Байланысты: аза мемлекеттілігі эволюциясыны тарихи бастаулары, кезе дері
83. «Қазақстан-2050 бағдарламасын іске асыруда «Нұр Отан. Болашақ жолында» ХДП Стратегиясы.
Құжат «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру да билік партиясының XXI ғасырдағы рөлін, көзқарасы мен орнын қамтамасыз ететін жүйеленген іргелі бағдарлама. Осы мақсатта партия өз қызметін басты жеті бағытқа шоғырландырып үлгерді. Доктринаны дайындау бойынша мәжілістерге партия Саяси кеңесінің мүшелері, Парламент депутаттары мен көрнекті қоғам қайраткерлері қатысты. «Партия конституциясы» деп айдар таққан көптеген сарапшылар ойларына сай, аталған құжаттың келешегі осы азаматтар қолында болды. Еліміздің жарқын болашағы бейнеленетін бағдарламада қазақстандық қоғамның төмендегі негізгі бағыттарына басымдық берілді: еңбек ету құқығы, ынтымақтастық, отбасы құндылықтары және т.б. Доктрина Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы басым бағыттарды жүзеге асыруда қазақстандықтарды жұмылдыратындығына күмән жоқ. Сондықтан жаңа тұжырымдаманың негізгі қағидалары философиялық-дүниетанымдық саяси құжат екендігін танытып отыр. Жаңа құжатта жаңа қазақстандық патриотизм бағыттарына басым назар аударылған. Бұл – аса маңызды мәселе. Өйткені, жаһандану дәуірінде ұлттық-мәдени құндылықтардың әлсіреу қаупі бар кезде және жаһандық құндылықтар салмағы артып тұрған тұста патриотизм белгілерін пысықтау қажет екені анық. Қазіргі қоғамда орын алып жатқан трансформациялық үдерістер патриотизм мен оның мазмұнына өзгерістер енгізгендігін баршамыз білеміз. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында жаңа қазақстандық патриотизм – көпұлтты және көпконфессиялы қоғам табысының негізі екендігін атап көрсеткен болатын. Бұл бағыттағы басты мақсат қоғамдық келісімді сақтау және нығайту болып табылғандықтан, мемлекет, қоғам, ұлт ретіндегі өмір сүрудің айнымас шарттарын үнемі дамытып отыруға тиіспіз. Жалпы, патриотты тәрбиелеу – отбасы, ұжым, мектеп, қоғамдық ұйымдар секілді әлеуметтік ортаның нысандарының объективті факторларының ықпалы мен индивидтің рухани-тәжірибелік қызметінің субъективті шарттарында орын алатын әлеуметтік үдеріс. Патриотизмге тәрбиелеу жұмысы – мемлекеттілікті бекітудің және еліміздің қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ететін негізгі шарттардың бірі. Сондықтан Елбасы Жолдауындағы басымдықтар еліміз үшін бейбітшілік, тұрақтылық пен өсіп-өркендеудің «алтын ғасыры» кезеңінде көздеген мақсаттарға міндетті түрде жеткізетіндігіне және жаңа Доктрина стратегиямен қатар 2050 жылға дейінгі даму идеологиясы болатынына Қазақстан халқы үлкен сенім артады.