) арқылы мүмкін болған ақпараттың барлығын табуға болады. Аталған сайттың ағылшынша нұсқасы the washington post () оқуға, бейне нұсқаларды көруге және жарнамалар афишасымен танысудың үлкен мүмкіндіктерін пайдалануға болады. The washington post сайтының веб – беттері ең маңызды бес рубрикаға бөлінеді.
1.Жаңалықтар(News)
2.Халықтың өмір сүру деңгейі(Style)
3.Спорт(Sports)
4.Жарнамалар(Classified)
5.Жәрмеңкелер жаңалығы(Market Place).
Шетел тілі мұғалімдерінің мәдениаралық коммуникативті біліктілігін қалыптастыруда компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы онлайн жүйесімен ақпар алуға мүмкіндік береді. Ол дүние жүзі оқиғаларын білуге, соңғы ақпараттар мүмкіндігімен таныстыруға, оқиғаларды түрлі жағынан қамтуға мүмкіндік береді. Шетел тілі мұғалімдерінің мәдениарлық коммуникативті біліктілігін компьютерлік технологиялар негізінде қалыптастырудың ең маңызды әдістерінің бірі болып саналатын Send us Feedback арқылы басылыммен байланыстырады, оқылған мәтінге сай өз ойын айту және қалаған мақала авторымен жеке сұхбаттасуға мүмкіндік алады. Бүгінгі журналистер( Todays Columnist) сайты басты тұлғалармен шұғыл байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
CNN World News (),
ABC News ().
BBC World Service ().
The Washington Times ( )
The New York Times () – адам өмірінің барлық саласындағы іскерліктерді қамтамасыз етеді. Бір басылымнан екінші басылымға өтуге мүмкіндік береді. ВВС World Service (httrj://www.bbc.co.uk/worldservice)- шетел тілі мұғалімдерінің мәдениаралық коммуникативті біліктілігін компьютерлік технологиялардың негізінде қолдану барысында тек қана оқу мүмкіншілігін қарастырмайды, дүние жүзінде болып жатқан соңғы жаңалықтарды тыңдауға
үлкен мүмкіндік береді. Learning English бағдарламасының негізінде шетел тілі мұғалімдерінің мәдениаралық коммуникативті біліктілігін қалыптастыруда кез-келген тілде сөйлеуші ағылшын тілінің артықшылықтарымен таныса алады. Ол тиісті ақпарды екі жақты тануға мүмкіндік береді.
Тақырып бойынша
Континент бойынша
Аталған мүмкіндіктер бойынша кері байланыс бағдарламасы жүзеге асады.
Contact Us. ABC News (http.V/www.abcnews.go.com/index.html) шетел тілі мұғалімдерінің мәдениаралық коммуникативті біліктілігін қалыптастыруда жаңалықтарды дыбыстап және бейне түрде жеткізеді. Аудио және бейне таспаларды редакциямен оқырман байланысы және өзара талқылау Discussion (дискуссия), жарнаманың өз тақтасы Message Boards, сөйлесу бөлмесі Chat ең үлкен мүмкіншілік болып отыр. The New York Times шетел тілі мұғалімдерінің мәдениаралық коммуникативті біліктілігін арттыруда интернет сайттары арқылы жоғары мүмкіндіктермен қоса, газеттердегі ақпараттарды дайын жоспар күйінде оқи алады. Бір мезетте спорт, ауа-райы және түрлі ел мәдениетпен қамтуға болады. Шетел тілі мұғалімдерінің компьютерлік технологиялардың негізінде мәдениаралық коммуникативті танымын мәдениет, спорт, ауа-райы саласындағы біліктілігін жетілдіреді. Осыған орай оқу және сөйлеуге арналған жоспарлы бағдарламалар негізінде сөздік қорды байытуға болады. Осыған орай шетел тілі мұғалімдерінің мәдениаралық коммуникативті біліктілігін қалыптастыруда компьютерлік технологиялар негізінде оқылған, танылған мәліметтердің негізінде сөздік қор бағдарламасын жасауы тиіс. Сонымен қатар елтанымдық білктіліктің негізінде ,жаңа грамматикалық іскерліктер қалыптасады. Мұндай жұмыстардың нәтижесінде мәдениаралық коммуникативті біліктілікті қалыптастыруда компьютерлік технологиялар бейтарап қиындықтарды тануға мүмкіндік береді. Шетел тілі мұғалімдердің мәдениаралық коммуникативті біліктілігін қалыптастыруда ақпараттық компьютерлік технологиялар ақпараттық жүйе бойынша жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Ақпаратты мән бере зерделеу, тек сол елдің қиындықтарына ғана үңілмей, өз пайымдауларын жеткізуге және оқиғаның даму бағыттарын айқындауға, өз нәтижелерімен бөлісуге, оқиғаны өте кең ауқымды қамтуға, себептерін анықтауға мүмкіндік алады. Интернетті активті және пассивті түрде қолдану мүмкіндігіне ие. THE YOUNG VOICES OF THE WORLD () аталған сайт бойынша шетел тілі мұғалімдерінің мәдениаралық коммуникативті біліктіліг қалыптастыруда компьютерлік технологияларды қолданып ашық форум жүргізуге және өз жұмыстарын жариялауға болады. Барлық жұмыстар электронды мекен-жай кері байланыс орнатып миллиондаған шетелдік мұғалімдердің мәдениаралық коммуникативті біліктілігін технологиялық тұрғыда қалыптастырып, өз көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік алады. Language Learning Activities For The World Wide Web , бағдарлама авторларының пайымдауынша WWW қолдану арқылы екі тілдік бет жасақталады. Интернет бойынша тиімді біртұтас нәтижелер алуға болады. Шетел тілі мұғалімдерінің мәдениаралық коммуникативті біліктілігін компьютерлік технологиялар негізінде талқылауға мүмкін болған тақырыптар ішінен ең маңыздылары саналатын : кітапқа шолу, газеттік мақалалар, теле бағдарламалар, мақал-мәтелдер, анекдоттар, жұмбақтар, жергілікті халықтық медицина, халық ауыз әдебиеті, мектеп, спорт және т.б.
Негізгі сөйлеудегі қиындықтарды шешуге мүмкіндік береді.
Шетел тілі мұғалімдерінің мәдениаралық коммуникативті біліктілігін қалыптастыруда компьютерлік технологияларды қолдану арқылы жазылым іскерліктерін қалыптастыра отырып сөйлеуді дамыту. Компьютерлік технологиялар негізінде достық және халықаралық хат алмасуларды кез-келген тілде кез-келген тілде жүргізуге болады. Шетел тілі мұғалімдерінің мәдениаралық коммуникативті біліктілігін қалыптастыру үрдісінде
компьютерлік технологияларды мақсатқа сай қолдану, достық қатынастың дамуына, электронды алмасу арқылы жұмыс жасау мүмкіншілігі, дәстүрлі хабар алмасуға қарағанда өте жылдам, ыңғайлы және арзан.
Шетел тілі мұғалімедерінің мәдениаралық коммуникативті біліктілігін қалыптастыруда компьютерлік технологиялардың көмегімен интернет жобалары арқылы жұмыс жасау үлкен мазмұнға ие.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада шетел тілі мұғалімінің мәдениаралық коммуникативті біліктілігін қалыптастыруда интернетті пайдаллану мүмкіндіктері қарастырылған.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается вожможности использование интернета формирование межкультурной коммуникативный компетенции учителя иностранного языка .
ҰЛТТЫҚ ТАҚЫРЫПТАҒЫ КЕСКІНДЕМЕ ӨНЕРІ ТУЫНДЫЛАРЫНЫҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ РӨЛІ
Молдасан Н.А.- магистрант (Алматы қ., Абай атындағы ҚазҰПУ)
Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы жобасында көрсетілгендей «Бала өзін-өзі жетілдіруге де, сонымен қатар өзінен-өзі тоқырауға да бейім болады. Баланың өз болмысын тануға ұмтылуына көмектесіп тереңде жатқан талап-тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады» деп атап көрсетілген. Бала бойындағы қабілеттілікті дамытып, олардың өсуіне жол ашу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі. Өйткені, адам табиғаттың ғажайып туындысы және ғажайыптардың тудырушысы, жауашысы да болып есептеледі. Сондықтан оның өзінің шынайы болмысына бастайтын жол іздеуі - табиғи қажеттілік.
Соңғы кезде Қазақстан Республикасының «Білім беру» Заңына сәйкес жалпы білім беретін мектептердің білім мазмұны тұжырымдамасында мектептердің төменгі сатысында бейнелеу өнерін оқыту оқушыларға эстетикалық тәрбие беру мен ұлттық өнерді оқыту ерекшеліктерінің ескерілуі аса маңызды екендігі көрсетілген. Көркем өнерге деген ерекше көзқарас пен қатынастың маңыздылығы күн өткен сайын өзекті екендігін танытуда. Көркем өнер жеке адамның рухани өміріне тұтастай әсер етіп, оқушының дүниетанымын, эстетикалық талғамын арттырып, көзқарасын тұтастай қалыптастыруда, білім мен тәрбие сапасын нығайта отырып, өнер салаларының барлық дерлік түрін (ән, көркем әдебиет, кино, би т.б.) сабақтастырудың байланыстырудың мәні зор /1,26/
Өнер туындылары арқылы жеке тұлғаның рухани ішкі дүниесіне әсер ету үшін, ең алдымен оқушылардың өнер туындыларына деген қызығушылығын арттырып, оны әсемдікті сезіне білуге және әр туындының өзіндік табиғаты мен рухани болмысын түсінуге үйрету қажет.
«Өнер - ақиқатты жаңартудағы ерекше форма, ал өнерді танып білу - эмоционалдық тұрғыда өзгеше ойларды талап ететін танымның ерекше түрі», -деген Л.С:Выготский /2,9/ Әрбір қылқалам шеберінің өзінің дүниетанымы, айтар ойы көпшілік қауымға өзінің әрбір туындысынан байқауға болады.
Италияндық атақты философ суретші Леонардо да Винчи: «Дүниетаным ақиқатты рухани қажетті игеру жүйесі, оның ішінде тұтастай алғанда білімі мен нанымы, ар-ожданы, мұраттары мен әлеуметтік реттеушісі, қоршаған ортаға психологиялық және эстетикалқ көзқарасы» -/3,38/ деп Сурет өнері саласының мазмұны жайлы пікір айтып, эстетикалық талғамның қалыптасына улкен ықпал етті.
Әр жеке тұлға соның ішінде мектеп оқушылары өнер туындыларымен тығыз қарым-қатынаста болуы оның санасын рухани - өнегелік мазмұнмен сусындатары сөзсіз. Өнер туындылары жайлы сөз қозғауда Қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғалары да өз пікірлерін айтқан. Атап атар болсақ, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, А.Байтұрсыновтар өз еңбектерінде мәдениет, өнер тарихынан көркемөнердің ерекше орын алатынын, көркемөнерсіз қоғам дамуы, рухани байлықтың молаюы мүмкін еместігін айтқан /4,52/
Жас ұрпақты адамгершілікке, отан сүйгіштікке тәрбиелеуде өзінің зор үлесін қосқан казақ ағартушысы Ы.Алтынсарин болды. Ол қазақтың алғашқы ағартушы-педагогі ретінде баланың жас ерекшелігі ескере отырып, оның қабілет-қарымын, ой-қиялын дамытатын туындыларды педагогикалық жүйемен ұсына білген білгір ғалым еді. Ы.Алтынсарин ұсынған педагогикалық жүйе бүгінгі мектеп практикасына да жолбасшы болып келеді. Қазақтың кемеңгер ағартушысы А. Құнанбаев өнер тақырыбы мен баланың білім алу жолындағы саналы ізденісін ерекше бағалайды., сол арқылы баланың тұлға болып қалыптасуының жолдарын саралай көрсетеді.
Ж.Аймауытов өзінің «Психология» атты еңбегінде «Суретшілер әрі жетік, әрі жүйрік, әрі айқын, бай қиял, аса байымды бақылампаздық, айқын жатпен айқасқан жіті түйсік, дерексізді талқылауға, ой қуаты шорқақтық, міне, суретшілердің жанына біткен айрықша қасиеттері. Олардың ойы ұшқыр, сырттан алған әсері санасынан асып кетіп, дереу білім болып түрегеледі. Олардың санасында жасалатын түйін (нәтиже) біржола деректі, айқын үлгі сурет болып табылады. Олар дерексізді деректіге, күдіктіні аныққа, жабайыны сұлуға ұйқастыруға икем тұрады. Бұлардың бір ерекшелігі әдемілік сезімі аса ұстанған жетік болады» десе, В.Алексеева «Баланың бойында суретші қасиетінің жоғалуына тек қана өкіну керек. Егер адамда дер кезінде ойлау дамытылмаған, қалыптастырылмаған болса, онда дабыл қағу керек. Өйткені ол бала аса маңызды жалпы адамзаттық негізден құр қалады» - дейді
Өнер иелеріне көбінесе эмоционалдық ойлау да әсер етеді. Эмоционалдық ойлауды дамытпай, адамға нағыз қажет талғампаздықты, қиялдауды, көз алдына елестетуді, армандай білуді дамыту қиынға соғады, тіпті мүмкін емес десек те артық айтқандық емес. Көрнекті қылқалам шебері Ә.Сыдыхановтың пікірінше « Өнер акылдан емес, жүректен жаратылады».
Педагогикалық ойдың аса көрнекті өкілі Я.А.Каменский мектепте «Шәкірттердің ақыл-есі даланың жарығымен нұрланып, олар барлық құбылыстың ашық және жасырын тұрған хикматына жылдам түсініп, адам жаны мен қимылының сырларына еніп, жалпыға ортақ ізгілік үндестігіне жетерлік бағытта тәрбиеленуі тиіс»- деп атап көрсеткен/5,17/
Ибн Сина эстетикалық және адамгершілік тәрбиені біріктіріп қарастыруды ұсынады. Балаларда өнерді түйсініп, оған ләззатты сезіну қабілетін жетілдіру қажет екендігін айтады.
Сол кездегі ойшылдарының негізгі ерекшелігі эстетикалық тәрбие теориясы бірқатар принципиалды философиялық этикалық және психологиялық педагогтық бастапқы ережелерге негізделеді. Эстетикалық тәрбие теориясының аса маңызды әдіснамалық алғышарттарының бірі бала тұлғасының эстетикалық орнығуындағы мақсатқа бағытталған педогогикалық ықпал етудің жетекші рөлі туралы заңдылық. Эстетикалық тәрбие теориясының келесі ережесі адам үшін сұлулық құбылыстарының: асқақтықтың, әсемдіктің, көркемдіктің мәңгі маңызы мен рухани құндылығын мойындаудан тұрады. Суретшінің суретшілігі - кез келген нәрсені барлық жаңынан жан-жақты көре отырып, сыр-сипаттарымен жоғары эстетикалық тұрғыда қабылдау. Жай қарапайым адамдар бір затты немесе табиғат көрінісінің бір бөлшегін жалпылай ғана көре алады, ал суретші болса, айнала қоршаған бұйымдар мен құбылыстарды тұтас қалпымен жадына сіңіріп, жалпы көркем өнердің жоғары рухын ұғынып, эстетикалық тұрғыда әсерлі етіп бейнелей алады(6,51)
Ұлы сыншы В.Г.Белинский былай деп жазған: «Әсемдікті сезіну-адамгершілік қасиеттің шарты. Тек осы сезім төңірегінде ғана ақыл-парасат болуы мүмкін, тек осы сезіммен ғана азамат өзінің жеке басының мүдделерін де, өзінің жеке көзқарасын да Отан үшін құрбандық ете алады, тек осы сезіммен ғана адам өмірде ерлік істей алады, оның бар ауыртпалығына белі қайыспайды».
Қазіргі кезеңде қалыптасқан қоғамдық құбылыстарды қайта бағалау, білім бере отырып, көркем өнерге баулу қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуының жетекші рөлін атқарады және айқындай түседі.
Осы заманғы жасөспірімдер алған білімдерін жадында сақтап қана қоймай, сонымен бірге шығармашылық ізденіспенде шұғылданғаны өздерінің потенциалының дамуына көмегі тиері сөзсіз. Сондай ақ, ұлттық тәрбие берудің негізгі міндетіне жас жеткіншектерді сұлулық дүниесімен таныстыра отырып, өмір шындығын қабылдауды, олардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамытуды, қоршаған ортадағы сұлулықты бағалап, түсіне білуге үйретуді, сол арқылы көркемдік дүниетанымын қалыптастыруды жатқызамыз. Киелі салт дәстүрлері арқылы ғана әрбір ұлт өзінің өскелең ұрпағының келбетін көрсетеді. Ұлттық өнеріміз бен тарихымыз ұрпақты тәрбиелеуде, ұлттық сана сезімін қалыптастыруда өте тиімді екені даусыз.
Жоғарыда айтылған балалардың шығармашылық іс әрекетінің кез келген түрін дамыту үшін балалардың қоршаған ортадан, табиғаттан жақсы әсер алуы, өнер туындыларымен танысуы соның ішінде бейнелеу, музыка, т.б дағды мен шеберлікке үиренуі және шығармашылық тәсілдерін үйренуі жиі қайталанып тұруы тиіс.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Давыдов В.В Виды обобщения в обучении. – М., 1972.
2. Л.С.Выготский Воображение и творчество в детском возрасте: Психол. очерк: Кн. Для учителя.- 3-изд. – М., 1991. – 93с
3. Евгений Богат. Мир Леонардо. Философский очерк: В двух книгах, Книга 1. – М., 1989. -252 с .
4. Жарықбаев Қ. Халықтық психология. Қазақ тәлім- тәрбиесі - Алматы, 1995.
5 Развитие учащихся в процессе /Под ред. Л.В.Занкова.-1-2кл.-М.:III-IV кл . - М., 1967.
ТҮЙІНДЕМЕ
Бұл мақалада оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде кескіндеме өнерінің маңыздылығы қарастырылған
РЕЗЮМЕ
В статье говорится об эстетическом воспитании учащихся.
Достарыңызбен бөлісу: |