуді бастау
Тоқтату және жалғастыру
Белдесу мынадай жағдайларда тоқтатылып, кілем ортасында жалғастырылуы керек:
  • егер де балуандар кілемнен шығып кетсе;
  • егер де балуандар сылбыр белдесіп, енжарлық танытса. Төреші "Тоқта!" деген кезде алақанды кеудеге көтеріп, белгі береді.
  • Ереже бұзылса, "Тоқта!" деп дауыстап және алақанын жоғары көтеріп белгі береді.


Аяқталуы
Белдесу:
  • таза жеңіспен немесе айқын басымдылықпен ұтқанда;

  • - төртінші рет ескерту алғанда;
    - белдесуге берілген уақыт аяқталғанда және белдесудің аяқталуын анықтайтын белгі берілгенде аяқталады.

Егер балуандардың қимылы жан – жақты да белсенді күрес тәсіліне қайшы келетін болса және қимылдары сылбыр деп анықталса, белдігін әдейілеп шешкен жағдайда, кеудеше етегінен ұстап әдіс жасалғанда белдесу тоқтатылып, кінәлі балуанға қатаң ескерту жасалады. Сонымен қатар, дөрекілік көрсеткен балуанның жаттықтырушысына да ескерту беріледі. Екінші рет қайталанған жағдайда келесі қатаң ескерту беріліп, жарыстан шеттетіледі. Бұл оқиға назардан тыс қалмау үшін хаттамада жазылады.
Белдесу кезінде жасалынған әдіске сенімсіздік келтірген жағдайда балуанның жаттықтырушысы қамшыны көтеріп наразылық білдіреді немесе кілем ортасына қамшыны тастау арқылы төрешінің берген бағасына келіспейтіндігін білдіре алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет