11.3. Жұмысқа жіберілу үшін студенттердің білуге тиісті сұрақтары:
11.3.1. Монохроматор деген қандай құрал? Ол қандай мақсатта қолданылады?
11.3.2. Спектрлік сызықтардың спектрде пайда болу шарты қандай?
11.3.3. Бальмер сериясы спектрдің қай саласында пайда болады?
11.4. Жұмыстың қыскаша теориясы 11.4.1. Atom спектрінің заңдылықтарын тек кванттық механика тұрғысынан түсіндіруге болады. Электрондар атом ішінде белгілі бip деңгейлерде ғана орналасады. Спектр сызықтары электрон жоғары энергетикалық деңгейден төменгі деңгейге ауысқан кезде пайда болатын фотондарға сәйкес келеді. Фотондардың энергиясы осы деңгейлердің энергияларының айырмасына тең:
(1)
мұндағы h-Планк тұрақтысы,
- жоғарғы,
- төменгі деңгейлердің энергиялары.