Қазақ мемлекеттік қыздар



бет5/10
Дата15.11.2016
өлшемі3,55 Mb.
#1784
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Білім беру салаларының арасындағы байланыстарға негізделген және олардың нақты саласы білім жүйесінің біртұтастығын көрсетіп беретіндей етіп материалдың кіріктірілуі бағдарламалардың өзгеше белгісі болып табылады. Кіріктіру педагогқа балалардың жеке дара ерекшеліктерін, олардың жақын даму аймағын ескере отырып, бір және бірнеше білім саласы шеңберінде мазмұнды үйлестіруге және материалды түрліше түйдектеуге құқық және мүмкіндік береді.

Егер базалық білім мазмұны тұлғалық-бағдарлылық және жеке-даралық тұрғыдан түзілсе, оқытудың белсенді құралы ретінде ойын пайдаланылса, ал ата-аналар бала бақшадағы білім беру процесіне «араласып, ат салысса», онда баланың құзыреттілік дамуының жоғары деңгейіне жетуге болады. Сонымен бірге білім беретін материалды кіріктіру жастық кезеңің бірінен екіншісіне өткенде базалық мазмұнның шоғырлану және бірізділік ұстанымдарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.


Жаңа стандарт бойынша мектепке дейінгі білім беру мазмұны және мектепке дейінгі салада педагогикалық процесті ұйымдастыру мына бағыттар негізінде өзгертілді.

- мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту және тәрбиелеу нәтижесі ретінде баланың құзыреттілігін қалыптастыру;

- бес білім беру саласынан («Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта») ұйымдастырылатын танымдық іс-әрекеттердің кіріктірілуі;

- құзыреттіліктің даму индикаторларына, яғни мектепке дейінгі жастағы баланың біртұтас даму деңгейін зерттеу және қадағалаудың қолданыс құралына сүйеніп, әр баланың жетістігін диагностикалауды іске асыру.

Жаңа стандарттың және бағдарламалар кешенінің құрамына орай қазіргі технологиялық тұрғыдан педагогикалық процестер ұйымдастырылады. Сонда:

- мектепке дейінгі білім беру сапасын бағалауды іске асырғанда, мектепке дейінгі балалардың құзыреттілік дамуының ҚР МДТО МЖМБС-ында көрсетіп берілген деңгейіне сәйкестігін анықтау қажет;

- күтілетін нәтиже ретіндегі мектепке дейінгінің - баланың түйінді құзыреттіліктері баланың жеке-дара ерекшеліктеріне және қоршаған әлеуметтік ортасына тәуелді де, негізінен оның қабілетін, бастамасын, қарым-қатынастағы және іс-әрекеттегі белсенділігін, өмір тіршілігіндегі және оқудағы түсінерлік әр алуан мәселелерді шешудің оңтайлы нұсқасын таба алуын сипаттайды;

- мектепке дейінгі баланың біртұтас дамуын қадағалаудың аспабы (инструментарий) қызметін баланың құзыреттілік дамуының Индикаторы атқарады да, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына және ата-аналарға «қатаң емес» диагностика жүргізуге мүмкіндік береді және баланың білім алу траекториясын түзудің негізіне алынады;

- баланың жас және жеке-дара ерекшеліктерін ескеріп, оның құзыреттілік даму деңгейін қамтамасыз ету, балаларға білім беру қызметін көрсететін әр түрлі типті мектепке дейінгі ұйымдар іс-әрекетінің сапалы диагностикасын және мониторингін жүргізу арқылы тиімді бағалау үшін жағдай туғызу, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қажетті деңгейіне және мектепке дейінгі жастағы балаларға білім беру саласындағы дүниежүзілік тәжірибеге сәйкес келуіне қол жеткізу сияқты индикатордың қызметін айшықтап көрсетуге болады;

- баланың әр құзыреттілігінің дамуын үш деңгей (бірінші деңгей – бала қандай да бір әрекетті қайта жаңғырықтырады, екінші деңгей – бала не істегенін түсінеді, үшінші деңгей – бала нені білсе, соны қолданады) бойынша қадағалауға арналған білім беру салалары мазмұнынан туындайтын индикатордың жасалған жүйесін пайдалануға болады;

- мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған бағдарламалар кешенінде келтірілген әр түрлі жастық топтағы балалардың мүмкіндіктері мен тұлғалық сапаларының сипаттамаларын ескеру керек болады.

Әр білім саласы бойынша мектепке дейінгілерді тәрбиелеу және оқыту бағдарламалары мазмұнды ғана емес, сонымен бірге құралдарды, түрлері, әдістерді, тәсілдерді, балалардың іс-әрекетін ұйымдастыру және басқару технологиясын, яғни педагогикалық процесті анықтайды, сонда:

- педагогикалық процесс білім беру салалары мазмұны арқылы іске асырылады;

- педагогикалық процесс ұйымдастырудың жеке-дара, кіші топтық және топтық формаларының үйлесімді байланыстарына сүйеніп құрылады;

- педагогикалық процесс қарым-қатынасқа, ойынға, ізденуші-эксперименттік іс-әрекетке, ересектермен және құрдастарымен ынтымақтасуға негізделіп ұйымдастырылады;

- педагогикалық процесс пәнаралық, іс-әрекет аралық өзара әрекеттестік сипатта болады, өздігінен іске асыру және өзін таныту үшін оған қатысушылардың әрқайсысына оңтайлы мүмкіндік туғызады;

- педагогикалық процесс тәрбиешінің жетекшілік рөлін ескереді және ғылым мен практиканың өзара байланысын, педагогикалық процесті болжауды, жобалауды және түзуді, педагогикалық іс-әрекет нәтижесінің объективті диагностикасын көздейді;

– педагогикалық процесс диагностиканың нәтижесіне сүйеніп құрылады;



  • бала дамуының жеке-дара траекториясын іске асыруды қамтамасыз етеді.

Жаңа ҚР МДТО МЖМБС-ын және бағдарламаларды мектепке дейінгі ұйымдарда іске асыру:

- базитік тақырыптық-перспективтік жоспарға сұйеніп жасаған, білім беру салаларын кіріктіретін жұмыс оқу жоспарын пайдаланып күн тәртібін, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің бөлінуін (оқу іс-әрекетінің кестесін), күні бойғы педагог пен балалардың іс-әрекетін айқындайтын педагогикалық процестің циклограммасын жасауды;

- жұмыс және перспективтік жоспарға, циклограммаға негізделіп әзіренетін оқу конспектісін жасауды қажет етеді.

Жасалған жоспарға сәйкес тәрбиеші балаларды оқыту мен тәрбиелеуді күнделікті өмірде жүзеге асырып отырады: күні бойы олардың білімін толықтырады, әр түрлі: мәдени-гигиеналық, мінез-құлық мәдениеті, сөйлеу тілі, есептеу, қимыл және т.б. іскерлік пен дағдысын қалыптастырады. Оқытудағы басты роль оқу әрекетіне беріледі.

Ф.Н.Жұмабекова «Мектепке дейінгі педагогика» оқу құралында оқытудың негізгі формасы – сабақ деп бере отырып, сабақ барлық балалар үшін міндетті, мұнда білім, білік, дағдыны игерумен қатар балалар тобын құруға, онда өмір сүріп, іс-әрекетпен шұғылдануға, бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасап, адамгершілік қасиеттерін, мінез-құлқын қалыптастыруға үйрететініне тоқталған. Сабақ сөзі қазіргі таңда яғни жаңа стандарт бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті деп қолданылып жүр. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті тәрбиешінің басшылығымен өтеді. Ол ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін таңдап алып, балалардың білімді, іскерлікті, дағдыны меңгеру әрекетін басқарады. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткізуге ең қолайлы кезең күннің бірінші жартысы. Себебі балаларға іс-әрекетпен шұғылдану тәңертеңгі тамақтан кейін, шаршамай, ойынға кіріспей тұрғанда ыңғайлы екені көптеген ғалымдардың зерттеу еңбектерінде дәлелденген.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті – бұл балалар бақшасында оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы. Ол барлық мектепке дейінгі балалар үшін міндетті, олар үшін ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің бағдарламалық мазмұны белгіленген, күн тәртібінде оны өткізуге тұрақты уақыт бөлінген, белгілі бір ұзақтығы көрсетілген. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті тәрбиешінің басшылығымен өтеді, ол балаларға жаңа білім береді, білетіндерін дәлдеп, бір жүйеге салады, практикалық іс-әрекеттерді ұйымдастырады, оның барысында балалар алған жаңа білімді нығайтып алуан түрлі іскерлікке, дағдыға үйретіледі. Оқу материалдары бірте-бірте күрделене түседі.

Балалар бақшасындағы оқудың балаларды мектепке дайындауда үлкен маңызы бар. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті үстінде балалар оқу іс-әрекеті дағдыларына, жинақы, ұйымшыл болуға үйренеді. Оларда тұрақты зейін, назарын бір нәрсеге аудару, ерік-күш қабілеті өсіп жетіледі. Жүйелі оқыту үстінде таным құштарлығы қалыптасады.

Балаларды ұжымда оқытудың белгілі артықшылықтары бар: бірігіп жұмыс жүргізуде олар біріне-бірі үлкен әсер етеді, белсенділік, өткірлік көрсетеді. Балалардың алдына бірігіп шешетін міндеттер қойылғанда, бірлесіп қам жеу пайда болады, ұжымдық сезімі қалыптасады.

Экскурсиялар, сурет салу, мүсін жасау, құрастыру жөніндегі жұмыстарды бірігіп орындау, қимыл дамыту және музыка оқуларында жалпы ойындар мен би билеуге біріктіру, көркем әдебиетті оқудан алған әсері бойынша бірлесіп қайғыру – осының бәрі тату балалар ұжымын құруға көмектеседі және ол ұжымда өмір сүріп, жұмыс істеуге қалыптастыру.

Оқыту үдерісінде балалардың мектепке, білімге ынтасы тәрбиеленеді, дұрыс мінез-құлық дағдысы, жауапкершілік сезімі, орындаушылық қабілеті, төзімділігі, еңбектену әдеті қалыптасады.

Балалар бақшасында тіл дамыту, көркем әдебиет, сауат ашу және жазу, қоршаған ортамен таныстыру, қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру, сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру, дене шынықтыру, музыка ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері өткізіледі. Оқыту балалардың белсенді іс-әрекетімен, өз қимыл нәтижелеріне жетуге ұмтылуымен, ұзақ уақыт ерік назар аударуымен байланысты. Оның дене және ақыл-ой күштерін едәуір жұмылдыруын талап етеді. Осыларды ескере отырып, оқу көлемін, оқу сағатының ұзақтығын күн тәртібіндегі орнын дұрыс белгілеуге бағдарламаның әр түрлі бөлімдерінің жиілігіне, уақытылы жүргізілуіне үлкен сақтықпен қарау керек.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін күннің алғашқы жартысында өткізген дұрыс: бұл кезде балалар ақыл-ойға түскен салмақты жеңіл көтереді, күн жарығы жақсы түседі. Әрбір бөлімдегі оқу сағаты, оның ұзақтығы жас шамасына қарай бөлінген әр топтар балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, бағдарламада белгіленген.


ӘДЕБИЕТТЕР

1. ҚР Мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Астана, 2004ж.

2. Доронова Т.Н., Арзанбаева Б.О. «Мектепке дейінгі балаларды балабақша жағдайында оқыту, тәрбиелеу және дамыту бағдарламасы» - Алматы, «Просвещение-Қазақстан», 2007.
ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада балабақшада тәрбиелеу мен оқу-іс әрекетін ұйымдастыру жолдарына талдау жасалынған.


РЕЗЮМЕ

В статье рассмотрены вопросы воспитательно-образовательного процесса в детском саду.




АНА ТІЛІ САБАҒЫНДА КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Сманова А.А. – оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Ана тілінің баға жетпес құдіреті мен қуаты, адамды ерлікке, Отанын, туған халқын сүюге тәрбиелеудегі күшін кезінде К.Д.Ушинский: «Халық тілі – тарих шекарасынан әлдеқайда әріректен басталатыны, оның бүкіл рухани өмірінің еш уақытта солмайтын және өмір бойы қайтадан шешек атып тұратын тамаша гүлі. Тілде бүкіл халық, оның күллі елі – барлық, толық ойы мен сезімі туған елінің өлеңінде, әндерінде...» деп көрсеткен болатын .

Сондықтан да ана тілі бастауыш мектептерде ең негізгі пән болып есептеледі. Өйткені ана тілінде оқу-жазуға дағдылану арқылы басқа пәндерді оқып үйренуге жол ашылады. К.Д.Ушинский : «Ана тілін толық меңгермеген бала тарихты және жаратылыстану ғылымдарын үйренген кезде, теореманы, математикалық бір есепті өз сөзімен айтып бере алмай, дәл осындай күйге ұшырайды. Ана тілі басқа пәндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтижелерін өзіне жинақтайтын басты, өзекті пән енді түсінікті емес пе?» – деген болатын. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағана қызықтыру үшін ана тілі сабағын жаңа технологияларды енгізу қажет. Жаңа технологияларды енгізу арқылы оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып, сабақ қарқыны жеделдетіліп, жеке тұлғамен жұмыс істей отырып, саралап, даралап, оқытуға мүмкіндік туады.

Ана тілі сабақты тиімді өткізуде оқушылардың танымдық белсенділігі арттады. Жаңа технология оқушының жеке өзіндік жұмыс атқаруына және ең бастысы оқушының білім жетістігін жақсартуға ықпал етеді. Сабақта жаңа технологияларды қолдану жеке тұлғаны жеделдете қарқынды, барлық сапаларымен сәйкес жан-жақты дамытуға бағыттап, құруға болады. Жаңа технологияларды пайдаланудағы сабақтың ерекшелігі оқушылардың өздері жаңалық ашуға ұмтылады, әрі ізденіп жауабын тауып, өз көзқарасын дәледейді .

Сабақ мақсатқа бағытталған мұғалім мен оқушылардың ұжымдық шығармашылық еңбегі деп қарастыруы керек. Сабақта оқыту мен тәрбиенің мақсаттары, міндеттері, жүзеге асырылады, оқушылардың ой-өрісі кеңиеді, қабілеті дамиды, көзқарасы, адамгершілік қасиеттері қалыптасады.

Ал, енді қазірде жаңа технологияларды пайдаланылып жүрген сабақ төмендегідей үш құрамдас бөліктен тұрады:


  1. Оқу мақсаттарының қойылуы.

  2. Оның шешудің жолын бірлесе қарастыру.

  3. Шешемнің дұрыстығын дәлелдеу.

Бүгінгі таңда жаңа педагогикалық технологияларды сабаққа ендіру әрбір ұстаздың басты мақсаты болу керек. Себебі елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл азамат қажет.

Айтылғандарды қорыта келе, дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарас болса, ал жаңа технологияларды оқыту барысында бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын ұстанымдарға негізделген оқытуды дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйрету.

Қазірде ана тілі сабағанда жаңа технологияларды падалануда көркем шығармаларды оқытуда сабаққа мынадай талаптар қойылады:

А) дидактикалық;

Ә) дамытушылық;

Б) тәрбиелік;

В) гигиеналық;

Г) психолгиялық, ұйымдастырушылық талаптарды ескеру керек.

Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал, ол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді. Мұғалім сонымен, сабақ өту барысында педагогикалық шеберлігіне байланысты тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана білу қажет. Тиімді әдістерді пайдалану барысыда оқушының білімге деген қызығушылығын одан әрі арттыруға, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыруға болады .

Ана тілінің әдістемесінің іргетасын қалаушы аса көрнекті ғалымы педагог А.Байтұрсынов: « ...Әдіссіз тек мәніс білім – өлі білім, тіршілік тірлік – шарасы. Тіршілік шаранасына үйретілетін білім түрі болу керек. Ондай білімді адам мәніс білім мен әдіс білімін қатар үйренгенде болмақ әдіс – кезекшіліктен шығатын нәрсе, әдістің жақсы-жаманы боламғы жұмсалатын орның керек қылуына қарай» деген. Демек, оқыту жұмысының нәтижелі болуы оқыту әдістерін қолайлы етіп, таңдап ала білуге тікелей байланысты.

Мұғалім ана тілін сабағында көркем шығармаларды оқытуда жаңа технологияларды пайдалануда, қажетті әдістерді тиімді пайдалана білгенде ғана өз мақсатына жетеді. Мұғалім ана тілі сабағында қазірде қолданып жүрген белсенді оқыту әдістерді пайдалана білу керек.


  • Белсенді оқыту әдістері кластық-сабақтық жүйедегі оқу үдерісінде, мемлекеттік стандарттар мен бағдарламаларды өзгертуді талап етпей ешбір қиындықсыз қолдана алды.

  • Белсенді оқыту әдістері бүгінгі білім саласындағы гумандандыру, демократияландыру, жеке тұлғаны дамыту сияқты келелі мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді;

  • Оқытудың белсенді әдістері білім алушылардың интеллектуалдық, шығармашылық деңгейін жоғарлатып, жекелігін қалыптастырады;

  • Белсенді оқыту әдістері мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттырып, шығармашылық әлеуметінің дамуына және кәсіби әрекеттің шыңдалуына жол ашады.

Қазірде мұғалімдер көркем шығармаларды оқытуда пайдаланып жүрген әдістерге тоқталайық:

Көркем шығармаларды оқытуда ұтымды әдістердің бірі – ойын. Ойын әдісін сабақта қалай пайдалануға болатынын көрейік. Осы ойын әдісі арқылы оқу үдерісін жандандырып, сабақтың сапасын арттыруға толық мүмкіншілік бар. Баланың сөздік қорын молайтып, сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға, тез, жылдам сөйлеуге жаттықтыруға таптырмайтын құрал.

Мысалы, «Жұмбақ шешу» ойыны оқушыларды тілін жаттықтырып, еске сақтау қабілеттін жетілдіре түседі. «Жұмбақ шешу» ойынын жарыс түрінде өткізуге болады. Жұмбақ ойыны баланы өздігінен ойлануына мүмкіндік беріледі, оларды дерексіз ойлаудан нақтылы ойлауға жетелей түседі.

Топпен жұмыс әдіс арқылы баланы ұжымда жұмыс істеуге, өз ойын ұжымда айта білу, өзін-өзі ұстай білуге үйрету. Мысалы, 2 сынып ана тілі сабағында М.Дулатовтың «Байлық» көркем шығармасын оқытуда мұғалім оқушыларды топқа бөледі. (Топпен жұмыс.) Оқушыларға сұрақтар жазылған карточкалар таратылады.

І топ: Жарлы жігітке сипаттама бер. Ұнай ма? Неге?

ІІ топ: Ұстазға мінездеме бер. Ұқсағыларың келе ме? Неге?

ІІІ топ: Бұл әңгіме туралы не ойлайсыңдар?

ІV топ: “Еңбексіз күнің жоқ” дегенді қалай түсінесіңдер?

V топ: Әңгіменің ұнаған жақсы жақтарын, ұнамаған жақтарын айтып бер.

VІ топ: Егер сендер жарлы жігіт (орнында) болсаңдар не істер едіңдер? деген сұрақтар төңірегінде оқушылар өз ойларын талқылап, сұраққа дұрыс жауап іздейді. Осы топпен жұмыста оқушылар жұбымен пікір бөліседі. Топпен пікірлер бөліседі, де әр топ ойларын ортаға салады, ой алмасады.

Ана тілі сабағында көркем шығарманы оқытуда тиімді әдістің – бірі проблемалық әдіс.

Оқушының алдына проблема қойып үйретуде мынадай қағиданы басшылыққа алдық:


  • Проблемалық жағдайдың бала көңіл-күйіне сәйкес келуін қадағалау;

  • Шешілетін проблеманың оқушы үшін иаңызды болуы:

  • Оқушы мен мұғалімнің диалогының өзара түсіністік сипатта құрылуы.

Жалпы көркем шығарманың құрылымдық ерекшелігін түсіндіру проблемалық сұрақтардан тұрады. Талдау барысында «. көркем шығарманың мазмұнын тез түсіне аламыз ба?» деген проблемалық сұрақ туады. Мұғалім «неліктен олай ойлайсың» деген сұрағымен проблема нақтыланады

Сабақта қызықты да тартымды өткізу үшін тиімді әдістің бірі – итерактивті әдіс. Интерактивті әдіс бір уақытта бірнеше міндетті шешуге мүмкіндік береді.

Ол ең алдымен коммуникативтік іскерлік пен дағдыны дамытады. Тәрбиелік міндеттерді шешуге көмектеседі, себебі балалар топта жұмыс жасауға, бір-бірінің ойын тыңдауға үйренеді. Интерактивті әдіс мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуін өзгертеді, мұғалім белсенділігі, оқушы белсенділігімен ауысады.

Өлең құрастыру әдісі. Бұл жұмысты екі түрлі тәсіл арқылы жүргізуге болады.

а) дайын өлең жолын ұсынып, оқушыларға соны аяқтауды тапсыруға болады.

Мысалы, Ө.Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңінде

«Неткен сұлу , неткен көркем,

Осы менің туған өлкем», - ұсынылған жолдар. т.б.

ә) дайын ұйқастар ұсынылады. Мысалы, «Күз»тақырыбына арнайы төмендегі ұйқас бойынша өлең құрастыру тапсырылады:

байлық,

алдық.


құс біткен

қалдық.


Оқушы тапсырмасының орындалу :

Күз – береке, күз байлық,

Күзде өнім мол алдық.

«Қош» айтысып құс біткен

Кеткен ұшып біз қалдық.

Эссе жазу әдісі. – француз тілінен аударғанда «шағын көлемдегі ойталқы жазу» яғни белгілі бір көріністен алған әсерін, белгілі бір сұрақ төңірегінде ойға түйгенін қағаз бетіне түсіру деген сөз. Эссені жаздыру ойдың сауатты түрде анық қалыптасуына, ой логикасының жүйелі сақталуына көмектеседі.

Эссені қолданудың төрт түрлі жағдайын анықтауға болады:



  1. 30-минуттық (бақылау) өзіндік жұмыс ретінде беріледі;

  2. Жаңа материалды бекіту мақсатында 10 минуттық шығарма түрінде қолданылады.

  3. Сабақ қортындысын шығару үшін және сабақта туған ойларды жазып шығу үшін қоланылады;

  4. Эссені өзіндік шығармашылық тапсырма ретінде, үй жұмысына беруге болады.

Эссе белгілі бір проблемалық сұрақ төңірегінде жеке ұғымдар мен анықтамаларды қолана отырып, оқушыны ойландыруға мүмкіндік береді. Мысалы, мақал-мәтелдерді өту барысында еңбек жайлы мақал-мәтелді өткеннен кейін «Еңбексіз өмір жоқ» тақырыбына жазу. Эссе жазу оқушыға талқылау мәтінін құрастыруды үйретіп, өз ойын байланыстырып жазуға мүкіндік ашылады. Ой қортындысын жасап, пікір білдіру әдеби нормадан ауытқымай, ойды сөзбен байланыстыру, сөзді орынды қолдандауға септігін тигізеді.

Қорыта айтқанда, ана тілі сабағында көркем шығармаларды оқытуда жаңа технологияларды қолданғанда; оқушылар жұппен, топпен, жұмыс жасайды. Көркем шығармаларды оқытуда мұғалімдердің алдында тұрған міндеттері аса маңызды. Сондықтан да, әр бастауыш сынып мұғалімі өз алдында нақты бір бағытты анықтап алған жөн.

Мәселен, оқушылардың ана тілі пәніне деген қызығушылығын дамыту; ана тілі сабақтарында көркем шығармалардың оқытуда сөйлеу белсенділігін арттыру; өтілетін тақырыпқа байланысты оқушыларды өз бетінше мазмұндауға қызықтыру; Мұғалім сабақ өту барысында осыдай әрүрлі әдістер пайдаланса, онда мұғалім өз алдына қойған міндеттеріне жетеді.
ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Ушинский К.Д. Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері. Алматы, 1951-72б.

  2. Мұхтарова М.С. Ана тілі сабағында оқушылардың ойлау қабілетін дамыту//Бастауыш мектеп-2008 №3-24б.

  3. Базарбекова Р.Ж. Бастауыш сынып оқушыларын жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі: дис. п.ғ.к. Алматы, 2008-74б.

  4. Есімбекова Б.О Жаңа педагогикалық технологияларды оқу үдерісінде қолдану//Педагогикалық кеңес -2008 №3-2б.

  5. Дьяченко В.К. Новая педагогическая технология в действии. Начальная школа-1994г.

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада ана тілі сабағында көркем шығармаларды оқытуда жаңа технологиялардың ерекшеліктері қарастырылады.

РЕЗЮМЕ


В этой статье рассматриваются особенности новых технологий на уроках литературы при изучений художественных произведений.


БОЛАШАҚ КӘСІБИ МАМАНДАРДЫҢ ТІЛДІК МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МАҢЫЗЫ
Таубаева Ғ.З. – п.ғ.к., доцент (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Бәсекелестік өмір сүрудің басты шарты болып отырған өзгермелі кезеңде жоғары білім беру жүйесіне қойылатын талаптар да күшейіп отыр. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық дамыту жолдарын, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады», - деп көрсетілген. /1/.

Қоғамдық жаңа әлеуметтік мәдени жағдайында өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беруде өздігімен дербес тиімді педагогикалық жолдарды таба білетін, білімді де қабілетті, ұлттық құндылықтарымыз бабалар дәстүрлерін сақтай отырып, тәуелсіз Қазақстан экономикасын дамытатын білікті кәсіби маман даярлау ісіне деген сұраныс жылдан-жылға өсуде. Бұл міндеттің мәні ұлттық дәстүрлер мен өркениет жетістіктерін сабақтастыра дарытып кәсіби құзіреттілігін арттыратын, әрі патриот, әрі ізгі ұрпақ тәрбиесімен айқындалмақ.

Қазақстан Республикалық Білім туралы Заңында «...білім беру жүйесі міндеттерінің бірі ретінде белсенді азаматттық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық – саяси экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыруы» атап көрсетілген /2/.

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаттарының бірі «дүниеге жауапкершілікпен қарайтын шығармашылықпен ойлауға дағдыланған, мәдениеті жетілген, адамгершілігі мол, білікті мамандардың жаңа ұрпағын қалыптастыру»/3/, шебер сөйлейтін, шешен мамандарды дайындау.

Осы ретте мамандар даярлайтын жоғары оқу орындары алдында үлкен де салмақты міндеттер тұр. Бұл міндеттердің шешімі студенттерге мемлекеттік стандартқа, оқу бағдарламаларына сәйкес ғылым салаларынан білім берумен ғана шектелмей, студенттер болашақ кәсібін терең түсінетін, меңгерген білімін мазмұнды, дәлелді түрде, әдеби тілмен шебер жеткізе алатындай, тіл байлығы мол маман болып шығуы тиіс. Сондықтан, жоғары оқу орнында оқытылатын пәндер арқылы студенттерді өз ойларын жүйелі, түсінікті етіп, шебер сөйлеу үрдісіне дағдыландыру маңызды мәселе болып табылады. Осы тұрғыдан келгенде, болашақ мектепке дейінгі ұйым мамандары терең кәсіби білімімен бірге, шығармашылық ойлау қабілеті жоғары, өз ойын, пікірін жүйелі түрде жеткізе алатын, сөйлеу шееберлігі қалыптасқан маман болуы тиіс.

Мектепке дейінгі ұйымдарда жасөспірімді қоғам талабына сай етіп білім нәрімен сусындатып, саналы тәрбие беретін тәрбиеші - педагогтарды дайындауда. Қазақ мемелкеттік қыздар педагогика университетінің үлесі зор. Балабақшада білімдік-тәрбиелік үдеріс тіл арқылы жүзеге асатындықтан, оны балалар ересектерден, яғни ата - аналар мен тәрбиешілерден үйренеді.

Мектепке дейінгі мекемелердегі оқу-тәрбие үрдісі, яғни балалардың ой-өрісін кеңейту, ақыл-ойын дамыту, мінез-құлқын, адами қасиеттерін қалыптастыру, еркін тәрбиелеудің бәрі тәрбиеші - педагогтың сөзі арқылы іске асырылады.

Балалардың сөздік қоры,сөйлеу мәнері, сөз сарыны ересектерге еліктеу арқылы қалыптасады. Қоршаған өмір тіршілігімен балаларды таныстырып білім беруде олардың нені қай дәрежеде ұққанын, нені есіне сақтағанын байқау, ойыншықпен ,түрлі затпен, оқу құралдарымен, суретпен көрсетіп балаға үйретуде тәрбиеші - педагогтың әбден төселген сөйлеу дағдысы, сөйлеу мәнері, сөздік қоры мен байлығы, тілдік тәсілдер мен сөз шеберлігін дәл орнымен қолдану білуі қажет. Сондықтан, тәрбиеші - педагогтың сөздік қоры бай, тілі орамды, жатық, дыбыстау мәдениеті өрісті де өрелі болғаны дұрыс.

Ендеше, әрбір көркем шығарманы қызығып оқып түсініп, ұғып, әсер алғанда ғана баланың рухани жан дүниесі байып, дамиды. Сонда ғана, көркем әдебиет қоғамдық дамуға бірден - бір әсер етуші әлеуметтік күшке йналады. Сондықтан, мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеші - педагог даярлауда аталған жоғары оқу орындарындағы балалар әдебиет сабағының мақсаты – студенттер көркем шығармалар арқылы балалардың тілін дамыту, оларды инабаттылық пен парасаттылыққа, имандылық пен сұлулыққа, ұлағаттылыққа, мейірімділікке, жомарттылыққа, ізгілікке, эстетикалық сезімдерін, талғамын дамытудағы халық ауыз әдебиеті (мақал - мәтелдер мен жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер мен аңыз әңгімелер, т.б) мен қазақтың ақын -жазушылар шығармаларының тәрбиелік, білімдік мәнін ұғындыру болып табылады. Осындай міндеттерді бала бойына сіңіруде оқу пәнінің алатын орны жоғары екендігін байқаймыз

Жоғары оқу орыдарының дәстүрлі білім беру жүйесінде мамандар даярлаудың басты мақсаты – мамандықты игерту ғана болған болса, ал әлемдік білім кеңістігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті маман дайындау үшін оның құзырлық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну екендігі баршамызға аян.

Ресей ғалымы Н.В. Кузмина «Құзіреттілік дегеніміз – педагогтың басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы» деген /4/ пікір айтса, М.В. Рыжаков: «Компотенция адамның білімі мен практикасындағы іс-әрекеттер арасында болатын қатынас ортасы» деген пікір айтады. Сонымен, құзырлық дегеніміз – адамның өз білімі, біліклігі және дағдылары негізінде нақты кәсіп аясында жоғары сапалы және мөлшерлік еңбек нәтижелеріне жету үшін нақты жұмыс түрлерін білікті атқара алу қабілеті. Қазақстанда құзіреттілікті қалыптастырудың теориялық және практикалық аспектілерін Ш.Х. Құрманалина, Б.Т. Кенжебеков, Г.Ж. Меңлібекова, Б.Қасқатаева, М.В. Семёнова, және т.б. ғалымдар зерттеген. Б.Т. Кенжебеков: «кәсіби құзіреттілік – бұл кіріктірілген іргелі білімдер, адамның қабілеттері мен жинақталған біліктіліктерінің, оның кәсіби маңызды сапаларының, технологияны жоғары деңгейде меңгеруінің, мәдениеті мен шеберлігінің, ұйымдастырудағы шығармашылық әрекетінің, өзін-өзі дамытуға дайындығының бірігуі» десе /5/, Г.Ж. Меңлібекова: «әлеуметтік құзыреттілік – адамның әлеуметтік шындықты құндылық ретінде түсінуінің, әрекетті басқарудағы нақты әлеуметтік білімінің, өзін анықтаудағы субьективтік қабілетінің, әлеуметтік технологияны жүзеге асыру біліктілігінің бірігуі ретіндегі кіріктірілген сапалық қасиеттері» деген пікір айтқан /6/.

Құзырлылық студент атқаратын іс-әрекеттің барлық түріне байланысты емес, ол тек базалық оқу пәндері мен оның негізгі бөліктерімен ерекшеленеді. Сондықтан да білімділік құзырлылықтың қызметін анықтауда оның құрамын білу маңызды болып табылады. Білімділік құзырлықты меңгеруде оқытудың дидактикалық ұстанымдарын жүзеге асыру мақсаты көзделеді, бұл жерде білімділік бағыт жекедаралық іс-әрекет сипат алады. Құзырлықтың ең ірі бөлігі базалық, яғни білім мазмұнының тұтастығы болса, екінші саты түйінді құзіреттілікке білім аясы негізге алынады, пәндік құзырлылық осы нақты тұжырымдалған біліктер бойынша оқушы білімін бағалаудың әр пән бойынша жіктелуі болып табылады. Ал, оларды іріктеу мен нақтылау түйінді білімділік құзіреттілікті құрайтын құндылықты: мәнді, жалпымәдени, оқу - танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік-кәсіптік және дара тұлғаның өзін-өзі жетілдіруге бағытталуы сияқты түйінді негіздер арқылы оқу пәндер бойынша іске асады. Түйінді білімділік компотенцияларды анықтауда сыни ойлауға үйрету жүйесінен туындайтын бағалау категориялары шығады. Бұл жерде студент барлық өмірге қажетті мәселелер төңірегінде өзіндік шешім қабылдай алуы тиіс және шешімдер нақты, дәлелді болуы керек /7/.

Нәтижеге бағдарланған білімді пәндік құзырлылық тұрғысынан қарастыратын болсақ, жоғары оқу орындарында «Балалар әдебиеті» пәні баланың ішкі сезімдері арқылы ойлау, пайымдау, тұжырымдау, тыңдау, түсіну, пікірлесу, т.б. тілдік коммуникативтік қатынастарды жинақтаған пәндік білімдері негізінде өмірлік қажеттілікке айналдыра білуді нысана етеді. Студенттер әдеби білім алу арқылы балалар әдебиетін пән ретінде ғана игеріп қоймайды, ол сол пәндік білім негізінде болмысты танып біледі, одан ақпараттық мағлұматтар алады және сезімдік құндылықтар болып табылатын адами қасиеттерді бойына сіңіре отырып, мәдениетті, салауатты қарым-қатынасқа түседі, ал бұл балалар әдебиетінің білімділік құзіреттілік бағытына әкеледі /8/.

Әлемдік білім кеңістігінде болып жатқан жаңа бағыт, жаңа көзқарастар бүгінгі оқыту жүйесіне нәтижеге бағытталған міндеті жүктеліп отыр.


ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Қазақстан мұғалімі. – Алматы.,2004.

  2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, - Алматы., 2007.

  3. Тілдерді қолдану және дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.- Алматы., 2007.

  4. Кузмина Н.В. Профессионализм личности преподавателя и мастера производственого обучения. М., 1990

  5. Кенжебеков Б.Т. Жоғары оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру. Пед. Ғыл. Докт. Авторефер. Қарағанды, 2005

  6. Меңлібекова Г.Ж. Бастауыш сынып мұғалімдерін дайындаудың кәсіби – дидактикалық құзіреттілігін қалыптастырудың ғылыми – педагогикалық негіздері. Пед. Ғыл. Докт. Авторефер. Астана, 2003

  7. Абдурахманова Г. Коммуникациялық технологиялардың дидактикалық мүмкіндіктері. // Қазақстан мектебі,- Алматы., 2006. №3

  8. Жұмажанова Т.Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. – Алматы., «Білім», 2009

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада болашақ кәсіби мамандардың тілдік мәдениетін қалыптастыруда балалар әдебиеті пәнінің маңызы туралы айтылады.
РЕЗЮМЕ

В статье говорится о роли и значении детской литературы в формировании речевой культуры будущих специалистов.




БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Текесбаева А.М. – п.ғ.к., доцент (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Ғасырлар бойы адамзаттың озық ойлы өкілдерін ойландырған, әлі күнге дейін зерттеулер өзегі болып келе жатқан адам проблемасы - қазіргі күннің де өзекті мәселесі.

Адамдың жеке басының қалыптасу проблемаларына сонау көне заманның ойшылдары да ерекше көңіл аударғандығы белгілі. Адамды танып білудің философиялық бағдарламасы ретінде Сократтың “Өзіңді - өзің тани біл” немесе ғұлама бабамыз Қожа Ахмет Яссауидың “Өзіңді танығаның хақты танығаның”- деген қанатты сөздерімен қысқаша тұжырымдауларын ескеруге болады. Аристотель философиясының “Этика” бөлімі түгелдей адамдық проблемаларды қарастырып, оларға талдау береді. Ал француздың атақты философы Д.Дидро адамды жер бетіндегі мәдениеттің бар жетістіктерінің бірден-бір жасаушысы деп қарап, ең жоғарғы құндылық деп есептеген.

Қазақтың данышпан ақыны Абайдың негізгі зерттеу объектісі – адам. Сол адамның этикалық, эстетикалық бет пернесі, арман мақсаты, өмірінің мәні мен түйсігі, болмысы мен ұлттық ойлау ерекшелігі ұлы ойшылды терең тебіреністерге түсірген. Ол былай дейді:

“Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,

Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес

“Мені” мен “менікінің” айырғанын

“Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес….”

Адам проблемасы, оның дүниетанымы, қоршаған ортамен қарым- қатынасы, адамның өмірі мен тұрмысының мәні философиялық негізгі өзегін, басты проблемасын құрайды.

Бүгінгі таңда еліміздің ғалымдары тұлғаның рухани феноменін зерттеуді жалғастыруда.

Педагогика бала дамуына ықпал ететін факторларға: тұқымқуалаушылықты, әлеуметтік ортаны және тәрбиені жатқызады. Оның шіндегі жеке тұлғаны дамытудағы бастысы – тәрбие деп көрсетеді. Д.Локк тәрбиенің шешуші рөлін мойындай келіп, адам тәрбие арқылы жетіледі деп, бала жанын ақ тақтаға теңейді.

Қазақ педагогтарының ішінен Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев, Е.Сағындықұлы, С.Қ.Қалиев т. б. оқушылардың дамуы туралы зерттеулерінен нәтиже тапқан. Ғылымда даму туралы шетел зерттеушілері Л.Термен, Э.Геккель, Ф.Мюллер. И.Шванцара елеулі із қалдырды.

Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда тәрбие мәселесіне мән берген ағартушыларымыздың еңбегі өте көп. Көптеген педагогика оқулықтарында дүниетанымға адамның табиғат пен әлеуметтік ортаны түсініп білуін, онымен дұрыс қарым-қатынас жасау іс-әрекетінің бағытын бейнелейтін көзқарастардың бірыңғай жүйесі деген анықтама беріледі.

Ғылыми зерттеудің нәтижесі, педагогикалық ғылыми еңбектерде дүниетанымның құрылымдық компоненттерінің 4 түрінің бар екенін көрсетіп жүр. Олар: 1) білім 2) сенім 3) адам мұраты 4) дүниетаным.

Дүниетаным құрылымының компоненттері жайлы Ж.Б.Қоянбаев та осындай пікірде. Ол балалардың жас ерекшеліктеріне және күрделі дүниетанымдық ұғымды игеру қабілетіне қарай бастауыш, орта, жоғары мектеп жасындағы оқушылар қандай дүниетанымдық ұғымды меңгеруі керектігін саралап көрсетеді. Оның ішінен бастауыш сынып оқушылары дүние, табиғат құбылыстары, адамның табиғатпен өзара әрекеттесуі, қоғамдағы оның іс-әрекеті туралы ғылыми білімнің бастапқы негіздерін игереді. Оқыту мен тәрбие процесінде Отан, халық, бейбітшілік туралы түсінігі қалыптасады деген ой-тұжырым жасайды.

Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде дүниетаным мәні мен оның қалыптасу процесін шешу туралы пікірлер мен көзқарастар сан алуан. Педагогикалық әдебиеттер ғылыми дүниетанымды қалыптастыруға байланысты жүргізілетін жұмыстарда оқушылардың жас ерекшелігін ескерудің маңыздылығын аңғартады.

Оқыту барысында ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың мәселелері бойынша педагогикалық және психологиялық әдебиетте маңызды бірнеше сұрақтар бөлінеді: дүниетанымды қалыптастыруда білімнің ролі; білімнің сенімге айналу жолдары мен мәні; оқу үдерісінде дүниетанымдық міндеттерді шешу үшін оқушылар позициясының мәні; дүниетанымды қалыптастыруға оқушылардың жас ерекшелігінің әсері; оқушыларда дүниетанымды қалыптастыру үшін қажетті жалпы және ерекше жағдайлар.

В.А.Сухомлинский, Э.И.Моносзон, И.Я.Лернер, Г.И.Щукина, И.В.Сысоенко, А.Т.Кинкулькина, З.И.Равкина т.б. педагогтар еңбектерінде ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың жалпы педагогикалық және дидактикалық жағдайына байланысты маңызды мәселелер зерттеледі.

Дүниетанымдық білім туралы К.Д.Ушинский: “Әрбір сыныптан, ең кіші сыныптан бастап оқушылардың жасына қолайлы өзінің жинақталған көзқарасы болуы керек….Әрбір жыл сайын бұл көзқарастың тереңдетілуі, кеңеюі, толықтырылуы тиіс”, - деп тұжырымдайды.

Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру - ұзақ үдеріс болып табылады. Оның нәтижелігі оқу-тәрбие жұмысының мақсатылығына байланысты болмақ. Дүниетаным бастауыш сынып оқушыларын дүниені диалектика заңдылығына сай тануға, өзгертуге, ғылыми тұрғыдан түсіндіруге мүмкіндік береді. Ол оқушыларды ғылыми әдіснамамен және ойлау тәсілдерімен қаруландырады. Дүниетаным қоғамдық сананың барлық формаларына, дүниеге қатынасын анықтайды. Ол ғылыми білімдердің жүйесіне негізделеді.

Бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың маңызды алғы шарттарының бірі – нақты деректерге негізделген білімді меңгеру. Ғылыми дүниетанымның негізделетін іргетасы - ғылыми білім. Ғылыми білім жеке тұлғаны қалыптастырудың және дүниені танып білудің тірегі болып табылады. Білім неғұрлым ғылыми, терең, нақты деректерге негізделген болса, соғұрлым оқушының табиғат пен қоғам дамуының объективтік заңдылықтары туралы түсінігі жинақталып, объективтік дүние құбылыстарын ғылыми тұрғыдан түсінеді. Білім объективті дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірибесі. Білім арқылы адам табиғаттың, қоғам құбылыстарының объективті жақтарын зерттеп, түсінеді. Бұл жайлы С.М.Торайғыров бізді қоршап тұрған дүние сыры мол, үлкен дүние, бірақ оны тануға әбден болады деп, мүнда ғылымның алатын орнын ерекше екендігін былайша түйеді:

Зерттесе де адамға білмейтін ғып,

Дүние ешбір сырын жасырмаған…

Әлемдегі терең сыр

Ғылыммен ғана ашылмақ,

немесе Абай: “…адамды, қоршаған ортаның, табиғаттың ішкі сырын білім, ғылым арқылы білуге болады”- дейді.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің басты міндеті – оқушыларға тек белгілі бір білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оларда адамзаттық позицияларды, құндылық бағдарды қалыптастыратын дүниетанымды қалыптастыру. Дүниетанымды қалыптастыру өсіп келе жатқан жас ұрпақты тәрбиелеудің, қиындықты жеңе білуде дайын болуға тәрбиелеудің қажетті шарты болып табылады. Бүгінгі нарықтық заманда дүниетаным мәселесі – білім берудің ең жоғарғы мақсаттарының бірі болып отыр. Еркін елдің ертеңгі кемеңгерлерін ұлттық игіліктер мен адамзаттың мәдени мұраларының сабақтастығын сақтап, олардың дүниетанымының жан-жақты болуына жағдай жасау - кезек күттірмейтін мәселе.


ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада. бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық негіздері қарастырылады.


РЕЗЮМЕ

В статье рассматриваются педагогические основы формирования научного мировоззрения учащихся начальных классов.




ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДАҒЫ ТІЛ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Текесбаева Р.М. - № 19 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі (Алматы қ.)
Тіл дамыту жұмыстарының негізгі мақсаты - өзге тілді жастардың өз ойын қазақ тілінде ауызша не жазбаша түрде толық жеткізуге, қазақ тілінде сөйлеген сөзді жақсы түсінуге үйрету. Орыс тілді сыныптарда қазақ тілін оқытудың алғашқы кезеңінде оқушылардың ауызша сөйлеу мәдениетін дамытуға баса көңіл аударылады.

Оқу тілі орыс тілінде жүретін сыныптарда тіл дамыту жұмысына мынандай талаптар қойылады: тіл дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру; тіліміздегі сөздерді орфоэпиялық ережелерге сай айта білуін қалыптастыру; сөздерді дұрыс байланыстырып, өз ойын дұрыс, жүйелі жеткізе білуге үйрету, т.б.

Орыс тілді сыныптарда ауызша тіл дамыту жұмыстарына баса назар аударылады. Мұғалім әр оқушының ауызша жауабын тыңдай отырып, оның қандай қате жібергенін анықтап, сол қателерді жою мақсатында түрлі жұмыстар жүргізуі тиіс. Әсіресе, мәтін мазмұнын қысқаша әңгімелету, мәтінге ауызша жоспар жасату, сөйлем құрастыру, белгі адамдар өмірі мен шығармашылығы туралы ауызша немесе жазбаша әңгімелету, т.б. жұмыс түрлерін жүйелі түрде жүргізіп отыру қажет.

Оқушының сөздік қорын дамыту, грамматикалық дағдыларды қалыптастыру, дыбыстарды дұрыс айта білу, сөз тіркесін құрастыра білу қабілеттерін дамыту – байланыстырып сөйлеуге үйретудің шарты. Бұған Ы.Мамановтың: «Сөздердің бір-бірімен байланысып, сөз тіркесін құрауда грамматикалық формалардың басты рөл атқаратынын, ендеше грамматикасыз тіл үйрету мүмкін емес ...», - деген тұжырымы дәлел бола алады.

Оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру олардың дұрыс жазу дағдысын меңгеруіне негіз болады. Оқушыны қазақ тілінде сөйлеуге үйретуді тілімізге тән дыбыстарды меңгертуден бастаған жөн. Қазақ тіліне тән дыбыстардың емлесін меңгерген оқушы тіліміздегі сөздерді дұрыс айтып, жаза білетін болады. Тілімізге тән дыбыстарды жекелей айтқызу арқылы кез келген сөз құрамында осы дыбыстардың дұрыс айтылуын меңгертуге дайындаймыз. Қазақ тіліне тән дыбыстарды өткенде жаңа сөздерді меңгертіп отырамыз. Бұл қазақ тілінің фонетикасын оқып үйренудің лексикамен тығыз байланысын айқындайды.

Қазақ тілінде дұрыс сөйлеуге үйретудің басты шарты – үндестік заңын меңгерту болып табылады. Дыбыстардың өзара тіркесу заңдылықтарын, сөздердің байланысу жолдарын білмей тұрып, сөйлем құрату мүмкін емес.



Оқушылардың қазақ тілін меңгерту үшін мынандай жұмыстарды ұйымдастыру тиімді:

  1. Фонетика, лексика, синтаксис мәселелерін салыстыра отырып, ережелерді меңгерту.

  2. Сабақта сұрақ-жауап әдісін жиі қолдана отырып, оқушылардың қазақша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға тырысу.

  3. Мәтінмен жұмыс. Мәтін бойынша жұмысты түрлі жолмен өткізуге болады:

  • мәнерлеп оқыту;

  • түсінуге қиын сөздердің мағынасын ашу;

  • мәтіннен жаңа сөздерді тапқызу, олардың айтылуы мен жазылуын, мағынасын меңгерту;

  • мәтін бойынша сұрақтар қойып, оған жауап алу;

  • мәтінге тақырып қойғызу;

  • мәтін бойынша жоспар жасату;

  • мәтін мазмұнын әңгімелету;

  • мәтін мазмұны бойынша оқушыларға сұрақ дайындату, т.б.

  1. Жаттығу жұмысы. Жаттығу – грамматиканың теориялық курсы бойынша білімді бекіту мақсатындағы оқушының белгілі бір оқу тапсырмасын орындауы. Сыныпта орындалатын жаттығулар алуан түрлі болып келеді. Әсіресе, түсірілген сөздерді табу, сөйлемдерді өзгерту, сөйлемді аяқтау, сөйлемді кеңейту, сөйлемді тарылту, көп нүктенің орнына тілдік тұлғаларды қою, сурет бойынша әңгіме құрастыру, сөйлемді толықтыру, т.б. жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың қазақша сөйлеу қабілеттін дамытуға болады. Мұнда оқушылардың грамматикалық материалдарды бағдарламаға сай меңгеру, сөздерді ауызша сөйлеу барысында дұрыс қолдануы үшін тілдік тұлғалардың қолданылу заңдылықтарын білуі қажет. Грамматиканың заңдылықтарын меңгеріп, оны сөйлеуде қолдану арқылы тиянақты ойды білдіруге болады. Алайда грамматиканың заңдылықтарын жатқа білгенмен, оны сөйлеуде қолдана алмаса, ол тіл білгенге жатпайды. Сөйлемді толықтыру жаттығуларында берілген сөздерден сөйлем құрату, әр сөздің мағынасын орысша, қазақша түсіндіру, дәптерге, тақтаға жаздыру жұмыстары жүргізіледі.

  2. Қайталау – тіл үйретудің негізгі шарты. Сабақ барысында меңгерген сөздерді қазақша көбірек қайталату, сөйлетіп жаттықтыра беру қажет. Сөздерді жиі қайталату сол сөзді ұмытпау үшін керек. Мұндай жұмыс түрінде орыс тілінде жеке сөзді атап, қазақ тіліндегі аудармасын оқушыларға айтқызу арқылы тексеруге болады.

  3. Мәнерлеп оқу немесе жаттау. Белгілі бір мәтінді, сөйлемді мәнерлеп оқыту тілді меңгертуге септігін тигізеді. Өлеңдер, жұмбақтар мен мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар жаттатудың да маңызы зор.

  4. Жаңа сөздермен жұмыс тіл дамыту барысында ерекше орын алады. Оқушы әр сабақ барысында белгілі бір мөлшерде жаңа сөздерді меңгеруі тиіс.

оқушылардың тілді белсенді меңгеруі үшін ол сөздерді ауызекі сөйлеу тілінде қолдануы керек. Сабақ барысында сөздерді жеке дара емес, белгілі бір жағдайға байланысты тақырып аясында қолдануға мүмкіндік жасалуы тиіс. Ахмет Байтұрсынұлының: «Тіл дамыту мәселесі тек қана грамматика заңдарына үйреніп, не болмаса, сөздерді балаға үйретіп қана емес, сөзді тіршілігінде көрсету барысында ғана шешуге болады», – деген тұжырымы бұған дәлел бола алады.

Сөздік қордың жүйелі болуы тақырыптың дұрыс таңдалуымен тікелей байланысты. Тақырып аясына тиісті сөздерді топтау басқа ұлт өкілдерінің қазақ тіліндегі сөздік қорын арттырып, бір-бірімен осы тілде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді.

Сонымен қатар жеке сөздің өз бойындағы бар мүмкіндігін толық бере алмайтындығын үнемі ескерген жөн. Тіліміздегі лексикалық мағынасы бар сөздердің өзін бір ғана мағынамен шектеуге болмайды.

Сөздердің тура және ауыспалы мағынасын, көп мағыналы сөздерді, омоноим, синоним, антоним сөздерді меңгерту олардың қазақша сөйлеу тілінің қалыптасуына, өз ойларын нақты, жүйелі, әсерлі жеткізе білуіне ықпалын тигізеді.

Білім беру саласындағы түбегейлі өзгерістер елімізге қазақшаға жетік, сауатты, білікті мамандар қажет екендігін көрсетіп отыр. Сондықтан тіл үйретудің тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруымыз керек.
ӘДЕБИЕТТЕР

1. Маманов Ы. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту. Алматы, 1980



  1. Текучев А.В. Методика преподавание русского языка. М., 1980

  2. Байтұрсынұлы А.Тіл тағылымы. Алматы, 1989

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада қазақ тілі сабақтарында оқушылардың тілін дамыту жолдары қарастырылған.
РЕЗЮМЕ

В статье рассматриваются методы обучения русской аудиторий казахскому языку.


12 ЖЫЛДЫК ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МАКСАТЫ МЕН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕРІ


Шарипходжаева Ж.Б. - аға оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
12 жылдық білім берудің басты максаты: Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін~өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

Білім берудің күтілетін нәтижелері белгіленген мақсатқа сәйкес мектеп түлегінің негізгі құзырлылығы төмендегіше аныкталады:

Құндылықты-бағдарлы құзыреттілік - оқушының қоршаған ортаны бірдей қабылдайтын кабілеті, жоғары әдептілік. кұндылықтар негізіңде жасампаз коғам өмірінде өзінің рөлін таба білу біліктілігі, азаматгылығы мен елжандылығы. Бұл құзыреттілік өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай білу білігін қамтамасыз етеді. Ең бастысы, өзінің Отаны Қазақстан патриоты болу, азаматтык, белсенділігін көрсету, саяси жүйені түсіну, болып жатқан әлеуметтік жағдайларға баға бере білу.

Мәдениеттанымдық құзыреттілік — жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әреқет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдік мәдениет негіздерін, этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну. Өзі халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсінуге және бағалауға мүмкіндік беретін мәдени-демалыс кызметін тиімді үйымдастыру тәсілдерін игеру; рухани келісім мен толеранттылық идеяларына бейім болу.

Оку-танымдык құзыреттілік — окушының зерттеу әрекеті мен езіндік оку-танымдық процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық. Бұл құзырет өзінің білімділік қызметін ұйымдастыра білуді, тиімді жоспарлай білуді, сәйкес функционалдық сауатгылық талаптары негізіндегі білімді игеруде әлемнің ғылыми бағытын түсінуге ізденушілік - зерттеушілік әрекет дағдыларын игеруге мүмкіндік беретін өзінің әрекетіне талдау және қорытынды жасау тәсілдерін карастырады.

Коммуникативті құзыреттілік — адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жүмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады.

Ақпараттык-технологиялык құзыреттілік — бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, талдай, тандай білу, өзгерте білу, сақтай білу, білім мен акпаратты акпараттық технологиялар мен техникалык объектілердің көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу және интерпретациялау білігі.

Әлеуметтік-еңбек қузыреттілік отбасылық, еңбек, экономикалық, саяси, қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық тәжірибе мен білімге ие болуды білдіреді. Бұл құзырет әлеуметтік қоғамдық жағдайларға накты талдау жасай білуді, шешім қабылдай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүдде сіне сәйкес ықпал ете білуді қарастырады.

Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілік. Бұл құзырет отбасылық, енбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық қызмет білімі мен тәжірибесінің болуын білдіреді. Құзырет нақты әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға таддау жасай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда {өзінің мүмкіндігін нақты перспективалық жоспарлаумен салыстыра білу және қызметін өзіндік кадір-касиет сезімімен үйымдастыра білу, өзінің өмірі мен ісіне жауапты карау) жеке және коғам пайдасына сәйкес шешім қабылдауды және ыкдал етуді қарастырады.

12 жылдық жалпы орта бідім берудің құрылымдық-мазмүндық моделі төмендегі ұстанымдар негізінде үйымдастырылды:



  • жеке түлғаның жас кезендерінің ескерілуі;

  • күтілетін нәтижелердің жетістіктеріне бағыттылығы;

  • окытудың сабақтастығы;

  • әрбір окыту сатысының даралығы.

12 жыддық білім беру жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру денгейі ерекше мәнге ие болып отыр. 5 жастағы балаларды мектепалды даярлау олардың психологиялык, педагогикалык, дене және физилогиялық талаптарын ескере отырып, бастауыш мектепке окытуға дайындау сапасының басты жағдайы ретінде жүзеге асырылуы тиіс.

1-саты


Жалпы орта білім беру (1—4-сыныптар)

Оқуды бастау жасы — 6 жас

Оқыту ұзақтыгы — 4 жыл

1-сатыдағы негізгі бағдар — окушының өзін-езі таныту мүмкіндігі мен қоршаған ортасының шынайылығы туралы білімді игерудегі даралығын ашу, оқуға талабын және білігін қалыптастыру, яғни окытудың келесі сатыларына қажетті танымдық қызығушылы-ғын арттыру, кіші жастағы окушылардың біртұтас оку әрекетін қалыптастыруға ықпал ету.

Баланың тұлғалык қалыптасуын, оның қабілеттерінің түтастай дамуын қамтамасыз ету. Бастауыш мектепте кажетті біліктер мен дағдыларды игеруге, оқу, жазу, санау, шы-ғармашылықпен ойлау элементгерінің, жеке гигиенасы мен денсаулығын сақтау негізде-рінің болуына ыкпал ететін оку әрекетін ұйымдастыру.

2-саты


Жалпы орта білім беру (5—10-сыныптар)

Оқыту ұзақтыгы — 6 жыл

2-сатының негізгі бағдары — негізгі жалпы білім алуға жағдай жасау, адамдар арасындағы және этносаралық катынастар мәдениетін, тұлғаның біртүтас көзқарасын, өзін-өзі анықтауын қалыптастыру, тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыру тетіктерін, кәсіби және танымдық ой-пікірінің туындауына, теориялық ойлау тәсілдері мен ғылыми таным әдістерін игеруіне ықпал ететін оқу әрекетін ұйымдастыру.

Негізгі мектеп оқытуды бейіндік мектепте немесе кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарында жалғастырудың базасы болып табылады.

Бүл сатыныд ерекшелігі оқушының мектептегі үшінші сатыдағы бейіндік окытуға саналы тандау жасауға бағдар көрсететін бейіналды дайындықтың жүргізілуі болып есептеледі.

3-саты


Жалпы орта білім беру (11~12~сыныптар)

Оқыту ұзақтыгы —- 2 жыл

Үшінші сатының бағдары — жалпы орта білім берудің сонғы кезеңі болып табылатын, окытудын саралануы мен даралануына, окушылардын білімін жалғастыруға қатысты жеке және өмірлік өзін-өзі танытуына ыкпал ететін талабымен, кызығушылык ниетімен сәйкес әлеуметтендіруге бағдарланған бейіндік окытуды іске асыруға жағдай жасау.

Бейіндік окыту жаратылыстану-математикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және технологиялық бағыттар бойынша жүзеге асырылады.

Бейіндеу (профилизация) нысандары мектептің педагогикалық әлеуетін, білімдік инфрақұрылымының мүмкіндігін, облыстың, каланын, ауданның сұранысын ескере отырып аныкталуы тиіс.

Бейіндік оқытуды іске асыру жалпы білім беретін мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы мектептерде жүзеге асырылады.

Материалдык-техникалық жағдайын, кадрлық әлеуеті мен оку-әдістемелік камтамасыз етуді ескере отырып, үшінші сатыдағы бейіндік окыту төмендегі үйымдастыру ны-сандары бойынша карастырылады:

Бір бейінді мектеп —бір бейінді оқытуды іске асыру.

Көп бейінді мектеп — бірнеше бейінді оқытуды ұйымдастыру.

Жалпы білім беретін мектептердегі, гимназиялардағы, лицейлердегі, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердегі бейінді окыту сыныптары.

Өңірлік ресурстық орталық — материалдық және кадрлық әлеуеті жеткілікті,басқа мектептер бейіндік окытуға пайдалана алатын ресурсы бар білім беру ұйымы. Ресурстық орталықтар ЖОО (жоғары оку орындары), колледждер немесе білім беру орталықтары жанынан үйымдастырылуы мүмкін. (Ауыл мектебі жағдайындағы ауылдық ресурстык орталык — айналасындағы мек-тептердің материалдық-техникалық, оку-әдістемелік және кадрлық әлеуетін кіріктіре алатын ауылда толықканды база мен бейіндік окытуды қамтамасыз ете алатын, куатты білім беру үйымдарының бірлестігі.)

Сырттай оқытатын және кешкі мектептер еліміздің ЖОО, облыстык БАИ жанынан ашылған бейіндік мектептер мен ресурстық орталықтардың базасында жүзеге асырылады.

Ауылдық жер жағдайында шалғай ауылдан келетін оқушылардың тұруына мынадай жағдайлар жасалады:


  • ауыл оқушыларына арналған бейіндік окытудың барлык түрі ұсынылған мектеп-интернат;

  • интернат типіндегі пансионат — шағын комплектілі ауыл мектептерінен келген оқушыларды тандаған бейіндеріне немесе ресурстық орталықтарына карай аудан орталықтарындағы орта мектептерде жүзеге асырылады.

  • 12 жылдық мектептегі білім беру процесінің моделі түрлі деңгейлі вариативті білім беру мазмұны негізінде және оқытудың репродуктивтілігі мен шығармашылык тех-нологиялары үйлесімді кабысқан мұғалім мен окушының ынтымақтастығы негізінде қалыптастырылуы тиіс.

12 жылдық мектепте окытуды ұйымдастыру жалпы дидактикалық ұстанымдармен бірге шешуші мәні бар мынадай принциптерге ие болады:

  • жеке тұлғаның жас және психофизиологиялық даму ерекшелігінің ескерілуі;

  • күтілген нәтижеге жетуге бағдарлығы;

  • ашықтығы;

  • интерактивтігі.

Нәтижеге бағдарланған білім беру моделінде оқыту оқушы (үйрену) мен мүғалімнің (оқыту) өзара байланыс әрекетіне әр оқу процесі компоненттерінің мақсаттарын шектеуді талап етуді мақсатты ұйымдастырылған болып табылады.

Мүғалім кызметінің мақсаты (окыту):



  • білім беру саласының пәндік және негізгі (ключевых) максаттарын ескере отырып, оқу процесінің накты мақсаттарын жобалау;

  • оқу процесін оқу материалдарын игеруді ұйымдастыру бойынша міндеттер кешенін шешуге бағдарланған білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес конструкциялау;

  • оқу материалдарын даярлау және оку мақсаттарына сәйкес оқытуды ұйымдастыру;

  • оқу процесін жобалауға және іс жүзінде іске асыруда акпараттық ортаның әлеуетін пайдалану;

·- оқушының оку материалын игеруінің тұлғалық-әрекеттік бағыттылығын реттеу;

  • окушының озық дамуын ұйымдастыру үшін толыққанды жағдай жасау (дамудың жакын зонасына жетуі);

  • құзыреттілік түрінде жеке қол жеткізген нәтижелеріне жағымды эмоция туғызу,

қолдау көрсету және психологиялық жағымды орта күру;

  • оқушының өзінің алған білімін қолдана білудегі жеке тәжірибесі мен өзін-өзі анықтау, өзін таныту, өзіндік білімін көтеруге дайындығы бойынша білім алу кеңістігін кеңейту мүмкіндіктерін қарастыру;

  • ағымдағы нәтижелерді бағалау, қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған оқытуды уакытында түзету;

  • Оқушы қызметінің мақсаты (үйрену):

  • жеке білім беру траекториясын қоя білуге берілген мүмкіндікті қолдану (оқу материалын игеру деңгейі, карқыны);

  • әрекет ету әдістерін, тәсілдерін, біліктілігін оку мен әлеуметтік кұзыреттіліктің құрамдық бөлігі ретінде игеру;

  • оқу жағдайларын шешуге немесе кұзыреттіліктің пайда болуына арналған жұмыстардың әдістері мен тәсілдерін, біліктері мен дағдыларын кіріктіру;

  • жалпы орта білім беретін мектептегі білім беру мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы (оқулықтар, оқу-

әдістемелік әдебиеттер, мультимедиялық бағдарламалар, қашықтан оқыту технологиялары, интернет желісі және т.б.) берілген мүмкіндікті қолдану.

Осы Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты орындаушылар 12 жылдық білім беру проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы, Білім беруді ақпараттандырудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы, "Оқулық" республи-калық орталығы, Білім беру жүйесіндегі басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыратын республикалық институты, білім беруді баскару органдары мен оған қарасты үйымдар болып анықталды.


ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада 12 жылдык жалпы орта білім берудің максаты мен күтілетін нәтижелері туралы айтылады.


РЕЗЮМЕ

В статье говорится о целях и ожидаемых результатах 12 летнего общего образования.




Каталог: attachments
attachments -> Формирование профессиональных умений и навыков
attachments -> Қазақ мемлекеттік қыздар
attachments -> ҚазақТҰтынуодағЫ
attachments -> История финансовой науки и ее развитие в России
attachments -> Актуальные проблемы международных отношений
attachments -> Ұлы баба есімі дәріптелді  Жаңа кітап баспадан шықты  Кітап тұсаукесеріне әзірлік
attachments -> Биография великого инструмента
attachments -> Урок музыкальной литературы в 5-м классе. Тема урока: И. С. Бах. Органное творчество
attachments -> «Найрозумніший» 8 клас І тур
attachments -> Програма за развитие на читалищната дейност в община пещера за 2016 година


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет