Қазақ графикасы — қоғамдағы түрлі тарихи-әлеуметтік өзгерістерге сәйкес бірнеше жазу нұсқаларына (араб, латын, кирил жазулары) бағындырылған, фонематикалық принципке сүйенетін қазақтың дыбыстық жазуы.
Қазақ латын әліпбиі (1924) Графика (гр. graphike — жазылған, өрнектелген) — графемалар, тыныс, екпін белгілері т.б. жазу құралдар жиынтығы, фонемалық жазудағы графема мен фонема арасындағы қатынастар жүйесі және оларды зерттейтін тіл білімінің бір саласы.
Қазіргі қазақ графикасы әріптерінің жазылуы тәсіліне және өрнегіне қарай жазу графикасы мен баспа графикасы болып бөлінеді. Қазақ жазу графикасындағы әріптердің нобайы көне орыс жазуындағы дыбыстар нобайының негізінде пайда болған.
Қазақ жазу таңбалары жүйесінің тарихыӨңдеу Қазақ тілінің жазу тарихында әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. Бірнеше ғасыр бойы қазақ халқы араб графикасына негізделген әліпби жүйесін пайдаланып келген-ді. 1929-40 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирил графикасы әліпбиін қолданып келеді.
Қазақ жазуы – қазақ халқының мәдени өмірінде басқа да түркі халықтарымен бірге пайдаланып келген әр түрлі әріп таңбаларынан тұратын дыбыстық жазу жүйесі. Қазақстан жерін жайлаған көне ғұн, сақ тайпалары (б.з.б. 5 – 4 ғ.) пайдаланған көне (“Есік жазуы”) жазу сол тайпаларға тән мәдениеттің (жазуының да) тарихи мұрагері – қазақ халқының негізін құраушы үйсін, қаңлы, қыпшақ, т.б. тайпалардың ең көне жазуы болып саналады. Көне замандағы қазақ ру-тайпаларының түркі дүниесіне ортақ Орхон-Енисей, Талас ескерткіштеріне негіз болған “руна” жазуы (5 – 12 ғ.), көне ұйғыр жазуы, 8 ғ-дан бастап күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан араб жазуы, (Қытай қазақтары ағарту жүйесінде) бір кездерде (1929 – 40; Қытай 1960–1970) қолданыста болған латын жазуы, кириллица жазуы (1940 жылдан кейін) – осылардың бәрі Қазақ жазуының негізі болып саналады. Араб графикасына негізделген қазақ әліпбиін кезінде А.Байтұрсынов реттеп, тіл ерекшеліктеріне сай жетілдірді, ол 30-жылдарға дейін “төте жазу” деген атпен қолданылып келді. Бұл жазудың емлесі морфол. дәстүрлі шарттарға негізделген. 1940 ж. орыс графикасы негізінде қалыптасқан қазақ әліпбиі мен орфогр. емлесіне әр кезде (1957, 1970), әр түрлі өзгерістер енгізілді. Кириллица негізіндегі жазудың қазақ тіліне тән ерекшеліктердің бәрін дұрыс көрсете алмауына байланысты кейінгі жылдары (1993 жылдан бастап) қазақ ұлттық жазуын латын графикасы негізіне көшіру мәселесі қойылып отыр
Қазақ тілінің өзіне тән 9 дауысты мен 17 дауыссыз дыбысына 29 әріп арналады.
Қазақ латын әліпбиі (1931)
Qaһarman papьjros tartьp otьrdь / қаһарман парыйрос тартып отырды (Камал ұлы Сағыр «Екпін», 1932. 7-бет). Sьвolьc “kәlвijt” qazaq meniŋ papьrosьmdь sen urladьŋ dep, ςerde ςatqan multaq qajьŋ men Qaһarmandь salьp өtti //Сыболыш «кәлбійт» қазақ менің парыросымды сен ұрладың деп, жерде жатқан мұлтақ қайың мен Қаһарманды салып өтті (Камал ұлы Сағыр «Екпін», 1932. 7-бет). Tek dьjnamьjt dуris etken cьrt ujqь cьradai acьldь // Тек дыйнамыйт дүріс еткен шырт ұйқы шырадай ашылды (Камал ұлы Сағыр «Екпін», 1932. 9-бет). Dіjnәmіttь Qаһarmannьŋ qasьna qojadь// Дыйнамытты Қаһарманның қасына қойады (Камал ұлы Сағыр «Екпін», 1932. 10-бет). Ьja Duvnajьp mьna sizderge alьp kele ςatqan qarςь, kәnвertti almaq вolьp ajqasqan вatьr dep kәnвertti nacalnikke вerdi // ыйа Дұунаеп мына сіздерге алып келе жатқан қаржы, кәнбетті алмақ болып айқасқан батыр деп кәнбертті нашалникке берді (Камал ұлы Сағыр «Екпін», 1932. 7-бет). Ujat вolqan eken! – dep necalnik вәdik вolьp alaqtadь// Ұйат болған екен! – деп нешалник бәдік болып алақтады (Камал ұлы Сағыр «Екпін», 1932. 18-бет).
Кемшілігі ретінде ә, ө, ы, ғ дыбыстарының белгілері латын стандартына сәйкес алынбаған. Сонымен Латын әліпбиіне көшкеннен кейін басы шешілмеген бірнеше мәселе туады. Ол – бас әріп мәселесі, шылаулардың жазылуы, кейбір әріптердің жазылуы, сөздердің бірге және бөлек жазылуы тәрізді мәселелер. Бірақ ең басты мәселе орыс сөздерінің дұрыс орфографиялануы болды. Орыс тілінен енген сөздер бірнеше тұрпатта жазылды. Сондықтан 1938 жылы әліпби және емлеге бірнеше өзгерістер енгізіледі. Орыс тілінен енген сөздер түпнұсқалыққа негізделе бастайды. Осы жылдардан бастап қазақ әліпбиіне в, ф, х әріптері, кейіннен олардың саны екі есе өсіп кеткені белгілі
Қазақ тілінің ресми бекітілген алғашқы емле ережесі (1923 ж.) ХХ ғасыр басында қазақтың ұлттық негіздегі төл жазу мәдениеті қалыптасты. Мұнда жазба мәдениет, жазба әдебиет, жазбаша тіл деген ұғымдар мен жазу мәдениеті ұғымның өзіндік айырмашылығы бар. Яғни алғашқы үш ұғым қазақтың жазба тілін көрсетсе, жазу мәдениеті сол жазба тілдің белгілі заңдылығын, ережесін көрсетеді. Жазбаша тіл болған жерде жазу мәдениеті болатыны даусыз, бірақ оның ұлттық негізде болу-болмауы екіталай. Жазу мәдениеті тіл мәдениетінің құрамындағы өзекті салалардың бірі саналады. Қазақ тілінің мәдениеті жазу мәдениеті сынды іргелі салалардың жылдар бойы жүйелі дамуы нәтижесінде қалыптасқан. Қазақтың жазбаша тілінің негізін салушы Абай деген пікірдің ғылымда айтылып жүргені белгілі. Бірақ бір ұлттың рухани әлемінде тамыр тартқан тұтас бір тілдің негізін жалғыз адам салмайтыны айдан айқын. Ол әр дәуірдегі халықтың рухани ізденісі мен тілдік тұлғалардың талпынысынан туған жүйелі ойлаудың нәтижесі. Дей тұрғанмен, оның алға жылжуына орасан зор ықпал ететін санаулы ғана тілдік тұлғалардың болатыны даусыз. Міне сондай тұлғалардың бірі, ХХ ғасыр басындағы қазақ тілінің ғылыми-публицистикалық бағытының және жазу мәдениетінің негізін салушылардың бірегей өкілі А.Байтұрсынұлы екенін батыл түрде айта аламыз. ХХ ғасырдан бұрын да әр жылдары, әр тарихи кезеңдерде қазақ арасында жазу мәдениеті кеңінен таралғаны белгілі. Соған орай түрлі басылымдар, кітаптар да жарық көрген. Бірақ ондағы тілдік ерекшеліктер, жазу мәдениеті таза ұлттық негізде дей алмас едік. Өйткені бұған дейінгі дәуірлерде жазу мәдениетіне жетекші тұлғалар ескіше немесе арабша сауатын ашқан молда-қожалар болды. Олар таза қазақша емес, араб тілінің емле ережелерімен, тілдік ерекшеліктерімен жазды. Мұны мұрағаттардан табылған түрлі тарихи кезеңдерге тән хат-хабарлар, кітаптардың тілдік мәтериалдары дәлелдейді. Ал ХХ ғасыр басында ғана татарша, ноғайша, орысша, еуропаша білім алып және оны ислами өркениетпен ұштастыра білген қазақ зиялылары тарих сахнасына шықты. Олар жат тілдің шылауындағы сөйлеу, жазу ерекшеліктерін жаңғыртып (реформалап), ұлттық сипатқа түсіре бастады. Солардың қатарында А.Байтұрсынұлы, Е.Омарұлы, М.Дулатұлы, Х.Досмұхамедұлы, М.Жұмабаев, С.Қожанов, Т.Шонанов, Н.Төреқұлов т.б. қазақ зиялылары болды. Бұлардың ішінде көшбасында тұрғаны – А.Байтұрсынұлы. ХХ ғасыр басында қазақ мемлекеттігі екі Республика деңгейінде құрылды. Оның бірі Қазақстан автономиясы болса, екіншісі Түркістан автономиясы. Екі автономияда да билік пен білім тізгінін ұстағандар қазақ зиялылары болды. Сондықтан бірінде болған білім, мәдениет саласындағы реформалар, екіншісінде де көрініс тапты. Қазақ тілді оқулықтардың тапшылығы, ұлттық ғылымды көтеруге деге азаматтық құлшыныс, ғылымға деген құмарлық, осы сияқты көптеген фауторлардың нәтижесінде білім саласында өзара тығыз қарым-қатынаста орнады. Оның нақты дәлелі ретінде де осы емле ережелерінің екі Республикада да бірдей қолданысқа енуін айтуға болады. 1923 жылы А.Байтұрсынұлы 1912-1914 жылдардан бері қолданыста болған өзі жасаған емле ережелеріне бірқатар өзгерістер енгізеді. Мұны «Тілқұрал» (Дыбыс жүйесі мен түрлері) кітабының 3-басылымында «Жазу ережелері», «Сөз жазуының жалпы ережелері», «Мұғалімдер үшін баяндама» деген тарқырыпшамен береді. Еңбекте «Жазу ережесі» тақырыбы жеке таңбалар мен фонемалардың айтылу, жазылу ерекшеліктеріне арналған, 4 негізгі ережеден, 3 қосымша ескертуден құралады. Ал «Сөз жазудың жалпы ережелері» негізінен сөздер мен қосымшалардың жазылу ерекшеліктеріне арналған, онда 7 негізгі ереже түбір сөз бен жалғаулардың жазылу ерекшелігіне, 19 ереже жұрнақтардың жазылу ерекшелігіне арналған. «Мұғалімдер үшін баяндамада» таңбалануы өзгерген дыбыстардың қалай таңбаланатыны және не үшін екені баяндалады. Бұл ережелер сол кезеңдегі қазақ тілі кеңістігінде, жазу процесінде кеңінен қолданылған. Түркістан Республикасы аумағында емле мәселелерін реттеу, оңтайландыру үшін 1923 жылы Қазақ-қырғыз Білім комиссиясы жаңа емле 8 ережелер дайындап, 23 наурызда №71 қаулы арқылы қабылданады. Білім комиссиясының құрамында Х.Досмұхамедов (төраға), М.Жұмабаев (мүше), Ә.Диваев (мүше) болады. Бұл ережені Түркістан Республикасы Халық ағарту комиссарияты наурыздың 23 күні №43 бұйрығымен бекітеді. Бұйрық сол кездегі комиссар С.Қожановтың атымен шыққан, Ланчаков ісбасқарушы ретінде көрсетілген. Аталған ереже 12 тармақтан тұрады және комиссарияттың басқа да бұйрықтарынан бөлек жеке кітапша болып шыққан. Ендігі кезекте аталған емле ережелердің мазмұнына қарай бірнеше топқа бөліп, мәніне тоқталайық. Бұйрықта 1, 2, 3 – ережелер таңбалық өзгерістерге байланысты: 1. Даусты «ى) «ы) ноқатсз «ى» ,«ئى» «ى «харфы мен жазылады; Жарты даусты «ي) «й/и) астына екі ноқат қойылб «ی» ,«ئې» ,«ي «харфымен жазылады. (*) «ئى «харфы бітеу бұунда-ғана жазлмайды. Бас бұун ашқ болса, онда-да қалмай жазылб отырады. «ئى) «ы) бас бұунда жазлмайды деген ереже бұзылады. (*) Жеке һәм сөздң соңнда жазылатұн астнда қос ноқаты бар «ي) «й/и) басбаханада болмағандқдан азрге ноқатсз «ى «басыла тұрады. 2. ««ۏ) «ұ) харфы мен (ұтрлы «ۏ) «ұ)) даусты «ۏ) «ұ)-ғана жазылады; жарты даусты «ۏ) «у) үстіне үш ноқат қойлған «ۋ) «у) харфы мен жазылады». 3. «Астнда тк жөнді екі ноқаты бар «ئى «харфы қазақ әлпбійінен шығрылады; мұнң орнына үшкл қалбты «ه) «е) жазылады – сөздң бас бұуыннда «ه) «е) орнына «» жазылады деген ереже бұзылады». *Ескерту: мәтін емле ережелері болғандықтан ережелердің нақты сипатын көрсету үшін түп нұсқаға дәлме-дәл транскрипция жасалды – Е.Маралбек) Бұл ереже А.Байтұрсынұлы ережелерінің 1923 жылғы өзгерістерінде де бар. Таңбалық өзгерістерге байланысты бұл ереженің түп негізі тым арыда. Араб тілінде «ا) «а), «و) «о), «ی) «и) үш дауысты дыбыс бар. Бұлар араб тілінің емле ережесі бойынша сөз ортасы мен сөз аяғында ғана сирек жағдайда жазылады, басқа кезде жазылмайды. Бұлар созылыңқылық қызметін атқарған, яғни өзінің алдындағы дауыссыз дыбысты созып айту қызметін атқарған. Бұл үш таңбаны М.Қашқари «мад белгі» деп атап, оның қызметін арнайы түсіндіреді [1, 32-43]. Негізінде араб тілінде дауысты дыбыстар жазылмайды да, олар харакаттар арқылы беріледі. Ал араб таңбалы түркі жазуларында да бұл ереже соңғы ғасырларға дейін сақталған. Жоғарыдағы араб тілінің үш дауыстысының мәнін білдіретін бұл үш таңба түркі тілдерінде (қазақ) үш түрлі дауысты дыбыстар тобына балама болады. «ا «таңбасы «а, ә» дауыстыларын, «و «таңбасы «о, ө, ү, ұ, у» дауыстыларын, «ی «таңбасы «ы/і, е, и» дауыстылар тобына негіз болады.